| Қазақ тілі 4- сынып | |
| Сабақтың тақырыбы: | Табыс септік |
| Сілтеме: | оқулық |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі. Табыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын және өзіндік ерекшелігін меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі. Табыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын және өзіндік ерекшелігін меңгереді және салыстырады. Кейбір оқушылар: Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі. Табыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын және өзіндік ерекшелігін меңгереді, салыстырады. Сурет бойынша мәтін құрастырып, мәтінде табыс септігіндегі сөздерді қатыстырады, дәлелдейді. |
| Құндылықтарды дарыту: | Балалардың таным қабілеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін дамыту. Топта ынтымақтастықта бір-бірін сыйлап тыңдайды.. |
| Бағалау критерийлері: | Табыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын біледі. Сөйлемнен табыс септіктегі сөздерді таба алады. Басқа септіктерден ажырата алады. Табыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болатынын біледі. Зат есімдерді табыс септігінде септеп сөйлем құрай алады. Сурет бойынша мәтін құрастырып, мәтінде табыс септігіндегі сөздерді қатыстырады және салыстырады. |
| Тілдік мақсаттар: | Кітап, арыстан, білезік, бала. |
| Қолданылған әдістер мен тәсілдер: | СТО, Диалогты оқыту, «Тікелей эфир», «Топтастыру », «Әуе шары», «Сауат-тылық хаты», «Ассоциация», «Ұшақ», «Екі жұлдыз және тілек», «Темпера-тураны өлшеу», «Өзін-өзі бағалау», «Топтық бағалау», «6 ойлау қалпағы». |
| Сабақтағы жұмыс түрлері: | |
| Пәнаралық байланыс: | Әдебиеттік оқу |
| АКТ қолдану дағдылары: | Слайд, бейне жазба. |
| Бастапқы білім: | Зат есімнің септелуі, барыс септік. |
| Сабақ барысы: |
| Сабақтың өтілетін уақыты | 40минут |
| Сабақтың басы: |
| Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут) | 1. Сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару 2 . Ынтымақтастық атмосфера құру 3 . Атау, Ілік, Барыс, Табыс септігінің сұрқтары арқылы топтасады. (Кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Қайда? Кімді? Нені?) |
| | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Қызығушылықты ояту: (3 минут) | «Тікелей эфир» әдісі бойынша : Өткен сабақтарды қайталау мақсатында Балнұр, «бейне жазбадан» өзінің дайндаған сұрақтарын қояды. 1. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды не деп атайды? (септік жалғаулары) 2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7) 3. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін не дейді? (зат есімнің септелуі) | Ламинатталған парақшаларына сұрақтардың жауаптарын жазады. Осылайша, өткен сабақтан алған білімдерін қорытындылайды. (әр дұрыс жауап 1 баллмен есептелінеді) ЖЖ |
| Сабақтың ортасы: |
| Білу: Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмасы: (5 минут) | «Ой шақыру» Ойын: Ата мен әженің өз заттарын жинап бер. 48-жаттығу. Оқытып, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олар қай септікте тұрғанын айт. Табыс септік жалғауы-ның астын сыз. Айжан кітапты көп оқиды. Оқушылар қысқы демалысты қызықты өткізді. Әкесі Әселді мұражайға апарды. Шекараны шекара-шылар күзетеді. Ұшқыш ұшақты ұшырыды. | Сабақтың тақырыбын ашады, табыс септігі қандай сұраққа жауап беретінін және жалғауларын табады. ЖЖ Тапсырманы дәптерде орындайды. Оқушылар дәптерден оқып, олардың қай септікте тұрғанын айтады. |
| Түсіну: Ақпараттық ізденіс тапсырмасы: (3 минут) | «Топтастыру » әдісі бойынша: «Температураны өлшеу» әдісі арқылы оқушы-ларға бағыт беріледі. 50-жаттығу. Сөздерді оқып, белгілеріне қарай топтап, бір-бірінен айырмашылығын табу. | Сөздерді оқып, белгілеріне қарай топтайды. Неге олай топтағандарын дәлелдеп, табыс септігіндегі сөздерді басқа септіктерден ажырата алады, айырмашылығын таба алады. (постермен жұмыс) ТЖ Септіктер бойынша топтастырады. Атау, Ілік, Барыс, Табыс «6 ойлау қалпағы» арқылы өз ойларын білдіреді. |
| Қолдану: Терең ойлау тапсырмасы: (5 минут) | «Ұшақ» әдісі бойынша: 52-жаттығу. Берілген сөздерді табыс септігіне қойып сөйлем құрайды, табыс септігіндегі сөздер қай сөзбен байланысып тұрғанын тауып, кестені пайдаланып пікірлерін дәлелдейді және атау септікте тұған зат есімдерді үш тілде (қазақша-орысша-ағылшынша) айтады. І топ ІІ топ ІІІ топ ІҮ топ Кітап, арыстан, білезік, бала. | Зат есімдерді табыс септігінде септеп, сөйлем құрай алады. Табыс септігіндегі сөздер қай сөзбен байланысып тұрғанын табады, кестені пайдаланып пікірлерін дәлелдейді. ТЖ «Екі жұлдыз және тілек» арқылы бағалайды. |
| Талдау: Шығармашылық тапсырма: (3 минут) | «Әуе шары» әдісі бойынша: 53-жаттығу. Берілген үй бұйымдарының атауларына табыс септігінің жалғауларын жалғап жаз. Берілген сөздердің мағыналарын түсіндір. І топ ІІ топ ІІІ топ ІҮ топ Текемет, сырмақ, кебеже, сандық. | Бұл сөздерге табыс септік жалғауларының әртүрлі жалғану себебін түсіндіреді, табыс септігіндегі сөз екенін дәлелдейді. Берілген сөздердің мағыналарын түсіндіреді. ТЖ |
| Сергіту сәті: |
| Жинақтау: Терең ойлау тапсырмасы: (5 минут) | «Сауаттылық хаты» әдісі бойынша: 54-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құра. Әңгімеде табыс септігіндегі сөз болатын болсын. | Зат есімдерді табыс септігінде септеп сөйлем құрай алады. Сурет бойынша мәтін құрастырып, мәтінде табыс септігіндегі сөздерді қатыстырады және салыстырады. ЖЖ |
| Бағалау: Шығармашылық тапсырма: (2 минут) Өзін – өзі бақылап, бағалау. (Тест сұрақтарына жауап беру.) (2 минут) | «Ассоциация» Табыс септіктегі сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Табыс септіктің жалғаулары қандай? Табыс септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады? К імді, нені, -ны, -ні, -ды, -ді кімдерді, нелерді? Тұрлаусыз мүше Өмірмен байланысты мысал келтір. 1. «Астау» сөзі қай септікте тұрғанын тап А) А.с. С) Б.с. В) І.с. Д) Ж.с. 2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле А) Дәрігер С) Дәрігердің В) Дәрігерге Д) Дәрігерді 3.Барыс септігінің сұрағын белгіле А) Кімге? Неге? Қайда? С) Кімге, Кімді? Нені? В) Кімдерге? Кімді? Нені? Д) Кіммен? Немен? 4.Табыс септігінің жалғауын белгіле А) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті С) да, -де, -та, -те В) -да, -де, -та, -те Д) -мен, -бен, -пен Жауаптары: 1. А 2.С 3.А 4.А | Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып «Ассоциация» құрайды. Оқушылар өз парақшаларына орындайды. 4 сұрақ: 3ұпай 3 сұрақ: 2 ұпай 2,1 сұрақ: 1ұпай |
| Сабақтың соңы: |
| Сабақты қорыту: (5 минут) Кері байланыс: | «Араларды өз гүлдеріне қондыр» ойыны арқылы бүгінгі сабақты бекітеді. Сұрақ-жауап: Біз гүлге нені қондырдық? (Араны) Араны қайда қандырдық? (Гүлге) Қайда сұрағына қай сөз табы жауап беретінін біз сендермен келесі сабақта білетін боламыз. «Сөйлемді аяқтау» әдісі бойынша жүргізіледі: Мен бүгін көп нәрсені ......, Мен үшін ....... қиын болды, Мен тапсырманы...., Мен ...... түсіндім, Мен .....үйрендім, Алдағы уақытта...., Мені .......таңқалдырды. | Оқушылар қолдарындағы сөз таптарының сұрақтары жазылған араны гүлдерге қондырады. Оқушылар өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін, ой-тұжырымдарын жазады. Смайликтер арқылы көңіл – күйін білдіреді. |
| Үйге тапсырма (2 минут) | 49-51-жаттығу. 128-129 беттер. Ережені жаттау. | Жаңылтпашты оқып жақа жазады, табыс септіктегі сөздерді табады. Мақалдарды түсініп оқып, табыс септігіндегі сөздерді табады. |
| Бағалау: (3 минут) | Топтық жұмысты бағалау | «Екі жұлдыз және тілек», «Өзін-өзі бағалау», «Топтағы бағалушының бағалауы», «6 ойлау қалпағы» арқылы бағалау жүргізіледі. |
| | Өзін-өзі бағалау парағы Аты-жөні: Пәні: | Өзіңізді “3” баллдық жүйемен бағалаңыз жоғары – 3; орта – 2; төмен - 1 | | 1- тапсырма: | | | 2- тапсырма: | | | 3- тапсырма: | | | 4- тапсырма: | | | 5- тапсырма: | | | Бағалау шкаласы: 10 баллдан жоғары – “жетті 10 баллдан төмен – “талпынады” | |
| Топ нөмірі | Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы) | Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау) | Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы | Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау. | Барлық ұпайы | | І | + | + | +++ | + | | | ІІ | + | + | | | | | ІІІ | + | - | ++ | + | | | ІV | - | - | + | +++ | | |