СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілінен карточкалар

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

орыс мектептерінде қазақ тілінен карточкалар 8 -11 сынып оқушыларына қолдануға болады.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен карточкалар»

Карточка - сұрақнамалар
Тақырыбы: Септік жалғаулары
Мақсаты: Тақырыпты өткен соң материалды қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін қолдануға болады. Екіншіден, деңгейлік тапсырма ретінде жеке оқушымен жұмыс ретінде қолдануға ыңғайлы.

Ілік септік
1. Берілген сөздерге дұрыс жалғауын қосып жаз.
Бөлме, керует, шаш, дәптер, қалам, ауыл
(- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің)

2. Кімнің? сұрағына жауап беретін сөздерді белгіле.
Мынау Гүлнардың кітабы. Біз Әрсеннің жолдасына барамыз. Мен Абайдың өлеңін оқыдым. Виктордың анасы қалаға кетті. Бибігүлдің әкесі қайда? Сабақтың аяғы қызық болды. Есіктің тұтқасы сынып қалды. Оқулықтың беті тысталған. Күннің көзі түсіп тұр. Мектептің жанында гүлдер өсіп тұр. Сөмкенің іші толған кітап.

3. Берілген сөйлемдерді аударып, ілік септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Это школа Жанар. Друг Данияра учится в 6 - ом классе. Тетрадь ученика лежит на столе. Цвет ковра светлый. Мяч Карима большой. Комната Алии чистая. Дочь сестры спит на диване. Школьная библиотека открыта. Это книга Азамата. Окна кабинета большие. Цвет доски черные.

Барыс септік
1. Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Журнал, дала, сен, су, кітап, дүкен, қала, мектеп, ана, ауыл, үстел

2. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, қай септікте тұрғанын анықта.
В Омск, в аул, в город, к девушке, за мелом, к товарищу, к озеру, за учебником, за стулом, к Айжан, за водой.
3. Жақшадағы сөздерді барыс септігіне қойып жаз.
(к тебе) Әсет келіп тұр. Ол (взять учебник) келіп тұр. Біз (к вам) бара жатырмыз. (Им) сурет көрсет. Самат (домой) жат жазды. (На базар) бар. (В кино) барма, (на собрание) бар.

Табыс септік
1. Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Бала, дәрігер, базар, дүкен, билет, жол, тамақ, кітап, сурет, көше
2. Кімді? Нені? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Ол кітапты оқыды. Самал дәптерді көшірді. Ол сабақты жақсы оқиды. Мен Асанды көрдім. Еденді жудым. Сен досыңды сыйла. Әкем хатты оқыды. Екіні екіге қос. Ол тапсырманы орындады. Мұғалімді тыңдау керек. Мен қалада көп үйлерді көрдім. Аңшы аң ұстады. Мен сені таныдым.
3. Берілген сөйлемдерді аударып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Я видел этот фильм. Я выучил уроки. Охотник поймал зайца. Сауле сварила суп. Я не брала твое письмо. Мы ждали поезд. Бумагу положила на стол. Я открыла дверь.

Жатыс септік
1 Берілген сөздерге жатыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Дәптер, қағаз, Асан, қыз, үстел, әже, сәрсенбі, әке, үй, көрші, тәрелке, ана, егіз, клуб, керует, еден, сөре.
2. Берілген сөйлемдерді аударып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Учебник у Асана. Тетради у меня. Школа в центре. Бабушка в городе. Он в Астане. Цветы на столе. На улице темно. В очереди много людей. У Асана нет тетради. Зимой поедем в город.
3. Кімде? неде? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Оқытушы орындықта отыр. Қарлығаш бірінші қатарда отыр. Сыныпта оқушылар бар. Мұғалімде көп жұмыс бар. Дәптерде үй жұмысы жоқ. Жексенбіде серуенге барамыз. Жазда демаламыз. Сарада бор жоқ. Әкемде ақша жоқ. Үстелде түк жоқ.

Шығыс септік
1. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, қай септікте тұрғанын анықта.
От врача, из бумаги, из масла, от Алии, из Алматы, из овощей, из сахара, из мяса, от друга.
2. Берілген сөйлемдерді аударып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жаз.
Дети идут из школы. Дом делают из дерева. Я еду от друга. Спроси у учителя. Он несет учебники из библиотеки. Он вышел из дому. Возьми цветы у Марата. Кольцо сделан из серебра. Они возвращаются с гостей.
3. Кімнен? Неден? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Мен мектептен келе жатырмын. Ол бастықтан шықты. Көйлекті матадан тігеді. Ол қаладан келді. Асан дүкеннен шықты. Мен театрдан шықтым. Анам базардан келді. Ағаштан аспаптар жасайды. Еттен котлет жасайды.

Көмектес септік
1. Берілген сөздерге көмектес септігінің жалғауын қосып жаз.
Жұмыс, орамал, кісі, сабын, жол, сіз, автобус, мұғалім, кеспе, дос.
2. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, қай септікте тұрғанын анықта.
Вместе с учителем, с другом, с гостями, с братом, со мной, с Каримом, с учителем, с отцом, с друзьями, с девушкой, с братом.
3. Кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
Мен досыммен жолықтым. Ағашты балтамен жарады. Ботқаны қасықпен жейді. Нанды пышақпен кеседі. Жерді трактормен жыртады. Біз қайықпен жүземіз. Мен атпен келдім. Шегені балтамен қағады. Мен пойызбен келдім. Ол мұғаліммен сөйлесті.

Септік жалғау жалғанған сөздерді тауып, сөз құрамына қарай талдаңдар.
Біз жазда Астанаға самолетпен саяхат жасадық. Біріншіге Асан дүнген кеспесін алды. Мен дүкеннен нан, сүр сатып алдым. Анам ауылдан қалаға келді. Сәкеннің әкесі заводта істейді. Абай көшесінде А. С. Пушкин кітапханасы бар. Кеше біз далада көп жүрдік. Ол досына хат жазды. Мен сүтпен шай іштім. Жанар шешесімен тұрады. Сіңлім телефонмен ұзақ сөйлесті. Жанат Жантасқа әңгіме айтты. Мен жексенбіде Көкшетауға барамын.

Тестік тапсырма (І деңгей)
1. ілік септігінің сұрақтарын көрсет.
а) кімнің? ненің? в) кімге? неге? с) кімді? нені? д) кім? не?
2. Ілік септігінің жалғауларын белгіле.
а) - ға, ге в) - ны, ні с) - ды, ді д) ның, нің, дың, дің
3. Барыс септігінің сұрақтары
а) кім? Не? в) кімді? Нені? с) кімге? Неге? д) кімде? Неде?
4. Барыс септігіндегі сөзді белгіле
а) қалада, далада в) қалаға, далаға с) қаланы, даланы д) қала, дала
5. Табыс септігінің жалғауын белгіле
а) - ны, ты, ті в) - мен, бен, пен с) - ға, қа, ке д) - нан, нен, тан
6. Табыс септігінің сұрақтары
а) кіммен? Немен? в) кімді? Нені? с) кімнен? Неден? д) кімде? Неде?
7. Жатыс септігінің жалғауларын белгіле
а) - ға, ге в) - нан, дан с) - да, та, те д) - мен, бен, пен
8. Жатыс септігінде тұрған сөздерді белгіле
а) үстелде, жерде в) қалаға, ағама с) ер, адам д) менен, сенде
9. Шығыс септігінің сұрақтары
а) кімде? Неде? в) кіммен? Немен? с) кімнен? Неден? д) кімді? Нені?
10. Көмектес септігінің жалғаулары
а) - мен, бен, пен в) - ға, ге, қа, ке с) - нен, нан, дан, тан д) - ның, нің, дың, дің

Тестік тапсырма (ІІ деңгей)
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 5 в) 7 с) 6 д) 4
2. Кімді? Нені? Қай септіктің сұрағы?
а) атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) табыс септік
3. Балаларыма - сөзі қай септікте тұр?
а) табыс септік в) барыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік
4. Жатыс септіктің жалғаулары
а) - ны, ні в) - ға, ге с) - ды, ді д) - да, де
5. Барыс септікте тұрған сөзді белгіле
а) балалармен в) балаларына с) балаларын д) балалардың
6. мектептен - сөзі қай септікте тұр?
а) жатыс септік в) шығыс септік с) көмектес септік д) табыс септік
7. үстел.... дұрыс жалғауын қой.
а) - тың в) - нің с) - тің д) - дің
8. Асан дүкен..... барады. Тиісті септік жалғауын қой.
а) - да в)- ге с) - нда д) - ға
9. Қай септіктің жалғаулары жоқ?
а) Атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) жатыс септік
10. « Н» қай септіктің жалғауы?
а) Атау септік в) барыс септік с) табыс септік д) жатыс септік

Тестік тапсырма (ІІІ деңгей)
1. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
а) Атау септік в) ілік септік с) жатыс септік д) көмектес септік
2. Тәуелді септелген сөзді көрсет
а) әкеде в) әкені с) әкеме д) әкеден
3. « Жақсы... үйрен, жаман... жирен» тиісті жалғауын белгіле
а) - тан, мен *в) - дан,- нан с) - ның, мен д) - дан, ды
4. Бағытты білдіретін септік
а) табыс септік *в) барыс септік с) жатыс септік д) атау септік
5. Табыс септігіндегі сөзді тап
а) келді в) балалы *с) дәптерді д) кетті
6. Септік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле.
а) жақсыны в) жазғандарды с) келуді *д) баланы
7. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс септігіндегі сөзді тап
а) алманы в) алманың с) алмамен *д) алмамды
8. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгіле
а) - ға, ге, қа, ке в) - ның, нің, тың, тің с) - ны, ні, ды, ті *д) - мен, бен, пен
9. Көмектес септігінде тұрған сөзді көрсет
а) аулға бару в) ананы тыңдау с) есіктің тұтқасы *д) мұғаліммен сөйлесу
10. - ға, ге, қа, ке, а, е – қай септіктің жалғаулары?
*а) барыс септік в) табыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік











  1. карточка. 

    Өз бетіңмен бірнеше тұйық етістік ойла, оларға сөйлем құрап, синтаксистік талдау жаса. 


2- карточка. 

Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда. 
Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғытып келеді. 



3- карточка. 
Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда. 
Күнде ағаштың ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды. 



4- Карточка. 

Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосысшасына қарай ажырат. 
Балалар ойнап жүр. Бізге сабақ болды. 



5- карточка. 

Кез келген тұйық етістігі бар сөйлем құрап, оған морфологиялық талдау жаса. 



6-карточка. 

Шегелеу сөзіне фонетикалық талдау жаса.









№ 7 
Жатыс септігінде тұрған сөздерді тауып, көшіріп жаз. 

Достар 
Қыстыгүні Зейін баққа барды. Бақта әдемі қызыл төс торғайлар жеміс ағаштарының бүршіктерін шоқып жүр екен. 
- Қандай әдемі торғайлар - дейді Зейін. Ол торғайларды ұстап алғысы келді. Бірақ торғайлар ұшып кетті. 
- Бір –екі торғайды үйге апарайын деп едім, ұстатпайды ,- деді Зейін. 
- Олар аш сенен жем сұрап жүр. Күн сайын жем беріп , қолға үйрету керек, -деді шешесі. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Міне ,енді бізге торғай үйренді. Шашқан бидайды тақтай үстінене жейтін болды. Кейін алақандағы дәнді шоқитын болды. 

№ 8 
Төмендегі сөйлемдерден жіктік жалғаулы сөздерді тауып, олардың жалғауларының қай жақта тұрғанын айтыңдар. 

Біздер бейбіт еңбекті сүйетін елміз. Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесіңдер? Қандай газет- журналдар оқисыңдар? Сіз аса талантты офицерсіз. Берік болат біз жастармыз, мың сан миллион достармыз. Біз ол жақта үлкен іс бітіреміз, отрядтар құрамыз. Біз сүйеміз, бейбіт күнді, бейбіт күнде туғанбыз. Біздің өмір күндей нұрлы , Бақыт құшқан ұланбыз. 

№ 1 
Жұмбақтарды шеш, көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сыз. 

• Әжем сақтар тапқанын , Қоймасы бар шап – шағын. 
• Күзетем деп үйді, Жұдырығын түйді. 
• Қаймықпайды еш аңнан , Қорқады тек тышқаннан 
• Үнім -дабыл, Дабылды,Өршітемін жалынды . 
Жүрегіңді тербетіп, Қоздырамын қаныңды. 

№ 2 

Құрамында ғ, г, дауыссыздары бар сөздерді көшіріп жазыңдар. Ол дауыссыздардың қандай дауыстылармен тіркесіп келгенін айтыңдар. 

Қарт бағбан бау- бақшаны күту жұмысына үлкен зер салып қарайтын. Бағлан баққан қозының әбден тойынып семіргені байқалып тұр. Ардақ бағана кетіп қалған. Қымызды сырлы тостағанға құйып, келген қонаққа ұсынды. « Ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрем... » -деді Ұлжан. Әжесі ертегі айтып берді. Сәрсен ғылыми еңбек жазды. Дәрігер емханадан кеш қайтты. 

№ 3 
Төмендегі аты-жөні атауларын әліпби ретімен жазып шық. 

Әбілов, Әміров, Ахметов, Дауытов, Шериев, Гиарасов, Иманбаева, Қайранов, Әбілдаев, Раев, Асанов, Шолтаев, Пірімбетов, Көшімов, Ыбыраев, Ұлықбанов, Назаров, Ысқақов, Ескендіров, Ұланов, Шерба, Мұқанов, Мұқышев, Ішікбаев, Жанұзақов, Қанбатыров, Келгенбаев, Егембердиев, Нұрланов, Оспанов, Өмірбеков, Федосов, Хамутов, Қалмұрзаев, Ғылымов, Ульянов, Жексенбаев, Теміров, Чимбарева, Югай, Яковлев, Гого. 

№ 4 
Оқып шығып , сөз құрамындағы қатаң, ұяң , үнді дауыссыздарды айтып беріңдер 

О, балалар , балалар , Өлең боп аққан дарияң, 
Қарашығы көзімнің, Домбырасын басуға, 
Қуанышы сезімнің , Жырынан шашу шашуға; 
Кеудемдегі жүрегім, Кездесіп көзбен көруге , 
Таянышым , тірегім; Халық сәлемін беруге, 
Ардақтысы елімнің , Қуанбасқа бола ма, 
Гүл – шешегі жерімнің. Жырламасқа бола ма, 
Алдыңа келді қарияң, Осы отырған тойымда. 


№ 5 
Қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, астын сыз. 
Бөлім бастығымен екеуінің арасында болған сол әңгімеден кейін , Байғали өзінің басшы ретінде машықтанған бұрынғы жұмыс стиліне өзгеріс енгізді. Ақбала пеш үстінде кіржиіп отыр екен. Кішкентайынан ән құмар домбырашы Ақжігіт құжырада шалқасынан жатып алып, өлең шығарып, ән айтатын мінезге басты. Оған өз әдірісіне айтылған маңжау сөздің бәрі де жөн көрініп отырды. Ғылыми жұмысын Ақбала бітіргелі жатыр 

№ 6 
Мәтінді көшіріп , білім, оқуші , күш сөздеріне дыбыстық талдау жаса. 

Қазіргі кезде терең білім болмаса, елімізді өркендете алмаймыз. Әр оқушы жан – жақты білім алуға міндетті, білім алу да зор күш екенін ұмытпа. 

№ 7 
Сөздерді буынға бөліп көшіріңдер. Ашық буындарды тауып, астын сызыңдар. 

Әже, кеме, көмір, желке, жеміс, жаға, тағалау, қамыс, қалашық, мойында, кеңсе, алты, жеті, асау, келте, қызылша, қалта, көлеңке, терезе, сіріңке, үзеңгі, әңгіме, бетеге. 

№ 8 
Тұйық буындарды тауып, екі дыбыстан құралған тұйық буынның астын бір, үш дыбыстан құралған тұйық буынның астын екі сызыңдар. 

Астық, олжа, өткір, өрт, өртену, ұрттау, ыстық, артта, артық, алпысыншы, ерттеу, ерітінді, еркелік, еркіндік, елгезек, естілу, керуен, аңқау, еңбектену, ынталы 

№ 9 
Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір. 

Б...з. Б...ген...ай. К... ше. А...ы. Ү...к...н. Ә...е. Ә...и... М...н...з. Тұр...ыс. Б...л...м. О...ау 

№1 
Төмендегі синоним сөздерді мағынасына қарай топтап жаз. 

Алыс. Ажар. Науқас. Дәу. Кесел. Нән. Келбет.Үлкен. Ауқат. Қашық. Тамақ. Шалғай. 


№2 
Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп-жұбымен жаз. 

Үлгі: аласа-биік, төмен-жоғары ... 
Ұл. Суық. Жаман. ақ. Күн. Қыз. Жақсы. Қара. Жылы.. Тату. Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз. Қисық. 





№3 
Берілген сөздерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір. 

Тапсырған жұмысқа ат үсті қарауға болмайды. Жабай бұл түнді кірпік ілместен өткізді. Әлия мен дана тонның ішкі бауындай болатын 

№4 
Берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер ойлап жаз. 

Көзін жеткізу. Қолды болу. Мысы құру. Қыр көрсету. Сабасына түсу. Көңіліне келу. 

№ 5 
Мақалдардың тиісті әріптерін қойып оқы. 

Ж...ж...ж К...к... Б...б...б...б.... Е...е...е... 

№ 6 
Оқып шығып , мақалдарды бір бөлек, басқа тұрақты сөз тіркестерін бір бөлек тізімдеп көшіріңдер. 

Ескі ауылда ер жүрек , еті тірі жігіт дегендер болатын. Ер жігіт – мінер ат, ішер ас, киер киімін кем ұстамайтын; дәулеті мол болсын , шағын болсын , көңіл көтеріңкі жүретін , беруге де, алуға да шыдайтын , айтқан сөзіне тұрақты , қайғыға қайсар, жүрген жері думан болатын. 

№ 7 
Сөйлемдерді оқып шығып , бас, жол, тіл деген сөздердің қай мағынада қолданылып тұрғанын айтып беріңдер. 

Бас жарылса , бөрік ішінде , қол сынса , жең ішінде. Оқушылар экскурсияға барғанда , тау басына шықты. Болат жұмыс басына кетті. Оқуды басынан бастап , зейін қойып оқу керек. 
Қала мен ауылдың ортасына асфальт жол салынды. Олар ертең жол жүретін болды. Ағайындары, жолдастары: « Жол болсын » - деп тілек білдірісіп , қош айтысып жатты. Қайрат пен ақыл жол табар. Ойлана келіп, дұрыс жолды енді таптың. 
Ол тамақ ішіп отырып , байқаусызда тілін тістеп алды. Еркін өзінің ана тілін де, сонымен бірге орыс тілін де жақсы білетін еді. Барлаушылар жау жақтан тіл әкелді. Сағат тіәлі он екіні көрсетіп тұр. 

№ 8 
Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі сөздердің лайықтысымен тіркестіріп, сөз тіркесін жасаңдар. 

Қысқа, келте, шолақ ( тон, жіп, мұрын, жең); Мықты , берік, күшті ( ағаш, адам, қамал, жылқы, босаға) ; Сирек, селдір ( шаш, кездесу) ; Кәрі , қарт ( қой, ешкі, адам ). 

№ 9 
Қарамен берілген сөздерге қарама – қарсы сөздер тауып жазыңдар 

Ауыр киім, ыстық жел, ұзақ жол, алыс жер, биік өкше, қысқа жіп, ерте ояну, қалың қар, жас жылқы . 

№1 
Мәтінді оқып, бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен жасалған сөздерді тап 

Кит- дүние жүзіндегі ең үлкен хайуан. Кит- суда тіршілік еткенімен , ешқандай балық емес, ол- аң, яғни сүт қоректі хайуан. 
Кашалот- тісті кит. Ол өте сүңгігіш: теңіз түбіне қарай бір километр тереңге кетеді де, бір сағаттан кейін ауамен дем алу үшін судың бетіне шығады. 
Қайыс балық әрі ұзын, әрі жалпақ. Кейбіреуінің ұзындығы 9 метрге жетеді. Ауырлығы соншалық – бес адам көтере алмайды. 

№ 2 
Төмендегі жұмбақтарды шеш, олардың шешуіндегі біріккен сөздерді сөз құрамына талда. 
1.Бір ақынның атында, Екі түбір , төрт буын. Төртеуі де бітеу буын, 
Мұны тауып , қанекей, Айтар екен кім бұрын? 
2. Құла құлын жылп етті. Құйрығы бір қылп етті, 
3. Әкесі – тышқан, шешесі – құстан. 
4. Тарбаң, тарбаң, тарбиған, Түрі жаман жарбиған. 

№ 3 
Мәтінді көшіріп жазып, біріккен сөздерді сөз құрамына талда. 

Ойдағы мол шалғынды қыстаулық жер: Жидебай, Мұсақұл, Шүйгінсу сияқты қорықтардан да ағылыпкөшіп жатыр. Әр ел тұс- тұсындағы Ақбайтал, Көлдөнең, Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші сияқты асу- асуларға қарай беттеді. 
Биыл да көшу солай. Жолдағы белгілі қоныстар: Талдыбұлақ, Барлыбай, Қызылқайнар.Кей қонысқа таңертең кеп қона сала, кешке тағы көшеді. 

№ 4 
Мақал- мәтелдерден, қос сөздерді тап. 
1. Ұрыс- керіс – ойсыздың қаруы. 
2. Қауіпті сәл- пәл елеген Құтылар таудай пәледен. 
3. Бала – ата- ананың алтын бағанасы. 4. Темір өз- өзінен шыңдалмас. 
4. Сұрай-сұрай сұңғыла болар. 5. Өсек-аяң өттей ащы. 

№ 5 
Мәтінді көшіріп жаз . Бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған сөздерді тап. 
Кешкі күн жалқау сырғып, теңіз толқынын алау- жалау өрттей жалтылдатып , ұясына құлап барады. Қаракөк Каспийдің бір сарынмен ғана дем алған ауыр ыңыранысы естіле бастады. Күн де бетте , теңіз үстіне қорғасындай басқан ауыр бір қара тұман да көтерілді. Қара тұманның әр жерінен жалғыз- жалғыз жарқыраған жұлдыздар көрінеді. 

№ 1 Төмендегі мәтінде үстеулер бар ма?, анықта. 
Ет алушылар неше адам? 
Біреу қасапқа жылқы соятынын көрші- қолаңына хабарлайды.Белгіленген күні ол бордақысын сояды. Әр жерден ет алушылар келеді. Сойылған малды төңіректеп тұрғандарды көзімен санап шығып, ол сәл ойланып қалады: « Бұлардың әрқайсысына бір жіліктен берсем , онда үш жілік ет артылып қалады. Екі жіліктен сатсам, үш адамға ет жетпейді. Енді қандай амалын табайын?» 

№2 
Мәтінді оқып шығып ,үстеулерді тап.. Олар сөйлемнің қай мүшесі болып тұр? 
Кілең шолақ құйрық аттар. Ол байырғы 
кетпеншілерге қимылдады. Тұрысы да мығым. Кетпенді де бір қалыпты сілтейді. Көздеген жеріне түсіп жатқан топыраққа да көңілі тойып тұр. «Көкемнің кетпенін шыңдап алмасам болмас, мынау не деген өнімсіз еді»-деп, бала қолындағы құралына көңілі толмай қарап қойды. Өз ісінің сәтті бітіп келе жатқанын іштей сезген сайын бала тіпті шабыттана қимылдады. 





№ 3 
Мәтінді көшіріп, жалаң үстеулердің астын бір, күрделі үстеулердің астын екі сыз. 
Сөзін біреу сөйлеп жатса, бәрі күні бұрын келісілсе, Сасанның арқасы қозатын не жыны бар, ол үн- түнсіз мүлгіп отыра берді. Тобылғы торы жүзі науқастың салдарынан бұл күнде солып, сары тап болып қалған. Алайда Ұлғазардың алдында кішірейіп , бас игенін ұғып, намыстанып отырғаны байқалады, анда-санда жарқ ете қалған көзінен. Бірақ амал не? Қанаты қайырылған бүркітше көзін қйта жұмып, басын төмен салып мүлгігендей күйге ауысады ол. 

№ 4 
Төмендегі сөздерден жұрнақтар, жалғаулар арқылы жасалған үстеулерді бөлек- бөлек жаз. 

Бұлбылша, бірге, сәбише, босқа, осылай, баяғыда, шикілей, аңдаусызда, тотыдайын, қапыда, осыншама, шалқасынан, соншалық , шетінен, осыншалық, тосыннан, айтпайынша, кезекпен, жазбайынша, ретімен, шынымен. 

№ 5 
Төмендегі мәтіндерден бастауыш, баяндауыш қызметін атқарып тұрған үстеулерді тап. 

Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін – Ұлыстың ұлы күні. Мен сенімен біргемін. Талапты бала талпынған құстай. Биыл қыс ерте түсті. 

№ 6 
Төмендегі мәтіндерден пысықтауыш, толықтауыш, анықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеулерді тап. 

Кешке қар жауды. Ол лезде келді. Мен амалсыздан үйге кеттім. Естілер ертеңгіні ескерсе, көре сөйлейді. Бүгінгісін ғана қамданған алысқа бармайды. Сонша алтынды қайдан алады? Ең берекелі , ең парасатты тәжірибе- халық түйген тұжырымдар. 

№ 7 
Төмендегі сөздерден дара, күрделі , негізгі , туынды үстеулерді ажырат. 

Кеше, бүгін, ең, бірге, былтыр, қыс бойы, ертең, зорға, кейде, бірте – бірте, бұрын, балаша, кейде, әрең 

№1 
Көшіріп жазып, жалпылау есімдігін тауып , сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айт. 

1. Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы. 
2. Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы- Майқы би. 
3. Атадан ұл туса игі еді, Ата жолын қуса игі еді, 
Балаңды жұрт мақтаса , Бәрінен де сол игі еді. 

№ 2 
Мәтіннің мағыналарын анықтап, сілтеу есімдігін тап. 

Мұнан басқа сөз айтып та үлгірген жоқ. Не ексең, соны орарсың. О шеті мен бұ шеті көз жетпейтін , бауырдай тілінген қоңыр топырақ біраз әңгіме болды. Күлтайдың баяғы оқыған ағасы осы ауылға қызметке келді. Омардың оқыған інісі бар деуші еді, сен солмысың? Анау Абай ағаға жүгінгенмін. 

№3 

Күллі, барлық, түгел, барша, тегіс, бүкіл, есімдіктерін қатыстырып сөйлем құраңдар. 

№ 4 
Көп нүктенің орнына өздік есімдігін қойып, мақалдың мәнін түсіндір. 
1. Кісі елінде сұлтан болғанша, 
... еліңде ұлтан бол! 
2. Отанға опасыздық еткенің, 
... түбіңе жеткенің. 
3. ... - өзі білген ер бақытты, 
Өзін-өзі билеген ел бақытты. 

№ 5. 
Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, олардың қай есімдік тобына жататынын айт. 

Мен, сен, сіз,ол, біз, сендер, сіздер, олар. 
Бұл есімдігін септіктерге қойып септе. 
Мен, сен, ол сөздерінің сетелуіндегі өзгешеліктерді анықта. 
Бұл есімдігін жікте 

№ 6 
Мәтінді көшіріп , есімдіктерді тауып , қандай есімдік , сөйлемнің қай мүшесі екенін анықта. 
Айқын өзін -өзі жұбатып , өзінен басқа біреу болуын қанша тілегенімен , ол тілегі қабыл болар емес. Мынау – анық сол , Болаттың өзі. Берен осы жиылыста әлденеге алаңдап отырғандай болды. Әлдеқайдан шуласқан бір дыбыс естіледі. Мен Астанада болып, саған жолыға алмадым. 



№ 7 
Мәтіннен сілтеу есімдігін тап 

Сол аяғым ұйып жүре берді. Ол жиналыстың аяғын күтпей үйіне қайтып кеткен. - Апыр-ау, мынау солар болмағай еді. Көптен бері олардың бетпе – бет кездесулері осы болатын. Мына бір сурет оған соншалық ыстық – та. Біз де соларға еліктеп , қалай да солардай болсақ дейміз. Осынау әсем көріністерді бақылап тұрмыз. 


№ 1 
Жақшаны ашып, көшіріп жазыңдар. Көшіргенде шылаулардың емлесін ескеріңдер. Шылаулардың қай шылау екенін айтыңдар. 

Боз ат Қозыбақ ауылына кете барса ( да) , жақындағы жылқылы ауылдың бәріне қосып қойған тағы бір аты бар (ды). Малының бары (да) , ажарлысы (да) екі аты болатын. Өз тасының ақысы екен, бермеймін десе ( де) алып қалатын жөнің бар емес (пе ) ? Ойлағаның шын сияқты ат үстінен ( ақ) айтып жатырсың. – Иә, рас ( ау) , соның оты бар- деп, Байсал да қостады. – Ал енді адаспасты ойлайық. Бала, өзіңнің көңілің берік (пе)? Бетіңнен жаңылған жоқсың ( ба) осы? – Жаяу боран ( ба)? Күпсек қарды жел ұйытқытып тұр (ма)? –деп, сұрап еді. Келесі операцияның кезегін саған беремін деп, әнеугүні айтты. 

№ 2 Жалғаулық шылауды тауып , дәптеріңе жаз. 
Тары 
Қазақ халқының ежелден келе жатқан мәдени дақылдарының ішіндегі ең маңыздысы – тары. Оның құрамында адам организміне аса қажетті түрлі витаминдер мен белоктар, майлар мен минералды заттар өте көп болады. Тарыдан дайындалатын жент, майсөк, қазыға жанышқан сөк, тағы басқа көптеген жеңсік тағамдар кімнің болса да тәбетін ашары сөзсіз. 

№ 3 
Септеулік жалғаулықтарын тауып, олардың қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіп көшіріңдер. 

Ақбоздан кейін ешкім көріне қоймаған соң, Балуан Шолақ жолдан бұрылып аттарды тоқтатты. Татьяна біраздан кейін қауіптен арылып еріккендей болды. Рас, қалқам, өзіммен бірге жүресің. Өзіңдей кішкене қыздармен бірге жатасың, бірге оқисың. Тастемір газетті алып қараса, суреті басылған адам- аумаған Тастан. Маңдайына бала кезінде құлын теуіп түсірген айшық таңбасына дейін түсіпті. Бұрын тақырлап қырып жүретін шашын да өсіріп, сол жақ шекеден оңға қарай қайырып тарап тастапты. Содан бері тапқан тасы Алтынсарының оянса есінен , ұйықтаса түсінен кетпейді. Сүрлеу жол жүрген сайын жоғарылай береді. Саған ерегіскесін кісі бойына шейін қазам осы шұқырды. Жаңбырдан кейін жаңарған ауамен пүліш даланың жұпар исі мұрынды жарып барады. Осы мектепке қарай аттылы да, жаяу да шұбырып қаптай бастады. 

№ 4 
Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген септеуліктердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. 

Ордада туған байлауын Абай көпке... үй ішіне білдірмек емес еді. Орталарындағы жалғыз арбаны жегіп кеткендігі ... Айдарбектен ғапу өтіну бізге тиіс секілді. Осы кіре беріс бөлмеден төрге ... бірнеше бөлме бар еді. Жүз метр сайын бір бағана. Бағана ... бір шам. Радио... күнбе- күн байланысып тұру қажет. Әсем ақ көк атты жайдақ мініп , екі торыны жетекке алып, бұл да өзенге ... кетіп барады. 

Керекті сөздер: арқылы, сайын, қарай, шейін, үшін. 

№ 5 
Сөйлемдерді оқып , жақша ішіндегі демеуліктердің бөлек жазылатынын бір бағанға, дефис арқылы жазылатынын бір бағанға бөліп көшіріңдер. 

Ау , бұл кім ( ау)? – Е, мен (ғой) , Томарша. Сүйінші демейсің (бе), бейбақ (ау) ! Не жазыпты ? Не жазыпты? – Не жазыпты? Сәлем хат жазғаны аз болып тұр (ма)? Шіркін ( ай) , біздің төрағаның мойнына осы жиырма төрт сағатта дегенді тұмарша қылып тағып қояр (ма) еді? – деді Есламқұл. Ойыны (ма), шыны (ма) дегендей Қадиша ( да) бөгеліп қалды. Қап, қақпанға өзім түстім (ау) ! – Ткаченконы ыза буып еді. – Онан да атып таста! Ат! – Ткаченко әлі булығып тұрған (ды) . Түсімде сәске түс екен (ау) деймін. 

№ 6 
Сөйлемді оқып , өтілген септік жалғауларын табыңдар. 

Бір топ атты адамдар жанын алатындай , тек сауысқан шықылықтайды. Алаңсыз алшаң басып келе жатқан ат бұл тебіністен оқыс ыршып , оқша атылғанда, үстінен Саймасайдың өзі түсіп қала жаздады. Қыз жүрегі сезімтал келеді, егер жігіт көңілін аңғармаған болса, онда оны жақсы көрмегені. Ежелгі аңшының сергек сезімі оны алдаған жоқ, тұйықтың тұсына жете бергенде бір ұя кекілік « пыр» етіп бәрі бірден жер бауырлай көтерілген кезде, Рысқұл әлгі топқа мылтығын көздемей –ақ сілтеп жіберген. Аңшылықтың арқасында танысқан. Қансонарда бүркітші шығады аңға , тастан түлкі табылар аңдығанға. 

№ 7 
Төмендегі шылауларды түр- түріне қарай жіктеп жаз. 

Туралы, -ма,-ме, және, сияқты, қарай, бірақ, үшін, әрі, да, де, -ақ,-ай,-ау, өйткені, себебі, кейін, соң, әрі, гөрі, бірге, қабат, ғана, тек, кейде, бірде, біресе, сондықтан, алайда, сонда да, дейін, тарта, жуық. 

№ 8 
Мәтіннен жалғаулық шылауларды анықта 

Қыста және көктемде күн суық болады. Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады. Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды. Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің. Көктемде біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді. Егер ол келмесе , жоспар өзгереді. 

№ 9 
Мәтіннен демеулік шылауларды анықта 

Қазір жаңбыр жауып кетсе ше? Осы сен –ақ бізді шарташып бітірдің. Үйге кірген сол –ау деймін. Сен түгіл мен де бес алған емеспін. Аман – есенсің бе? Бұны жазған Самат –ау деймін. Олар кеше ғана келіп кетті. Бұл оқиға осыдан үш күн бұрын болғанды. Бұл менің ағам ғой. Ертеректе бір әулие кісі болыпты – мыс. Жиналысқа сен де қатыспадың ба? 





№10 
Мәтіннен септеулік шылауларды анықта 

Біз сабақ туралы сөйлестік. Отан үшін отқа түс күймейсің. Жұма сайын үйге қайтамыз. Түске дейін жүзге жуық хат жібердік. Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым. Мен әкеммен бірге кешке шейін жұмыс істедім. 

№1 
Мәтіннен одағай сөздерді тап. Астын сыз. 

Астапыралла! О, не дегені –ай? Тыныш жүрмей ме жайына –ай. Пай-пай, Әзірет Әлінің дүлділіндей –ақ бар екен. Тәйт!-деп жұлып алды да, босағаға бірақ соқты. Паһ! Паһ! Түлеп –ақ тұр екен! Әп ,бәрекелді ! Онда мына Мұқатайды бір жолға маған тастап кет. Ой мен қырда «ойбай»жатыр. Ой, төбеңнен ұрғырлар, тұра тұр, өлтірдіңдер ғой сендер –ақ! 

№2 
Мәтіннен одағайларды тауып, қай түріне жататынын ажырат. 

-Қайран, Біржан ! Қадіріңді білмеппіз-ау! 
Құдіретін енді ұқтық қой. Сен бастым деген кеудемді құдайың да аттай алмас дегені екен-ау мынау әні! 
-Бәрекелді, өркенің өссін ,ұланым! Осылай шырқаңдар. 
- Тоқтат! Өшір үнін! 
Әрі күйініп ,әрі қорланып тулаған қос бөрі бір-біріне деген бәсеке, бақталастығын ұмытып, алыс-жұлысқа бет алғанда тізе қоса алатын қаскөйлік қылығын танытып, ырсылдай сілтеп жүр. 
-Өлтіре ме? 
Уа, ұмтылыңдар! 
- Жабылыңдар! Қарап тұрып кісі өлтіріп аламыз ба? 
-Үндемегенге үрке береді дейтін шығар. 

№3 
Өлең шумағын оқып, одағайды тап. Қандай тыныс белгісі арқылы оқшауланып тұрғанын айт. 

О,шіркін , ғажапсың-ау, көңіл деген! 
Жартас жоқ толқыныңа көмілмеген. 
Құлдырап құламаған құзың да жоқ, 
Қыран боп шырқамаған кезің де кем. 




№4 
Одағай бар ма, бар болса қандай мағына туғызып тұр? 

Судыр Ахмет оның сөзін тыңдамай , жалақтап ірі қара аттың алды- артына шықты. 
-Е-е, айта бер. Құлағым сенде,-деп, Судыр Ахмет ана жігітті сөйлетіп қойды да , аттың аузын ашып, тісін көрді. «Ой, әттеген-ай, кәрі екен ғой»,-деп, санын соқты. «Ай, әйтеуір жоқтан... қара жаяудан тәуір ғой». Жә,жә, арқасы құтты болсын жануардың,- деп ойлады да, осы атты сыйлаған мырзаға рақмет айтуды жөн көрді. 

№ 1 
Мәтіннен еліктеуіш сөздердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін ажырат. 

Егіншілер ертеңгі астан кейін аттануға жиналып жатқанда ,радио саңқ етті. Байғұс қара өгіз, көзіне шыбын үймелеп , аузынан сілекей шұбырып, митың- митың аяңдап келеді. Әкесі мен шешесіне жалтаң-жалтаң қарай, балалардың көздері жаудырады да тұрды. Ірімшік жерге салп етті. Тап етті, шап етті. Ап кетті қу түлкі. Бұлың- бұлың көк үйлер. 

№ 2 
Мәтінді оқып шығып, дыбыстық еліктеуішті тап 

Далада дауыл тұтанды. Момақан өзен бұрқ-сарқ долданды. Жарқ-жұрқ найзағай ойнап, қорғасын бұлттан тырс- тырс секірген тамшылар шанақ бетіне дүрс-дүрс тиді. Шарт-шұрт найза қағысып , сарт- сұрт сойыл соқтығысты. Зу-зу жебе суылы, кірш-кірш найза серпіні, дүр-дүр өрт шарпуы бар. Қайтадан тұс- тұсқа сар-сар. Дүңк-дүңк дауыс тарады. 

№ 3 
Мәтіннен бейнелеуіш сөздерді табыңдар. 

Кенеттен самолет қисалаң етті, сол жақ мотор бұлығып қалды. Ол біржолата тоқтап қалған жоқ, бірақ қайта- қайта күрмеліп, мүлде тартпай қойды. Маша оны түзу бағыттан айнытпай әзер ұстап келеді. Олар звено командирінің самолетіне оқ тигенін білмейді, мұның ұшысы кілт бәсеңдеп кеткені қалай деп аң- таң боп келе жатуы ықтимал. Бұдан әрі сөйлесуге шама келген жоқ. 
Фашист кілт бұрылып төмен түсті де , Галяның самолетінің астына еніп, онымен қатарласып алды. 



№ 4 
Дыбыстық , бейнелік еліктеуішті теріп жаз, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықта. 

Тарпаң- тарпаң тайлағым, 
Ботақаным, маймағым. 
Қара көзің мөлдіреп, 
Жібек жүнің желбіреп, 
Желк- желк етіп желесің, 
Енеңе еріп келесің... 

№ 5 
Мәтіннен тұрлаусыз мүшелерден жасалған еліктеуіштерді анықта 

Ала мысық әрі –бері зу- зу етіп өте шығады. Ол қираң етіп қайта құлады. Ол тасыр- тұсырды алыстан естіді. Қорс- қорс еткеніңді тый. Сол кезде тура алдынан бұрқ еткен шаң шықты. Мылтық атылғандай шаңқ еткен оқыс үн қатты естілді. 

№ 6 
Еліктеуіш сөздерді құрамына , тұлғасына, түрлеріне жіктеп, ажырат. 

Тарс, тарс- тұрс, күмп, қисаң- қисаң, жымың, морт, сарт- сұрт, маң- маң, күрс, ыржың- ыржың, елпең, тасыр- тұсыр, салдыр- гүлдір. 

№ 7 
Төмендегі сөздерден еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерді ажырат. 

Тарс- тұрс, селк, салдыр- гүлдір, тық-тық, у- шу, жалт- жұлт, гүрс, ақсаң- ақсаң,мырс- мырс, далаң- дұлаң, жыбыр, жыбыр, елпең- елпең. 

№ 8 
Мәтіннен тек тұрлаулы мүшелерден жасалған еліктеуіш сөздерді тап та, астын сыз. 

Тарс – тұрс еткендер жақындағандай болды. Жарқ – жұрқ еткен су екен. Торғайдың үні шыр – шыр етеді. Сұр жылан тілін сумаңдатып , ыс –ыс етеді. 

№ 1 
Төмендегі сөздерді бастауыш етіп, сөйлем құрастыр. 

Абай, «Ботагөз» романы, оқиға, ақыл, біз, жиырма, үйрену, үлкен, меруерт, Алматы, Құрманғазы, Уһ, спорт. 

№2 
Мәтіннен тұрлаулы мүшелердің астын сызып, тиісті жерге сызықша қой. 

Қайың күй таңдамайтын ағаш. Лупа үлкейтіп көрсететін қарапайым құрал. Оның негізгі бөлігі үлкейтіп көрсететін шыны. Қиярдың шыққан жері Үндістан. Оттегі түссіз газ. 

№ 3 
Мәтіннен жақсыз сөйлемдердің қандай жолмен жасалып тұрғанын анықта. 

Досанның тауға қайтадан барғысы келді. Жәрдемшіге хабар айтуға болады. Командирге тіл қайыруға болмайды. Абайдың ішек-сілесі қатып еді. Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып болмайды. Әлден уақыттан кейін жұрт аяғы басылды. Туыстарыма жетудің сәті түсе қалды. 

№ 4 
Мәтіннен толымды және толымсыз сөйлемдерді тап. 
Мен сол күні кеште Маратов Мақсатпен ұзақ отырдым. Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынады. Агроном қаулай шыққан жас егіннің тынысын тыңдағандай сүйсіне сөйледі. Біркелкі жақсы өсіпті. Май айының жаңбыры да болысып жіберді. Базар апайды бұл маңда білмейтін адам жоқ. Сол себепті де мына салтанатқа шақырылып отыр. 



№ 5 
Мәтінді көшіріп жазып , салаластың түр- түрін ажырат. 

Сәуле біресе отыра қалып жазды, біресе комбайнның макетімен шұғылданды. Мен де шат, мендей және халқым да шат. Ана әлдебіреу келер деп күтті, бірақ ешкім келмеді. Асқар онша әнші жігіт емес еді және оның даусы да пәлендей қоңыраулы болмайтын. Жүріп келе жатып сөйлеу қиын ғой, сондықтан бұлар үндемей келеді. Генри үлкен қып отты жақты ,өйткені ол өз денесі мен қасқырлардың тісінің арасына от қана кедергі болатынын біледі. 









№ 6 
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырат 

Жұртқа белгілі шешен, данышпан болған соң, хан Жиреншемен қас болған. Вагонға кірер сыртқы есікті ашып, Асқар далаға қараса, ала шұбар бұлты бар айлы түн екен. Біз ұшып шыққалы, он үш сағат болды. Қалған топтың барлығы да сар желіп отырып, Абайларды қуып жетті. Егер түзу көрінсе , ойлап - ойлап құлаққа іл. 


№ 1 
Тексті оқып шығып , жай шырайдың астын түзу , салыстырмалы шырайдың астын ирек, күшейтпелі шырайды үзік , асырмалы шырайды нүктелі сызықпен белгілеп көшіріңдер. 

Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ – тобымен жайылады. Қақтан немесе суаттан су ішеді. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарап, қауіп төнсе , пысқырып дыбыс береді. Сол кезде олар жел қуған қаңбақтай жөкңи жөнеледі де, лезде көзден ғайып болады. Ақбөкендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Бөлекшелігі тұмсығы жалпақтау, басы үлкен. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Қашанда еңгіштеу омақаса құлайтындай көрінеді... 
Көздері мөп- мөлдір , қайнар суындай тұп- тұнық , кіршіксіз. Ақбөкен өте сақ , селт еткен шөптен де үркеді, қарайған қарадан қорқады. Пайыз таппай, жүрсе жайылады. Аса қатты шошынған кезде суатынан безіп, апталап су ішпей жүреді. 

№ 2 
Көп нүктенің орнына салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын қойып көшіріп жаз. 

Виноград алмадан тәтті... Наташа Сәуледен аласа... Бүгін кешегіден жылы.... Оспан Дәулеттен жас... Алматыға Жамбыл Шымкенттен жақын.... Жүн мақтадан жұмсақ.... Ертіс Іледен кең... Менің пальтом сенің пальтоңнан жаңа.... 

№ 3 
Сөйлемдерді оқып, сын есімдерді тауып, олардың сөйлем нің қай мүшесі болып тұрғанын айтыңдар 

Оған ол атаққұмар , қызба, елікпе, тұрақсыздау адам болып көрінген. Олар сайдың тасындай сайланған өткір жігіттер. Радист Сергей кішкене қобдишадай рациясын алып, осы топпен бірге кетті. Қулық та ақылды адамның қасиеті. Адам тастай берік, гүлдей нәзік. Ойға терең бол, өсекке керең бол. 




№ 4 
Төмендегі сөйлемдерді оқып, сын есімдердің қайсысы сапалық, қайсысы қатыстық сын есім екенін айтыңдар. 

Оңтүстікке қарай баяу жылжып жүзген жұқалаң, қабыршақ ақша бұлт көрінеді. Бұлардың ортасында кішілеу денелі, қысқалау қара бұйра шашты, қараша кісі отыр. Аршыған жас теректің қышқылтым иісі танауды қытықтайды. Балапандардың ақ мамығының орнына сарғыштау, қоңырқайлау қауырсындары жетіліп келе жатты. Менің астымда жортақылау тапал торы ат, ер- тоқымым ескілеу, жолдасым – сиректеу сақал – мұрты бар, қара бұжырлау кісі. Көзінің сыртқы шарасы томпақтау және ұзынша біткен. Жіңішкерек боп кең созылған ұзындау қастары мен ойшыл көздері Абайды өзге жұрттың ішінен оқшауырақ етіп көрсетеді. Паравоздың ақшыл қоңыр түсті бұйра түтіні шұбатыла еріп келеді. Әнипа жеңгей ат жақты сопақша жүзін қонақтарға бұрды. 

№ 5 
Сөйлемдерді оқып сын есімдерді тауып астын сызыңдар. 

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан. Айсыз , бұлтсыз түнде масайраған көп жұлдызды күндегендей шоқая отырған төрт көз төбет көкке қарап ұлуда. Алдынан кесірлі жылқышы шығып , егінге түскенін білсе де , түгі кетпей сүйсінгендей болып, малын түгендеді. Саудагер жігіттің жейрен бешпент жағасын жырта жаздап керіп бара жатқан қызыл қоңыр мойнына көзі түсті. Ақ киімді , денелі , ақ сақалды , Соқыр , мылқау , танымас тірі жанды. Үсті –басы ақ қырау , түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. 

№ 6 
Етістік түбірінен жасалған сын есімдерді бір бөлек, есім түбірден жасалған сын есімдерді бір бөлек топтап жаз. 

Озбыр, сүзеген, тапалтақ, түнемел, жазғыш, абыройлы, ауыспалы, сезгіш, айлалы, күлдіргі, еріншек, аудандық, қуақы, түпкілікті, сұраншақ, жершіл, ойшыл, сүттей, дөңгелек, ерттеулі, тершең, басыңқы, ұғымтал, күзгі. 

№ 7 
Төмендегі сын есімдерден асырмалы шырай жаса. 

Кең.Тар. Қатал. Қатты. Жуас. Жарақ. Ашық. Әдемі. Сұлу. 



№ 1 
Сөйлемдерді оқып, топтау сан есімдерін тауып, олардың жасалу жолын, жазылу емлесін есте сақтаңдар. 
Әр совхозда 20-25 мың гектардан тың көтеріпті. Ең шығымды учаскелер бұл совхозда 30 центнерден астық берген. Ұзын көшесі үшеу- төртеуден , көлденең көшесі бесеу- алтаудан аспайтын шағын поселкалар. Жері , ауа райы бірдей бола тұра, жаңбыр тамбаған күннің өзінде де, былтырғы залогтан гектарынан 16-20 центнерден , биылғы залогтан үш центнерден өнім түсіпті. 

№ 2 
Тексті оқып шығып , неше? нешеу? қанша? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып , олардың қандай сан есім екенін айтыңдар. 

Біз екеу едік. Жолдасым отыз- қырықтардың шамасындағы адам. Жел артымыздан, ауылдан он- он бес шақырым шықтық. Жаздай жайлап, жердің шаңын шығарып тастаған жайлау орнын ақ жарып , құбылаға бет алып жатырмыз. Бірді- екілі шалшық сулардың басында ұйлығып отырған топ- топ қаздарды көресің. Елдің жұртында жер ошақтың араларындағы сүйек- саяқтарға, елдің сыртындағы ескі апандардың маңайына тасталған бірен- саран өлімтікке он шақты қарақұс жиналып , қарғалар той тойлап жатыр. Жүрген сайын жер өнбегендей, сол ұшы- қиыры жоқ елдің жайлауы бітпейтіндей көрінді. Бір белеске шықсаң, екінші белес ұшырасады. Бұл атаның баласы –жүз елу- екі жүз үйлер. Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады. 



№ 3 
Төмендегі есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жаса 

90, 100 ,150, 300, 425, 1532, ,981, 674, 968 



№ 4. 
Төмендегі есептік сан есімдерден топтау сан есімдер жасап, оларды сөзбен жаз. 
2,3,4,6,10,20,40,60 ,70,80,90,100,1000 



№ 5. 
Мәтін ішіндегі сан есімнің қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықта. 

Адам организмінде 300 грамдай тұз бар. Ол тұздың қоры термен т.б. шығарылып , тағам құрамындағы тұзбен толықтырылып отырады. 
Адамға тәулігіне 10-15 грамдай ғана тұз керек. Одан артық пайдалану зиян. Артық тұз гипертония ауруына қоздырады. 

№ 6 
Төмендегі бөлшектік сан есімдердің дұрыс аталуын түсіндіріп, санмен жаз да, қандай сан есім екенін анықта. 


№ 1 
Төмендегі есімшелерге лайықты зат есім ойлап, жедел жауап жаз. 
Еңкейген....... 
Қаңғыған.... 
Еңбектеген... 
Ерінбеген... 
Жайнаған... 
Жайқалған... 

№ 2 
Сөздерді оқып, етістіктердің түбірлері мен жұрнақтарын бөліп жаз. 

Жазыңқыра, жазыс, жаздыр, жазыл, жазғыз, жаздырт. 
Сөйлет, сөйлес, сөйлеткіз, сөйлестір, сөйлеңкіре. 
Ойлан, ойлас, ойлат, ойлаттыр, ойлатқыз, басқарыс, басқарт. 

№ 3 
Мәтіннен мақсатты келер шақты тап. 

- Қоныстануға өзіміздің ескі там бар ғой. 
Биыл осы бала үшін соны қыстамақпын. Мал іші береке, тамағы тоқ. Бірақ қайтемін, мұны тастап қайда барамын? Аштан өліп жатқан кісі жоқ қой. Күнкөрістің бір реті болар. 
- Дұрыс. Жол жүріп келген екенсіңдер. Онда бүгін барып демалсын, ертең осы балалармен бірге мектепке келсін. Өзіңіз орталықта болады екенсіз, жай-күйін біліп тұрарсыз. 

№ 4 
Өлең шумақтарынан қалау райлы етістікті тап. Жаттап ал. 

Гүлі сұлу орманды 
Сусатпағым келеді. 
Жүзі жылы жандарды 
Құшақтағым келеді. 
Атадан ұл туса игі, 
Ата жолын қуса игі. 
Өзіне келер ұятын 
Өзі біліп тұрса игі. 


№ 5 
Мәтінді көшіріп жазып, етістерді тап. 
Шексіздік 
Адам миының таңғажайып қасиеттері туралы біз өте аз білеміз. Ғалымдардың айтысына қарағанда, мидың мүмкіндігінде шек жоқ. Қазіргі уақытта адам баласының миын ең күрделі компьютермен салыстырып жүр. Бұл сөздің шындығында шүбә жоқ. Адам баласының тарихында мидың мүмкіндігін танытатын мысал көп. 
Ұлы математик Леонард Эйлер күрделі сандарды жаңылмай айтып, жұртты таң қалдыратын болыпты. 

№ 6 
Бір тұлғалас етістіктің бір сөйлемде салт етістік, екінші сөйлемде сабақты етістік болып тұрған себебін тап. 
Шым су тоқтатар, шын сөз тоқтатар. Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар. Өзен тасымайтын еді, оны көп жауын тасытты. Көп жауын өзенді тасытты. Адал еңбек адамды ойлағанына жеткізеді. Адам адал еңбекпен ойлағанына жетеді. Серік інісіне өкпелепті. Серік інісін өкпелетіпті. Адам сөзден азады. Сөз адамды аздырады. 

№ 7 
Өлеңді көшіріп жазып, есімшелі сөздің астын сыз. 
Жағама қолдың тигенін 
Жалғыздық , сенен көремін. 
Жамаулы киім кигенім 
Жарлылық , сенен көремін. 
Жақыннан көрдім талқы көп. 
Жасым жетпей он беске, 
Қорғайтын жан адам жоқ. 
Кәрі ақсайды ақылдан, 
Ер ақсайды жақыннан. 



№ 8 
Сөздерді оқып, туынды етістіктердің түбірлері мен жұрнақтарын 
ажырат. 
Жөнде. Өкпеле. Тағала. Құшақта. Жұқар. Мертік. Жолық. Сырқыра. 

№ 9 
Көшіріп жазып ,шартты райлы етістіктің астын сыз. 
Алтау ала болса ,ауыздағы кетеді, 
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 
Тіл тас жарады, 
Тас жармаса ,бас жарады. 
Батыр туса-ел ырысы, 
Жаңбыр жауса- жер ырысы. 
Ердің жақсысы елімен ойласады, 
Әйелдің жақсысы ерімен ойласады. 
Ер жігіт екі айтпайды, 
Айтса, қайтпайды. 


№ 10 
Мақал- мәтелдерді оқып , мазмұнын түсіндір. Көшіріп жазып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктің астын сыз. 

Білегі мықты бірді жығар, 
Білімі мықты мыңды жығар. 

Оқысаң – озарсың, 
Оқымасаң- тозарсың. 

Ерінбеген етікші болар, 
Ұялмаған өлеңші болар. 

Ой түбінде алтын бар, 
Ойлай берсең табарсың. 
Жолың ұзақ болғанмен , 
Жүре берсең барарсың. 

№ 11 Мәтінді көшіріп жаз. Етістіктерді тауып , олар келер шақтың қай түрінде тұрғанын ажырат. 

- Бұл ауылнайдың әдеті емес пе, бізге келсе әкіреңдей келетін. Құдай қорлағырлар , қорлауын қоймайды, басынуын қоймайды. « Кедей аз атаның баласы , бұлардың қолынан не келеді деп басынады »,-деп, Күріш бірсыпыра шаптықты. 
Сүйткенше болмай , сүріне – қабына милицияның бірі үйге кірді. 
- Жақияның әйелі , далаға шық , ауылнай шақырып жатыр ,-деді. 

№ 12 
Мәтінді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз. Етістіктерді тауып, мақсатты келер шақты анықта , қалай жасалып тұрғанын түсіндір. 

- Қоныстануға өзіміздің ескі там бар ғой. Биыл осы бала үшін соны қыстамақпын. Мал іші береке, тамағы тоқ. Бірақ қайтемін, мұны тастап қайда барамын? Аштан өліп жатқан кісі жоқ қой. Күнкөрістің бір реті болар. 
- Дұрыс. Жол жүріп келген екенсіздер. Онда бүгін барып демалсын, ертең осы балалармен бірге мектепке келсін. Өзіңіз орталықта болады екенсіз, жай- күйін біліп тұрарсыз. 

№13 
Мәтінді оқып, мазмұнын айт. Әңгіме мазмұнының желісімен « Ана мейірімі « деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Мақсатты келер шақ етістіктерді тауып, жікте. 

Жантас көршінің үйіне қарай шығатын әлгі бір жалғыз аяқ жолды да бітеп тастамақшы еді, ойланып біраз тұрды да, оған қолы батпады. Кішкентай үш баласы үйректің балапанындай тізіліп сол жолмен Мейрамбүбі апаның үйіне баратыны есіне түсті. 
Кемпір кішкентай балақандарды жаны қалмай жақсы көрер еді. Өзіне әлі немере біте қоймағаннан ба , әйтеуір , әлгі Жаппастың қара домалақ балаларының асты- үстіне түсіп бәйек болып жататын. Шығарға жаны басқа , өз туғанынан кем көрмек емес еді. 

№ 14 
Сабақты және салт етістіктерді анықтап , салт етістікті түзу сызықпен, сабақты етістікті ирек сызықпен сызып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. 

Адам туа білмейді, жүре біледі. Оқы да біл, ойна да күл, бірақ жұмысты ұмытпа. Қаңбақтың ұшарын жел біледі, қонарын сай біледі. Малды бақсаң, қой бақ, май кетпейді шарадан. Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды. Еңбек ерді танытады, ер елді танытады. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!