Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Біріккен сөздер күрделі сөздердің бір түрі екендігін, жасалу жолдарын меңгерту, біріккен сөздің айырмашылығын түсіндіру біріккен сөз, кіріккен сөз туралы жан жақты теориялық білім беру.
Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге, ұлттық ойын жетілдіруге, сөйлеу мәдениетін шеберлендіруге түсуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөз байлығын, сөздік қорын байыту. Ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту. Біріккен сөздердің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылыққа сай нормаларын меңгерту арқылы сауаттылықтарын дамыту.
Көрнекілігі: Тірек сызба, сурет, кесте, қағаз, бейджик
Қосымша әдебиет: Қызықты грамматика, дидактикалық материал 6-сынып
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, өзіндік ізденіс, салыстыру
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын тексеріп, көңіл аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен материалдардан алған білімдерін тексеру үшін сұрақ тапсырма:
Сөздер құрамына қарай неше топқа бөлінеді?
Дара сөздер мен күрделі сөздердің ара қатынасы қандай?
Күрделі сөздер сөз тудырудың қандай жолдары арқылы жасалады?
IIІ. Жаңа сабақ: Біріккен сөз.
Мына суреттерге зер салайық. Бұл суретте бейнеленген түйе мен құс.
2+бас+тұз. Бұзау+бас. Түйе + құс.






2) Мына сөздерді салыстыр:
Ат-мін-бұл түбірлер қосымша қосылу арқылы ғана жаңа бір ұғымды беріп тұр. Ол – болыс-билер деген мағынаны білдіреді.
Үш түбірдің бірігуі арқылы жасалып тұр, жердің аты.
Осы мысалдарды талдау арқылы біріккен сөздің ережесін оқушылардың өздері шығарады.
Біріккен сөз деп – екі немесе бірнеше түбірдің бірігуі арқылы жасалып, жаңа бір ұғымды білдіретін сөздер.
3) Топтастыру стратегиясы.
а) Оқушыларға өздері білетін біріккен сөздерін жаздыру. Мысалы: жолбарыс, Ақшұқыр, Гүлдана, асқазан, алтыбақан, ақсақал, бірнеше, күздігүні.
ә) Жазған біріккен сөздердің мағынасын айтқызу және атауларының бірыңғайлығына қарай топтастыру.
Аң, құс, жәндік, өсімдік: Ойын атаулары: ақсүйек, алтыбақан
тасбақа, қосаяқ, көкқұтан, түйеқұс
Дене мүшелері: асқазан, Қоғамдық өмір, тұрмыс ұлтабар, тоқішек
Біріккен сөз

атаулары: баспасөз,
еңбеккүн, қолбасшы Кісі аттары: Орынбасар,

Ерасыл Аманжол,
Географиялық атаулар:
Темірқазық, Қызылорда Мезгілге байланысты атаулар: Алакөл, Ақбозат биыл, бүгін, қыстыгүні
Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар: ешкім, ешқашан, әрбіреу
Қазақ тілінде біріккен сөздің екі түрі бар.
Біріккен сөз



Қайны – қайын іні Күндіз – күннің жүзі
Бүгін – бұл күн Қарлығаш – қара ала құс
Бас+мақала Биыл – бұл жыл
Қара+торғай Сексен – сегіз он
Жол+барыс Тоқсан – тоғыз он
Сегіз+аяқ Ілгерінді кейінді Білезік – білек жүзік
Тұлғалары сақталады Тұлғалары дыбыстық
Түйе+құс өзгерістерге ұшырайды
Біріккен сөз Кіріккен сөз


Ықпал
Күрделі сөздегі түбірлердің өзгеріске ұшырап бірігуін, қазақ тіл білімі ғылымында кіріккен сөз деп атайды.
Мысалы: Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда... (Абай)
Жаздыгүн – жаздың + күні,
Бәйшешек – бай + шешек
Өз тілімнің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің қадіріне жету екі талай.
(Бауыржан Момышұлы)
Момыштың ұлы деген сөз болған. Кейін зерттеле келе, әке атына ұлы, қызы болып жалғанғанда, -тың қосымшасы түсіп қалған.
-Кәне, балалар, қайсымыздың аты – жөніміз екі немесе үш түбірден келіп тұр екен?
Мысалы: Кенже + болат, Ер + болат, Самиғолла + қызы, Аман + гүл, Ақ + гүл, Ай + гүл, Ерке + бұлан(Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ата-тектерінің шығуын білмекке деген ынтасын арттыратыны сөзсіз)
IV. Білімді бекіту жұмысы.
Оқулықпен жұмыс
78-жаттығу.
Біріккен сөздің ережесі, жасалу жолдары.
Біріккен сөздер Кіріккен сөздер
Көкшетау, Алтыбақан, Қосаяқ, Айнамкөз, Жаздыгүні Қазанғап, Әнеугүні,
Желмая,Тайбурыл,Кемпірқосақ,Екібастұз, Белбеу, Өмірзақ, Бегәлі,
Қызылжарқұдық, Қартбай, Әбілқайыр, Есенгелді, Нұргелді, Нұрғожа,
Қаламқас, Әбілқадыр. Нұрғиса, Есенғұл, Қарагөз,Айғыз.
79-жаттығу.
Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккенін көрсетіңдер.
Қаптесер – қап және тесер сөздерінен біріккен, тышқанның бір түрі.
Темір + қазық - жұлдыз атауы.
Күрке + тауық - үй құсы.
Соқыр + ішек – ауру аты
Сәтбай + қызы – кісі аты.
1 – тапсырма. Махамбет ауданындағы, өзіміздің өлкедегі біріккен жер – су атауларын жаз.
Қосарал, Қызылүй, Бесбатыр, Мәребай, Қарабай, Жалғызтерек, Қарасу, Жаманқала, Талдыкөл, Аққайың, Сартоғай, Ақтоғай, Жақсыбай.
2 – тапсырма. Жұмбақтардың шешуі біріккен сөз, шешуі болған сөзді фонетикалық талдау.
Тарбаң – тарбаң тарбиған, Сап – сары көйлегі,
Түрі жаман жарбиған. Қап – қара түймелі,
(Тасбақа) Көрсетер сүйгенін
Басының игені
(Күнбағыс)
Тасбақа
1.Жуан буынды сөз
2.Тасбақа сөзінде 3 буын бар
Тас-1б.б ба-а.б. қа – а.б.
3. тас
ба 2 жағдайда тасымалданады
қа
4.Екпін соңғы қа буынға түседі.
5.тас - бақа
6.тасбақа
Берілгені: тасбақа
Шешуі: тасбақа 7 о = 3□ о (3а)+ 4∆ (т,с,б,қ)
1) Тілдің қатысына қарай
2)Жақтың қатысына қарай
3) Ерін мен езудің қатысына қарай 
Дауыссыз дыбыстарға мінездеме
2) Сыңарын тап ойыны. Бірінші қатарға алғашқы сыңары, екінші қатарға екінші сыңары. Осы сыңарлардың мазмұны толық біріккен сөздер жасау тапсырылады. Әуе + жай, дәйек + сөз, жастық + қап, жеті + жылдық, сары + ағаш, ел + таңба, жәрдем + ақы, қыл + қалам, ит + мұрын.
3) Музыкалық әліппе. Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?
Соның ішінде қандай біріккен сөздер бар? Шаңқобыз, сазсырнай, қылқобыз, шыңдауыл, месқобыз, домбыра, жетіген, шертер, сыбызғы, дабыл, тұяқтас.
4) Шығармашылық жұмыс. Ертегі құрастыру.
I топ. Аңдар (Ақбөкен, Тауешкі, Жолбарыс)
II топ. Құстар (Көкқұтан, Жарқанат, Бозторғай,
Күркетауық)
III топ. Жәндік (Саршұнақ, тасбақа, қарақұрт)
5) Эстафета ойыны
Екі бағандағы сөздерді біріктіріп жаңа бір сөз жаса.
Түйе қазан
Ақ құс
Ас қосақ
Ала сорғыш
Кемпір бота
Шаң тапқыш
Боз сүйек
Өнер інген
V. Сабақты қорытындылау.
Венн диаграммасы бойынша оқушының біріккен және кіріккен сөздерді салыстыруы арқылы қорыту.
Б. С
Түбір тұлғалар сақталады
К. С
Түбір тұлғалары
сақталмай дыбыстық өзгерістерге түседі
Екеуі де бірігіп жазылады
VІ. Үйге тапсырма. Біріккен сөздерді қатыстыра отырып, өзің тұрған мекенді суреттеп мәтін құрау.
VІІ. Бағалау.