Орал «Мақсат» медициналық колледжі.

Бекітілді
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
________Коптлеу А.Б.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай аудиториядан тыс тәрбие шарасының әдістемелік жасалымы
Тақырыбы:
«Қазақстан: кеше, бүгін, болашақта!»
Мамандығы 0302000 «Медбикелік іс»
0304000 «Стоматология»
ҚАРАЛДЫ: Дайындаған:
Жалпы білім беру, жалпыгуманитарлық
және әлеуметтік-экономикалық №1 Мустафиева Э.Б.
әдістемелік циклдік комиссия отырысында
Хаттама №3 «20» қараша 2018 жыл.
ӘЦК төрайымы Мустафиева Э.Б.
КЕЛІСІЛДІ:
Колледж әдіскері: Коцелл С.О.
2018 жыл
Тақырыбы: «Қазақстан: «Кеше, бүгін, болашақта!»
Шараның мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тарихын құрметтеуге үйрету, адамгершілік,
патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және
қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Отан, туған жер, ерлік туралы нақыл сөздер, ел тарихын бейнелейтін
суреттер(слайдтар) , фильмдер, бейнеклиптер көрсетіледі.
Шараның түрі: тарихи-танымдық шара
Өтетін орны: акт залы
Өтетін уақыты: 11.12.2018. 1530
Тобы: Мс-01; Дт-01.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Оқытушы сөзі.
Жүргізуші: Тюлешова Ару
Дұғай сәлем үсті-үстіне айта берсем ағыла
Көкіректе күй боп жатқан, сұрай қалсаң тағы бар
Әсем көктем гүлдеріндей, көз тұндырып жайнаған.
Армысыздар, ұстаздарым, тарихты айтып жырлаған.
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Меңгі бақи шырқалады
Республика әнұраны! (әнұран орындалады)
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 27 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. 27 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн.
Жүргізуші:
Қазақ халқының көкірегінде шер боп қатқан осы бір кезең, туған жерінен, елінен жұртынан айрылған ен далада жосыған халық, жоңғар шапқыншылығы. Тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»деген атпен қалды. Бұл шапқыншылық өте ауыр із қалдырды. Жүз елу жылға созылған үздік-создық шайқастар екі жақтың да келешегі үшін ауыр зардаптар әкелді. (Фильмнен үзінді)
Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен, Отан үшін талай ерлер мерт еткен. Болмасыншы, болмасыншы қан соғыс,
Соғыс десе жүрегіміз селт еткен.
«Соғыс» деген суық хабар Қазақстанның барлық жеріне 1941 жылы маусымның 22-сі күні-ақ жетті. 500 ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры Атағын алды.
(Фильмнен үзінді)
Жүргізуші:
Қазақ халқы сондай-ақ 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар – намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Саната: Атыңнан айналайын, қазақ деген,
Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай,
Көрсеңде көресіні азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын, қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда тірлік бар деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.
Ал ендеше қызыл тіл, мейлінше сайрап қал,
Егемендік әкелген Ербол, Ләззат, Қайраттар,
Өскемендік Сәбира, Шыңғожалық Нұртайлар,
Келер ұрпақ үшінде құламайтын байрақтар.
Айналдың мұндай ұлдардан, Ләззаттай қыздардан,
Нағыз атом кемесі Арктикада мұз жарған.
Аман болсын еліміз, жемісті болсын жеріміз,
Құдайым мәңгі сақтасын желтоқсандай ызғардан.
Жүргізуші:
Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
Өсер ұлдың әр сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы!
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
(Фильмнен үзінді)
Желтоқсан оқиғасына арналған қандай әндерді білесіздер?
Ән: Қара бауыр, қасқалдақ. Шығу тарихына тоқталу-Уалиева Камила
Әнін орындайтын: Эргашева Жанар
Осы желтоқсан оқиғасына арналған бейнеклипті тамашалаңыздар.
Ән: «Желтоқсан желі»
Монолог: «Желтоқсанның желі-аязы ызғары» - Кенжеғали Фариза
Жүргізуші:
Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметірін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің. Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің. Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан-елім менің!
Нұрсұлтан: Құдай оңдап, ата-бабам аруағы қолдасын!
Қазақстан гүлі енді ешқашан да солмасын.
91-де еркіндікке қолы жетті халқымның ,
91-де аты-шықты кең даламдай ұлтымның.
Есін жиып, қазақ халқым басшыларын ойлады.
Әбішұлы Нұрсұлтанды президент қып сайлады.
Бақыт құсы әр Адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді Баққа жолықтыр!
Бүгін міне, Тәуелсіздік, ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр.
Жүргізуші:
Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 27 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
(Президент жолдауы.)
Рахат : Тәуелсіздік алған елім Қазақстан тірегім,
Әрқашанда елім менің –деп соғады жүрегім.
Ата-баба армандаған азаттыққа жеттік біз.
27 - жыл бопты, міне, егемендік алғалы,
Бостандықтың құрсауынан көзімізді ашқалы.
Өз туымыз, өз еркіміз өзімізде шүкірлік,
Елбасының Жолдауына етпейік біз күпірлік.
Елімді де, жерімді де бай деп мақтай аламын,
Қазақ тілін сақтауға бар күшімді саламын.
Ән: «Алға, Қазақстан» орындайтын- Бақытжан Абдірахман
(Бейнеролик көрсетіледі. Болашақтағы Қазақстан)
Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағатты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі - дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Қазақстан: кеше, бүгін, болашақта» атты тарихи-танымдық шарамыз өз мәресіне де жетті.
ӘН: «Атамекен»
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды
болсын деп тілейік!
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!