СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақстан қола дәуірі кезінде

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Планирование урока по теме: Қазақстан қола дәуірі кезінде

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан қола дәуірі кезінде»

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс

I

Топ

АУП-215

Сабақтың № 5-6


Мамандығы-біліктілігі:

1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

1302012 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесары


Модульдің атауы

БМ06 "Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан тарихының

рөлі мен орнын түсіну".


Сабақтың тақырыбы

Қазақстан қола дәуірі кезінде. Кейінгі қола дәуірінің Беғазы-Дәндібай мәдениеті.


Күні

__.___.2018 ж.

Ұзақтығы

2 сағ. /90мин/

Сабақтың мақсаты:


Білімділік:

- қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың әлеуметтік құрылысы жөнінде мәлімет беру, тас, темір дәуірі ерекшеліктерімен салыстыра отырып, талдау;


Дамытушылық:

-тақырыпты талдай білуге және олардың

арасындағы байланыстарды айқындай білуге баулу.

Тәрбиелік:

-студенттердің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің патриоты болатындай етіп тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

а) студенттер тас ғасырының тарихи мәнін түсінеді;
ә) тас, темір кезеңімен салыстырып талдау жасай алады;
б) мәдени ескерткіштерді оқып-үрене отырып, пікір қалыптастырады;
в) Қазақстан жеріндегі тарихи мәдени мұраларды құрметтеуге қатысты түсінік қалыптасады;
г) тақырыпқа қатысты кестелер мен тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы мағлұматтарды терңірек есте сақтау қабілетіне ие болады.


Сабақтың түрі:

Аралас


Қажетті жабдықтар мен құрылғылар:

Интерактивті тақта, ноутбук, электронды карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.


Қосымша әдебиетттер:

Ч.Мусин. Қазақстан тарихы, Алматы 2005 жыл.,Қазақстан тарихы,




Сабақтың конспект-жоспары

Сабақтың барысы

Уақыты (мин.)

Іс-әрекет түрлері

Оқу ресурстары мен

материалдары

1. Ұйымдастыру кезеңі:


2 мин.

Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу.

М. Чапайдың "Қазақстан тарихы"оқулығы,

АКТ, электронды тарихи карталар, кестелер, тест тапсырмалары, бейнематериал.



2. Үй тапсырмасын тексеру:


Тас ғасырының гүлденуі....

Тас ғасырының ерекшеліктері....

20 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,

2) реферат қорғау арқылы,

3) карточка арқылы,

4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы.

3. Жаңа сабақты меңгерту:

- Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)
- Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)
- Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
- Жеке меншік (жекелеген отбасылардың байлығы)
- Абыздар (рудың ежелгі салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)
- Тотемизм (шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
- Фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
- Анимизм ( жанға, рухқа сену)

50 мин.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқулықпен жұмыс

Тақырыптық презентацияны қарау

Тақырып бойынша талдау жасау

Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу

4. Алған білімдерін бекіту:

1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет - бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев)
3) Беғазы - Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай - қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало - Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)

10 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,;

2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды;

3) тақырып бойынша кесте толтырады;

4) блиц-тест орындайды;

7. Үйге берілген тапсырма:

Мусин Ч. Қазақстан тарихы очерктер А «Дәуір» 2005, §3. 21-бет. Мәтінді оқып, әңгімелеп өз сөзімен айтып беру және мәтін соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу.

Қосымша материалдарды пайдаланып, «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» деген тақырыпқа баяндама әзірлеу

3 мин.

Жаңа тақырып бойынша презентация, реферат, баяндама, эссе, шағын конспект әзірлеу.

8.Сабақты қорытындылау.

5 мин.

Студенттердің білімідерін бағалау




Пән мұғалімінің қолы________________