Кесте дегеніміз – баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтардан тұрады. Құжатта кестені даярлаудың екі әдісі бар: 1-әдіс: Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте (Таблица) менюіндегі Қою →Кесте (Вставить →Таблица) командасын таңдаймыз. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қоямыз. 2 – әдіс: Егер кестені өзіміз салғымыз келсе,онда Кесте (Таблица) менюіндегі Кестені салу (нарисовать таблицу) командасын таңдаймыз. Кестені әрлеу үшін жолақтың кестемен жұмыс істеуге арналған Конструктор тіркеме парағын қолданады. Кестелерді ең алдымен дайын мәнерлердің көмегімен әрлейді. Жолақтың Кестелер мәнерінің өлшемдері тіркеме парағында мәнерлердің қандай элементтерге қолданылатынын көрсету керек. Кестелердің мәнерлері бөлімінде-жарамды мәнерді таңдаймыз. Егер сендер өз беттеріңмен әрлегілерін келсе,жолақтың басқа тіркеме парақтары керек болуы мүмкін. Кестенің ұяшықтарын қоршау және құйып бояу Әрлеуді таңдар алдында қоршау немесе құйып бояу амалдары орындалатын ұяшықтар тобын немесе кестені тұтастай ерекшелеп алу керек. Одан кейін келесі батырмалардың керектерін таңдаймыз: 1.Қаламұштың мәнерін таңдауға арналған батырма Төмен қарай ашылатын мәзірде әртүрлі сызықтар бар: жіңішке, жуан,қосарланған, пунктирлі,толқынды. 2 .Төменірек қаламұштың жуандығын таңдау батырмасы орналасқан Жуандық пункттермен к өрсетіледі . 3. Егер қажеттілік болса, қаламұштың түсін батырмасымен баптайды. «Басқа түстер» бұйрығын таңдағанда түсті баптаудың қосымша терезесі ашылады. Бұл терезеде түстің кез келген реңкін таңдайды. Қажет реңкті таңдағаннан кейін ОК-ді басамыз. Жуандықтың,қаламұштың, мәнер түсының параметрлерін орнатқан кезде кестелерде ештеңе өзгермейді. Кестелердің ерекшеленген ұяшықтарына жасалған өзгертулерді қолдану үшін батырмасын таңдаймыз. Бұл батырманың төмен қарай ашылатын мәзірі ұяшықтардың әртүрлі қоршауларынантұрады: Тек жоғары сызықты жүргізу, тек төменгі қоршауды өшіру, қоршауды тек ерекшеленген ұяшықтардың айналасында қосу немесе ішкі сызықтарды бірге сызу. Бұл мәзірде қара түспен жүргізілетін сызықтар,ал п унктирлермен-көрінбейтін сызықтар белгіленген. «Құып бояудың түсі» батырмасы ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ұяшықтар диапазоны ішіндегі түсті өзгертеді. |