Қазақстан тарихы
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдағы мәдениеттің дамуы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):
8.2.1.1 – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;
8.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
8.2.2.3 – ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау .
Тірек сөздер: Бата беру, әнші-композиторлар, дәулескер күйшілер, әйгілі суретшілер
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Бұл қасиет көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан.
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды.
Қазақ халқының қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрптары
Жасы үлкендерге құрмет көрсету
Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. Олар барлық мерекелерде , жиын-тойларда құрметті орындарға, төрге шығарылады.
Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы ертеден сақталған. Бата беру кейде өлеңмен, кейде көркем қарасөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. Батаны елге сыйлы, аузы дуалы ақсақалдар берген. Олар елге тыныштық, әр отбасына амандық, келер ұрпақтың бақытты, саналы азамат болуын тілеген. Сонымен қатар үлкен іс бастарда, жауға, жолға, аңға т.б. сапарларға аттанарда бата беріледі.
.
Қазақтың поэтикалық өнері,
Әнші-композиторлар
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897). Қазақстанның солтүстік өңірінде дүниеге келді. Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білді. Ақын әйелдердің теңсіздігін жою жөнінде жар салды. Біржан салдың “Айбозым”, “Ақ тентек”, “Біржан сал”, “Ғашығым”, “Айтбай”, т.б. 40-қа жуық әні бар.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) болды. Жаяу Мұса домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйренді. Көрнекті орыс ақын-жазушыларының шығармаларымен таныс болды. “Толғау”, “Бозторғай”, “Жанбота”, “Ғашығым” сияқты 60-тан астам ән шығарды.
Дәулескер күйшілер
Құрманғазы Сағырбайұлы Бөкей Ордасының
Жиделі деген жердінде дүниеге келген.
Біздің заманымызға оның сазгерлік
туындылары -60-қа жуық ғажайып, көркем
де асқақ сезімге толы күйлері жетті. Оның
“ Адай”, “Балбырауын”, “Сарыарқа”, “Ақсақ
киік”, “Түрмеден қашқан”, “Ертең кетем”,
“ Кісен ашқан”, “Қайран шешем” сияқты
күйлері бар.
Талантты және халық арасына кеңінен танымал, аса
көрнекті композиторлардың бірі-Дәулеткерей Шығайұлы.
Ол өз заманының білімді азаматтарының бірі болды. Халық
арасында оның “Жігер”, “Бұлбұл”, “Қоңыр”, “Тартыс”,
“ Желдірме” сияқты күйлері кеңінен тараған.
Тәттімбет Қазанғапұлы – қазақтың ХІХ
ғасырдағы аспаптық музыкасына қомақты үлес
қосқан сазгер-күйші. Ол халық арасына кеңінен тараған
“ Сарыжайлау”, ”Былқылдақ”, “Сарыөзен”, “Бес төре”,
“ Қосбасар” сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер
шығарды.
Құрманғазы
Тәттімбет
Сағырбайұлы
Қазанғапұлы
Ықылас Дүкенұлы
Дәулеткерей Шығайұлы
Тапсырмалар 1. Кестемен жұмыс
Атақты ақын, әнші, күйші, композиторлар
Аты-жөні
Туған жері
Қалдырған мұралары
“ Сұрақ-жауап” әдісі
1. Біржан сал Қожағұлұлы қай жерде дүниеге келді?
2. Батаны кімдер берген?
3. Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде не беретін болған?
4. Жаяу Мұса алғашқы білімін қайдан алған
5. 1843 жылы дүниеге келген атақты ақын, композитор-әнші:
6. Күй атасы, қазақтың аса ұлы күйшісі:
7. «Жігер», «Бұлбұл», күйлерінің авторлары:
8. «Ноғайлы босқыны», «Окоп», күйлерінің авторы:
9. Украинаның көрнекті ақыны, суретшісі қазақ халқының мәдениетінде өшпес із қалдырған:
10. «Ақсақ киік» күйінің авторы:
Үйге тапсырма. §43-44. ХІХ ғасырдағы мәдениеттің дамуы Тақырыпты оқу, терминдер мағынасын ажырату.