СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Кел билейік!» концерттік бағдарлама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, жеке баланың қабілеттілігін би өнері арқылы ашу, әсемдікті қабылдап сезіну және дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына ықпал тигізу.

Просмотр содержимого документа
««Кел билейік!» концерттік бағдарлама»

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, жеке баланың қабілеттілігін би өнері арқылы ашу, әсемдікті қабылдап сезіну және дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына ықпал тигізу.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата-аналар жәнеәріптестер.Сіздердің алдарыңызда №47-ші Бәйтерек бөбекжайының би жетекшісі Сандуғаш Аманжолқызының «Кел, билейік» атты концерттік шоуын назарларыңызға ұсынамыз.

Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын әр отбасының ұлдары мен қыздары,балғын бүлдіршіндері алдарыңызда би билеп,өнер көрсетеді.

Кімдер жүйрік өнерпаз «Кел, билейік»

Бөбекжайдың мақтанышы деп жүрейік

Көрермендер ду қол шапалақпен

Бүлдіршінге тек сәттілік тілейік.


Жүргізуші: Алдарыңызда бөбекжай педогогтары мен бүлдіршіндері.

Би: « Достық биі»


Жүргізуші: Талмайық қол соғайық кел көрермен

Тәп-тәтті қылығымен тек күлдірген

ІІ – кіші балаларын қарсы алыңдар

Сап-сары-ала аралар биіменен


Би: «Көңілді аралар»




Жүргізуші: Бұл ғажайып ертегілер әлемі

Әр кейіпкер қылығымен әдемі

Алдарыңда ән шырқайды Асылай

Өзі сондай сүп-сүйкімді әдемі

Ән: «Ертегілер»

Асылай Қаженова қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Ою-өрнек әдемі салып берген

Қандай ғажап киіз басу әріптерден

Киіз басу биі міне алдарыңда

Қазақтың ұлт – дәстүрін дәріптеген

Ортаңғы топ балалары «Киіз басу» биімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:Еліміздің ел қорғайтын ұл-қыздары

Өнерін дәріптейтін жұлдыздары

Барабан биіменен қарсы алыңыз

Бөбекжайдын бүлдіршін тек қыздары

Би «Барабан».


Жүргізуші: Өнерлі бүлдіршіндер алдарыңда

Таза жандар бір мін жоқ бойларында

Орыс биін билеп береді қарсы алыңыздар

Бір Самовар төрт кесе қолдарында

Би: «Көңілді самовар» ортаңғы топ балалары.

Жүргізуші: Айналайын түрлеріңнен

Топ-топ етіп жүгірген

Көңілді балалар биіменен

Қарсы алыңдар көрермен.

ІІ-кіші топ балалары «Көңілді би»

Жүргізуші: Егеменді елміз біздер әлемде

Аспанымыз ашық болсын әр елде

Бейбітшілікті дәріптейтін көгершін

Ұшып жүрсін ұшып жүрсін әуеде.

«Голубь мира» биімен ортаңғы топ балаларын қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Бөбекжайымыздың би жетекшісі С.Аманжолқызының сөзіне жазылған бөбекжай гимні: «Бәйтерек».



Жүргізуші: Құрметті көрермендер бүгінгі әріптесіміз С.Аманжолқызының «Кел, билейік» концерттік шоу бағдарламасы өз мәресіне жетті.Назарларыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!







Келісілді___________ Бекітілді__________

МКҚК №47 «Бәйтерек» МКҚК №47 «Бәйтерек»

Әдіскері: Куангалиева Р.С . Директоры: Тлеккабулова Г.Г.









«Кел билейік!» концерттік бағдарлама













Дайындаған: №47 « Бәйтерек»

бөбекжайының хореографы

Қажығалиева С. А.












Орал қаласы

2017 жыл