| (Ұ, Ж)Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма Балалар мектеп ауласынан кімдерді көріп тұрсыңдар? Балалар қандай киім киген? Олар бір бірімен қалай амандасты? Балалар бір-бірімен қалай танысты? Олардың жастары нешеде? Қыздар жапырақтан не жасады? Сұраққа жауап толық жауап береді. Танысу туралы өз ойларын айтады. 2-тапсырма. Балалар суретке қарап Əнуардың не айтып отырғанын жəне Айгүл мен Əлияның қалай сөйлесіп тұрғанын айтады. Сұраққа жауап бере отырып, балалар сөйлесудің түрлерімен; ауызша жəне жазбаша болатынын түсінеді. Сөйлеудің адам өміріндегі маңызын балалар сұрақтарға жауап бере отырып анықтайды. Сөйлеу арқылы адамдардың бірбірімен қарым-қатынас жасайтынын, бір-бірімен түсінісетінін біледі. Сөйлеу дегеніміз оқу, жазу, сұраққа жауап беру екенін біледі. Сонымен қатар қимыл арқылы өз ойыңды білдіруге болатынын түсінеді. Өз ойымызды ақырын сыбырлап жəне айғайлап жеткізетінімізді біледі. Бой сергіту жаттығуы: «Би билейміз» əнін қимыл-қозғалыспен орындайды. Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір. Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Бас аяқты – топ, топ, топ, Шапалақта – хоп, хоп, хоп. Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Басымызды иеміз, би билейміз, күлеміз, Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. (Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс 3-тапсырма Бірінші суреттегі баланың іс-əрекетін айтады. Екінші суреттегі қыздың іс-əрекетін айтады. |