Просмотр содержимого документа
«Кенесары Қасымұлы»
Кенесары Қасымұлы
(1802-1847)
Мағлұмат
- Орта жүздің ханы Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп ,1847 жылы Қырғыстанда Кекілік-Сеңгір аңғарында қайтыс болды.
- 1837 жылы қазақ ұлт азаттықтық көтерілісің бастайды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының әкесі Қасым хан болады. Қасым ханның екі әйелі болды.Бірінші әйелінен-Саржан,Есенгелді,Ағатай,Бөпи,Құшық және Кнесары, ал екінші әйелінен Наурызбай туды. Кенесары кіші кезінен ерлігімен көзге түседі. Кейіннен ержүрек батыр мен қолбашшы болады. Орыс тарихшысы Смирнов оны былай сипаттайды: (иығында полковник шенінің зерлі белгісімен басына барқыт бешпент киген Кенесары өзінің атын ойнақтата жүретін).
Көтерілістің басталуы
Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады. Кенесары Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын Кенесар бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: Николай І патшаға, Орынбор губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Д. Горчаковқа хат жолдады..Сол хатта Кенесары өзің хан етіп жариялайды.
Кенесары Қасымұлының ұлдары
Сыздық
Жұпар
Кенесары Қасымұлы
Омар
Оспан
Әубәкір
Шығай
Тайшық
Ахмет
Кө те рілістің күшейуі
- 1827 жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты.
Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді. 1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. Кенесары соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесарының әскері Қоқан хандығыныңиелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешітқамалдарын алды. 1843 ж. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей әскері мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Кенесары сұлтан ең алдымен 1837 көпестердің керуенін күзетіп келе жатқан Рытовтың әскерін тас-талқан етті. Кенесары қолы алғашқы ең көлемді әрекетін 1838 жылы 26 мамырда Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымұлы патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты 1836 — 38 жж. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды. 1840 жылғы Кенесарының Ташкентке жорық жасау жайлы ойынан бас тартуға тура келді. Себебі, сарбаздардың арасында жұқпалы ауру тараған болатын. 1844 жылы 21 шілдедегі түнгі шайқаста Кенесары қолы Ахмет Жантөреұлының әскерін тас-талқан етті. Ұрыс даласында патша үкіметін қолдаған 44 сұлтан ажал құшты. Ал Жантөреұлына көмекке келген Дуниковский Кенесарының әскеріне жақындауға қорыққандықтан ешнәрсе жасай алмады. 1845 жылы Кенесары ханның әскері Мерке бекінісін басып алды. Дәл осы жылы патшаның бұйрығымен Кенесары ауылына Долгов пен Герн елшілігі келді. Қос тарап ешқандай да келісімге келе алмады. Патша өкіметі көтерілістің алдыңғы нәтижелерін жоққа шығаратын қисынсыз талаптар қойғандықтан Кенесары патшаның барлық талабын орындаудан бас тартты.
Көтеріліс барысында болған басты оқиғалар
Кенесары Қасымұлы хан сайланды
1841 жылы
Керуен жолыындағы Рытовтың ірі әскерін талқандады
1838 жылы
Ақмола бекінісің қоршап, өртеп тастады
1838 жылы 26 мамырда
Ташкентке жорық жасаудан бас тартты. Себебі, сарбаздар арасында ауру тарады
1840 жылы
Мерке бекінісін басып алды
1845 жылы
Созақ,Жаңақорған,Ақмешіт қамалың басып алды
1841 жылы
Көтеріліс күшейе түскенімен қазақтар қарама-қарсы екі топқа болінді:б3реуі Кенесарыны қолдады,екіншісі патшаның саясатын қолдады
1844-1845 жылы
Хандықтың құлдырауы
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843 жылы шілденің 27 І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843 — 44 жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.Кенесары Тоқмақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.