СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 09.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кенесары Касымулы

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сынып Ашык сабак

Сабактын такырыбы:1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Просмотр содержимого документа
«Кенесары Касымулы»

8 – сынып Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кенесарының халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, көтеріліс барысына тигізген ықпалын бағалау. Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушыларды тарихи құбылыстардың күрделі кешендерін талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.

Тәрбиелік: Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Қорытындылау

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: К. Қасымұлы, С. Датұлы, Абылай хан суреттері



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. 3 мин

ІІІ. Оқушыларды топқа бөлу



Сабақтың кезеңдері:

1. «Тарихи көзқарас» (10 мин кестемен жұмыс)

2. «Көзбен кірпік қаққанша» (3 мин картамен жұмыс)

3. «Суреттегі сыр» (10 мин суреттерге мінездеме береді,

«Ұлт санасын оятқан ұлы тұлғалар»)

4. «Хат қоржынынан» (10 мин Кенесары жазған хаттардан үзінділер беріледі)

5. «Тұлғаны таны» ойыны (5 мин оқушылар тақтаға шығып сұрақ бойынша жұмыс)

6. «Венн диаграммасы» (3 мин диаграммалық талдау)



І топ “Тарихшылар”, ІІ топ “Зерттеушілер”, ІІІ топ “Сараптаушылар’’

1. «Тарихи көзқарас»

Бұл кезеңде 3 топқа үш түрлі тапсырмалар беріліп, әр оқушының тарихи көзқарасымен тақырыптың мәнін ашып постер арқылы қорғайды.

І топ. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері

ІІ топ. Патша үкіметінің жазалау әрекеттері. Ресейден келген елшілердің Кенесары ордасына келуі

ІІІ топ.. Көтерілістің жеңілу себептері Тарихи маңыздылығы

2. «Көзбен кірпік қаққанша»

Екінші кезеңде оқушылар картамен жұмыс жасайды.

І топ Ақмола

ІІтоп Орынбор

ІІІ топ Қоқан хандығы жерінде болған көтерілісті картадан тауып мағынасын ашып көрсетеді.

3. «Суреттегі сыр»

Үшінші кезеңде Кенесары суретіндегі сырды ашады.

І топ: Мінездеме береді

ІІ топ: Абылай ханға, С Датұлына

сипаттама береді.

ІІІ топ: “Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға” ретінде оқушылар өз ойларын

ортаға салады.

4. «Хат қоржынынан»

Төртінші кезеңде 3 топқа Кенесары жазған хаттарынан үзінді жазылған конверт таратылады. Оқушылар хаттағы жазылған үзіндіні жалғастырып толықтырады. Кенесарының хаттарынан

Хан қырғыздарға арнаған үндеуінде былай деп жазды: «Менің мұнда келгенімнің мақсаты, сендермен жауласу, қан төгісу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады».

«Біздің ата - бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл,

Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

Орынбор генерал - губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмірі сүреміз

5. «Тұлғаны таны» ойыны

1. 1382 жылы Алтын орданың ханы Тоқтамыс Мәскеуді өртеп жіберді. Оның мақсаты елінің билігін нығайтып, қарсыластарының алдында күштілігін дәлелдеу. Арада 500 жылдай уақыт өткенен кейін тағы бір қала Мәскеудің күйін кешті

Сұрақ: Өртенген қай қала? Оны өртеген адамның мақсаты қандай?

2. Абылай ханның ұрпағы, тарих ғылымының докторы. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті ашып жазғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған кім?

3. Ол өз кезінде өте білімді, Түркістан қаласы маңындағы Қарнақ медресесінде білім алған. Өз замандастарының айтуынша аласа бойлы, өте жігерлі адам болған. Ш. Уалихановтың мәліметі бойынша 12 әйелі, 30 баласы, 40 қызы болған. Жоңғарлардың атақты қоңтайшысы Қалдан цереннің баласымен жекпе жекте жеңіп оны өлтірген кім?

Жауаптары:

  • Ақмола бекінісі 1838 жылы 26 мамырда патшаның отарлау саясатына қарсылығын осылай бастады

  • Ермұхан Бекмаханов

  • Абылай хан

Тақырыптың тарихи маңыздылығын диаграмма түрінде талқыласақ

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс

Кіші жүзді Еділ Арал теңізін қамтыған

Қазақ фодалдарының арасындағы алаауыздық және ру аралық қайшылықтар

Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс

Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс он төрт жылға созылды



Отаршылдық езгіге қарсы бағытталған

Қазақ шаруалары, билер, старшындар қатысқан

Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтерілістер

Кенесасы Қасым ұлы бастаған көтеріліс

Феодалдық топтардың Кенесарыны қолдамауы

Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету

Бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлтазаттық көтеріліс

Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс он жылға созылды

















Тарихи маңызы:

  • Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс;

  • ХІХ ғасырдың Іжартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі;

Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті


Көтерілісті « шоқтығы биік көтеріліс» деп айтуға бола ма?

Қорыта айтқанда , жасындай жарқылдап өткен Кене бастаған 1837-*1847 жылдар аралығындағы жалпыұлттық қарсылық-мемлекеттік тәуелсіздігіміз бен ұлттық жаңғыруымызға жетер жолдағы еш уақытта өз маңызын жоғалтпайтын тарихи кезең.Ал Кене әрқашанда Отанға қызмет етудің биік үлгісі болып қала бермек.

Арқада Көкшетауға жер жетпейді

Басқа жер көңілді ондай тербетпейді,

Ту тіккен Абылай ата кең даламда,

Қазақта Хан Кенемен ер жетпейді

М.Жұмабаев.

7.Оқушыларды бағалау.

Хан Кене тұлғасына мінездеме.





































Хан қырғыздарға арнаған үндеуінде былай деп жазды: «Менің мұнда келгенімнің мақсаты, сендермен жауласу, қан төгісу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады».





«Біздің ата - бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл,

Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.





Орынбор генерал - губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмірі сүреміз














І топ.,



тарихшылар

Көтерілістің себептері

Мақсаты және қозғаушы күштері





ІІ топ.



зерттеушілер

Патша үкіметінің жазалау әрекеттері.

Ресейден келген елшілердің Кенесары ордасына келуі





ІІІ топ..

сараптаушылар

Көтерілістің жеңілу себептері

Тарихи маңыздылығы




Скачать

© 2018, 393 1

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!