Пәні: | Өзін –өзі тану |
Сыныбы: | 2-сынып |
Уақыты: | 28.11.13 |
Сабақтың тақырыбы: | Кешірімді бала – кішіпейіл бала 1сағ |
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: а) ақпараттық құзіреттілік: | Кішіпейілділік,кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту |
ә) коммуникативтік құзіреттілік: | Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту |
б) проблеманы шешу құзіреттілігі: | Кішіпейіл,кешірімді болуға тәрбиелеу |
Сабақтың типі: | Аралас сабақ |
Сабақта қолданылатын педагогика-лық технологиялар: | Ынтымақтастық, ойын, түсіндірме |
Сабақтың әдісі: | Практикалық, |
Пәнаралық байланыс: | Ана тілі, бейнелеу өнері. |
Оқыту құралдары: | Күннің, бұлттың суреті, оқулық, дәптер, сөзжұмбақ |
Сабақтың барысы | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже |
І. Ұйымдастыру бөлімі | - Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отыры-ңыздар. - Көңіл-күйіміз қалай? Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді. Қажетті көрнекіліктермен құралдарды дайындайды. Тыныштық сәті Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, көздеріңді жұмып, ыңғайланып отырыңдар. Балалар бір сәтке Табиғат Ана бауырында тынығайық, бойымызға сіңірген жақсы қасиеттерді тұла бойымызға таратып, жүрегіміздегі жасылық алауындағы жылуды бір-бірімізге тілек айтып, нұрландырайық. Ал енді,көзімізді ашып, жақсы қасиеттерді бойымызға дарытып, сезімдерімізбен бөлісейік. | - Амандасады. Отырады. -жақсы.сабақтағы жұмыстарға дайындалу,оқулықтар мен жұмыс дәптерін және қажетті құрал – жабдықтарды дайындайды. Мұғаліммен бірге тыныштық сәтіне дайындалады. | Жақсы көңіл – күймен сабаққа назарын аударады. Тыныштық сәтін өткізу кезінде денелерін бос ұстап,тыныштықта сезімді, жағымды ішкі өзгерістерге жету үшін,өзіне-өзі сұрақ қоюда қиялын белсендіреді.Өзін-өзі ұстай біледі, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратуға үйренеді. |
ІІ. Үй тапсырма- сын тексеру. | Үлкенге құрмет- кішіге ізет тақырыбы бойынша «Рахмет,ата!» әңгімесін оқып, «кішілік- кісілік» жаттау. | «кішілік-кісілік» Көп ойланып есебі, Келсе керек белгісі. Сөз сұрапты деседі Қариядан бір кісі: -уа, қария, данамыз, Алайық бір түсініп. Үлкендік деп не ұғамыз? Дейміз нені кішілік? -ағайынмен, досымен, Тату болса ісімен. Санаспай –ақ жасымен, Сыйлас болса кісімен: Кезек күтіп сөйлесе, Көрсетсе ізет,білгендік..... | Үй тапсырмасына дайындық деңгей-лері анықталады. |
III. Жаңа мате-риалды меңгерту. | Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жа-дын жазайық. Әдемі, таза етіп жазамыз. Қарашаның жиырма сегізі Кешірімді бала-кішіпейіл бала. Кешірім-ізгіліктің белгісі. Халық даналығы. Адамдарға кешіріммен қарайтын, Жан жылуы жылылық боп тарайтын. Кішіпейіл бала болғым келеді, Айналасын нұрлы күнге балайтын. Сендер кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер? Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесің? Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар? Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма? | Оқушылар дәптерге күннің жадын жа-зады. Қарашаның жиырма сегізі Кешірімді бала-кішіпейіл бала. Адамдарға кешіріммен қарайтын, Жан жылуы жылылық боп тарайтын. Кішіпейіл бала болғым келеді, Айналасын нұрлы күнге балайтын. Сұрақтарға өз ойларын айтады. | Жаңа тақырып бо-йынша мәлімет жинақтайды.өлең арқылы оқушы бойындағы кешірімді болу, кішіпейіл болу сияқты жақсы қасиеттерді қолдау,дәріптеу Оқушылар өздері айтқан ойларымен адамдарды ренжетпеу керектігін ұғыну . ойлау арқылы білімдері шыңдалады. |
Сергіту сәті Ойын –жаттығу. | Оқулықта берілген Р.Әбілқадырованың «кешірім»мәтінін оқу Балалар өз қателіктерін қалай түсінді? Атай қандай жақсы қасиет танытты? Өздерін атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Дәйек сөзбен жұмыс. Кешірім - ізгіліктің белгісі.халық даналығы. Балалар,. Ренжіскен жағдайда кешірім сұрау достарды, туыстарды татуластырады ағаттық кеткен іске үлкеннен де кішіден де кешірім сұрай білу сыпайлықты білдіреді. «кешірім – сыпайлық белгісі, татулық негізі»дегені осындан. Балалар дәйек сөздерді дәптерге жазып алайық. Кешірімді боламыз, жұлдыздай боп жанамыз. Кішіпейіл боламыз, Құстай қанат қағамыз Жағдаяттар талдау 1.Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті.... 2.Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті..... 3.Дәулет сабаққа кешігіп қалды..... 4. Алпамыс байқамай Құралайды қағып кетті.... « күннің көзін бұлттан арылту» Алдын ала беті бұлтпен жабылған күннің макетін дайындайды.бұлттың артқы бетіне сұрақтар жазылады. Жүректен жүрекке. | Мұғалімді оқушылар мұқият тыңдады. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Дәптерлеріне дәйек сөздерді мағынасын ашып жазып алды Мұғалімнен бірге қайталады оқушылар өз ойларын көрініс арқылы көрсетті.. Кез келген бұлтты алып, сұраққа жауап береді. Ән айтады. | Тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар қойылады. Өз ойларын айту арқылы сабақтың мазмұның ашып,қызығушылықпен қарайды.жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды. Оқушылар өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді өз қарым – қатынасын дәйектейді. Кішіпейіл, кешірімді болу мақсатында сергіту сәтін жасайды. оқушыларды кешірімді,кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында жағдаят ұйымдастыруы. Балалар жауаптарын оқулықтағы жаңа ақпаратпен байланыстырды. Оқушылар барлықсұраққа жауап беріліп біткенде күн сәулесін шашады. |
IV. Жаңа материалды бекіту. | Кешірім жасау дегеніміз не? Кешірім жасау- татуласуға бірінші қадам жасау Кешірім жасау- кішіпейіл болу Кешірім жасау- қателікті мойындау Кешірім жасау- өзара түсінісу Кешірім жасау-ренішті ұмыта білу. Сонымен, біз бүгінгі сабақта кішіпейілділік, кешірімді болу, қателігін мойындау туралы түсінік алдық. Тақырыпқа байланысты ойын – жаттығу,мәтіндер оқып, өз ойларымызды айттық. | Кешірім жасау- татуласуға бірінші қадам жасау Кешірім жасау- кішіпейіл болу Кешірім жасау- қателікті мойындау Кешірім жасау- өзара түсінісу Кешірім жасау-ренішті ұмыта білу. | Оқушылардың бүгінгі тақырыпқа деген қызығушылықтары байқалады. |
V. Үйге тапсырма. | «досым көп болсын десең...» тақырыбына өз ойларын жазып келу. Дәптерде берілген тапсырмалар бойынша өз ойларыңды жазыңдар. 1 тапсырма. Сендер «кешірім» әңгімесіндегі атаның орнында болсаңдар , не істер едіңдер? 2 тапсырма. Сендер « кешірім» әңгімесіндегі Тұрсынның орнында болсаңдар, не істер едіңдер? | Күнделіктеріне үйге берілген тапсырмаларды жазып алды. | Балалардың кешірім туралы түсініктерін бекіте түсу үшін үй тапсырмасы беріледі және оның орындалу жолы түсіндіріледі. |
VI. Бағалау. Қорытынды. | Тыныштық сәті -Балалар, ынғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бүгінгі өткен сабамызға ойша қорытынды жасайық. Сабақтан алған әсерлеріңді бойға сіңіріңдер 1.2.3....... Сабақ барысында белсене қатынасқан оқушыларды бағалау. - Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! | ! Балалар тыныштық сәтіне көздерін жұмып, ынғайланып отырады. Сабақтан алған әсерлерін қорытындылайды. Күнделіктеріне баға қойғызады. - Сау болыңыз | Оқушылар керемет сезімге бөленеді және өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуді үйренеді. Сабақ қорытынды-ланады. |