СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Кім жылдам» интеллектуалды сайысы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Кім жылдам» интеллектуалды сайысы

Ма?саты:

  • О?ушыларды? ?тілген материалдар бойынша ал?ан білімдерін пысы?тау, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру.
  • Логикалы? ойлау, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.
  • Топпен ж?мыс жасай білуге, тез ойлап, тез ?орыту?а, с?йлеу м?неріне т?рбиелеу.

Т?рі: Сайыс

К?рнекілігі: шарлар, кеспе ?а?аздар, к?рнекі плакаттар.

Ж?ргізуші: Ойын тол?ын жат?андай асып тасып,

                     Біреу мы?ым, біреулер шалыс басып.

                     Б?л ойынан ?теді ??лама ойлар,

                    Же?се? де же?ілсе? де ?ал ма жасып – дей келе б?гінгі сайысымызды бастаймыз. Сайыс 4-кезе?нен т?рады. (о?ушылар 3 топ?а б?лінеді). ?діл ?азылармен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
««Кім жылдам» интеллектуалды сайысы»

А.Косарев атындағы №9 орта мектебі









«Кім жылдам?»



Информатика пәнінен сыныптан тыс сайыс сабағы



Пән мұғалімдері: Абдираймова Г.М., Ныгмет Манар.






























Степногорск-2015

Тақырыбы: «Кім жылдам» интеллектуалды сайысы

Мақсаты:

  • Оқушылардың өтілген материалдар бойынша алған білімдерін пысықтау, пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  • Топпен жұмыс жасай білуге, тез ойлап, тез қорытуға, сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: шарлар, кеспе қағаздар, көрнекі плакаттар.

Жүргізуші: Ойын толқын жатқандай асып тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып – дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Сайыс 4-кезеңнен тұрады. (оқушылар 3 топқа бөлінеді). Әділ қазылармен таныстыру.

Бірінші кезең «Ой қозғау» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа 8 сұрақтан қойылады. Оқушылар «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді.

І топқа

  • Экран мен көздің арақашықтығы 60-70 см болу керек.

  • Ертеде адамдар есептеу құралы ретінде саусақтарды пайдаланған.

  • «Компьютер» сөзінде 9 байт, 72бит бар

  • Ақпараттың 3 түрі бар.

  • Вирус-өздігінен көбеюге қаблетті зақымдаушы программа.

  • ЭЕМ І буыны 1958-1964 жылдар аралығын қамтиды.

  • Компьютердің атасы аналитикалық машинаны ойлап тапқан.

  • Кез келген алгоритмның басы және соңы болады.

ІІ топқа:

  • «Ақпарат » сөзінде 7 бит бар.

  • Серебян Рессейдің есептеу құралы

  • ЭЕМ 5 буыннан тұрады.

  • Алгоритм тек 2 тілде беріледі.

  • ДК- ң миы жүйелік болк болып табылады.

  • Байт биттен үлкен

  • Әрекетттердің бірінен кейін бірінің ретімен орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады.

  • Бір байт 8 битке тең.

ІІІ топқа:

  • 7-сыныптар үшін компьютердің алдында тек 60мин орытуға рұқсат етіледі.

  • Бір әріп бір байтқа тең.

  • Жапонда пайдаланған есептеу құралы Суанпан деп аталған.

  • Алгоритм атқарушысы адам болып табылады.

  • Компьютердің атасы Чарльз Бэббидж.

  • Қытайдағы есептеу құралы Суанпан деп аталған.

  • «Адам» сөзінде 32бит бар.

  • Компьютердің 4 негізгі құрылғысы бар.

Екінші кезең «Тауып көр» деп аталады

Мұнда кодталған сөзді табу керек.0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 1101 0101 0101 0100 0101 0101 0100 0010 0101

COMPUTER

Келесі «Ойлан тап» деп аталатын кезең. Әр топ өздеріне берілген адасқан әріптер бойынша информатикалық термин жазады.


ҚЕРАТНПЕАТ, СТКИДОЖЙ, НЕРСКА, ТЕРПНИР .

Пернетақта, джойстик, сканер, принтер.

ТОРНИМО, ТЕРТПЛО, ТЕРИНПР, АШНҚЫТ.

Монитор, плоттер, принтер, тышқан.

ТЕРЧЕСВИН, ТАКЕДИС, АКТПКОМ КСДИ, СОРЦЕСПРО.

Винчестер, дискета, компакт диск, процессор.

Төртінші кезең. Алгоритмді блок-сызбамен көрсету.

1. Ағаш егу

1. Жерде шұңқыр қазу;

2. Ағаш тұқымын шұңқырға салу

3. Шұңқырды ағашпен қоса топырақпен жабу;

4. Су құю.

2. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар».

3. «Күлше қыз» ертегісінен «Күлше қызды» іздеу.

Оқушыларға көзге арналған жаттығулар жасату.

Қорытындылау: ұпайлар санын қосып, жеңімпаздарды анықтау, оқушыларды бағалау.

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,

Бұның қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңдады.Қош сау болыңыздар!