ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: Кітап
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу .
Дамытушылық: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;
Оқыту: .Бейнеден бірдей бірнеше модульдік (элементтер) бөлшектер жасауды үйрету.
Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, ойын технологиясы
Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: суреттер,
Билингвалдық компонент: кітап-книга
Сөздік жұмыс: кітап, мұғалім, ермексаз.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші балаларды «Күлімде күн» атты шаттық шеңберге тұрғызады
Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын,
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын
ІІ. Негізгі бөлім:
-Тәрбиеші балалардың зейінін өзіне аударып, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде ермексазбен балаларға кітап жасайтынын айтып түсіндіру.
Мына суретке назар аударайықшы.
-Балалар не істеп отыр?
-Оның қолындағы не?
-Мұғалімнің алдында не тұр?
-Балалар сендер білім алып, үлкен азамат болуларың үшін кітаптың маңызы зор. Түрлі кітаптар оқып, білімімізді шыңдай аламыз.
Балалар біз бүгін сендермен кітапты ермексаз арқылы мүсіндейміз. Ермексазды қолданар алдында қауіпсіздік ережесін ұстау керек.
Қауіпсіздік ережесі:
Ермексазды ауызыңа салма.
Жұмыс істеу кезінде ермексаз бөліктерін жерге түсірме,еденге жабысып қалады.
Киіміңді таза ұста.
Жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін арнайы тақтайша қолдану.
Жұмыс соңында қолыңды жу немесе дымқыл шүберекпен сүрт.
Енді біз сендермен түрлі-түсті кітаптар істейміз. Кітапты істеу үшін ермексазды алып, алақанымызбен жайпақтаймыз. Сосын ермексазды шаршы пішінге ұқсатып, пішінге келтіреміз.
Мүсіндеу кезінде керек жерінде жеке бөліктерін созып,саусақтардың ұшымен пішініне келтіреміз.
Орыс тілінде кітап-книга деп айтылады. Кәне бәріміз қайталайық.
Сұрақтар:
1. Үйімізде кітаптар бар ма?
2. Кітаптар неден жасалады?
3. Қандай пішінге ұқсайды?
4. Үйде кім сендерге кітап оқып береді?
Хормен айтады (Қайталау)
Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын
ІІІ. Қорытынды:
Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау, көмектесу, мадақтау.
Әр баланың істеген жұмысын көрмеге қою