Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 А - 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту Күні: 4.12.19 Сынып: 1 «Е» | Мектеп: Орал қаласы А.Тайманов атындағЫ №34 мектеп-гимназияСЫ Мұғалімнің аты-жөні: Ержанова М.Е Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақ тақырыбы | Санды өрнек |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.5.2.4. Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану |
Сабақ мақсаты | «Санды өрнектер» және «санды өрнектің мәні» түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасау, «+» және «-» арифметикалық амалдарын пайдаланып санды өрнектер құрастыру дағдыларын қалыптастыру; санды өрнектердің мәнін табу біліктілігін қалыптастыру. |
Бағалау критерийлері | Барлық оқушылар: өрнектерді таниды, ажыратады, жазады. Көптеген оқушылар: санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды және ажыратады, мәнін табады. Кейбір оқушылар: қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: санды өрнектерді жазады, оқиды, математикалық тілде сөйлейді. Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: санды өрнек Әке – папа – daddy Ана – мама - mammy Аға – брат - brother Әпке – сестра - sister |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-бірінің пікірін тыңдауға, өз ойларын ашық, еркін жеткізе білуге тәрбиелеу |
Пәнаралық байланыстар | Сауат ашу, орыс тілі, ағылшын тілі. |
Бастапқы білім | 20-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту туралы түсінігі бар. «+», «-» амалымен берілген өрнектерді шығарады, оқиды. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | Қызығушылығын ояту. 1 таңбалы сандардан екі таңбалы сан шығару арқылы олардың ондығы мен бірлігін ажырату 45 – 4 ондық, 5 бірлік Тақырыпты ашу ҰЖ. Артығын тап. 2+3 4+6 1+8 5-а 9-4 Оқушылардың жауабы тыңдалады. Ақпарат беріледі: Дұрыс айтасыңдар, 5-а өрнегі артық, өйткені оның құрамында әріп бар. Ал қалғандары сандардан және амал таңбаларынан құралған. Оларды санды өрнек деп атайды екен. Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Санды өрнек» деп аталады. Бұл сабақта сендер санды өрнектерді құрайсыңдар, жазасыңдар және оқып үйренетін боласыңдар. Сонымен санды өрнек дегеніміз не? Тек сандардан және амал таңбаларынан құралған өрнек қалай аталады? Қалыптастырушы бағалау: смайликтер тарату Оқулықпен жұмыс | Сандар тізбегі жазылған парақшалар Өрнектер Смайликтер |
Сабақтың ортасы | ТЖ. «1 мысалдан – 4 мысал» ойыны Төрт топқа 1 санды өрнек жазылған парақшалар таратылады. Тапсырма: берілген санды өрнектің мәнін табады және сол мысалға байланысты қосудың ауыстырымдылық қасиетін және азайту амалын пайдалана отырып 4 мысал құрастырулары қажет. 1-топ: 6+7= 2-топ: 11+4= 3-топ: 8+4= 4-топ: 12+3= Дескриптор: Санды өрнектің мәнін табады Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады Қосуға кері амал азайтуға байланысты санды өрнектер құрайды. Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам көздері арқылы топты бағалау, жеке оқушыларға смайликтер тарату ЖЖ. «Дөңгелек санға айналдырып көр» Оқушыларға бір таңбалы сандардан құралған санды өрнектер көрсетіледі, оқушылар ламинадталған параққа санды өрнектің мәнін табады және оны дөңгелек санға айналдырып жазады. Әр топтан бір оқушыға оқытып, тексеріп шығамын. 2+1= 3 4-2 =2 20+10=30 40-20=20 Дескриптор: Санды өрнектің мәнін табады Бір таңбалы сандарды дөңгелек санға айналдырады Екі таңбалы сандарға амалдар қолданады Қалыптастырушы бағалау: смайликтер тарату Сергіту сәті. Санды көрсетсем, отырып бір рет шапалақтайды, санды өрнек көрсетсем орындарынан тұрып үш рет шапалақтайды. ЖЖ. Кестені толтыр. Әр жұпқа кестелер таратылады, оқушылар мұғалім көрсеткен санды пайдалана отырып, берілген санды өрнектерді толықтырып шығарады, интерактивті тақтадағы дұрыс жауап арқылы өздерін тексереді, бағалайды. 4+ = 16- = (5) 6+ = Қалыптастырушы бағалау: смайликтер тарату ҰЖ. ДТ. Кестедегі өрнектерді екінші, үшінші ондықтың сандарына айналдырып жазу. Қалыптастырушы бағалау: қол белгісі арқылы бағалау ЖЖ. Жұмыс дәптері ЖЖ. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы | Санды өрнек жазылған парақшалар Бағдаршам көздері Смайликтер Ламинадталған парақшалар, маркерлер Смайликтер Кесте Смайликтер Жұмыс дәптері ҚБ тапсырмасы |
Сабақтың соңы | ЖЖ. Қосымша тапсырма. Оқушылар өздеріне таратылған парақшалардағы сандардан сөздер құрастырып, ондағы сөздерді үш тілде айтып берулері керек. Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам көздері арқылы бағалау. Жазбаша кері байланыс. Оқушыларға жапсырмалы қағаздар таратылады. Егер өте жақсы түсінсе – жасылға, орташа түсінсе – сарыға, мүлдем түсінбеген болса – қызыл қағазға өз есімдерін жазып, тиісті бағдаршам көздеріне жапсырады. | Тапсырма жазылған парақшалар Бағдаршам көздері. Бағдаршам, жапсырмалы қағаздар |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бағдаршамның жасыл көзі - тапсырмаға толық жауап берген кезде; Бағдаршамның сары көзі – тапсырмаға жартылай жауап берген кезде; Бағдаршамның қызыл көзі – тапсырмаға дұрыс жауап бермесе. Қол белгісі арқылы бағалау Смайликтер тарату арқылы бағалау | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сәйкес таңдалып алынды. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Жоғары деңгейлі оқушыларға байланысты деңгейлік тапсырма орындалды. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар орын алған жоқ. |