Мотивация- лық-қозғаушы- лық | Тәрбиеші балалардан көкөніс дүкенінен не сатып алуға болатынын сұрайды. Қозыларым көгендеулі күн ұзын, Су ішкенмен, Шөп жемейді бір үзім. (Қияр) Көрінбейді басы, Көрінеді шашы, Көріп қоса қоян, Тап береді оған. (Сәбіз) «Сипап көріп, айт» дидактикалық ойын өткізіледі. Тәрбиеші балалардың көзінше қапшыққа жемістер мен көкөністерді салады. Қапшыққа алдын ала кешкентай доп салынған еді.Балалар тәрбиешіге жақындайды да, сипап көріп, жеміс не көкөніс екенін анықтайды. Балалардың біреуіне доп тап келеді, ал ол допты жеміс не көкөніспен неліктен шатастыруға болатынын түсіндіреді. Тәрбиеші балаларға өз дүкенін ашуды ұсынады. Балалар сатушы болады. Олар дүкенде қандай тауар бар екенін көрсетеді. Тәрбиеші балаларға өз үлгісін және тауар көріну үшін сөре бөліктерін қалай орналастыруды көрсетіп, сипаттайды. Педагог қағазды жырту арқылы қырыққабат қауданын бейнелейді: ол ашық жасыл түсті қағаз парағынан шеңбер қияды. Қағазды жырту арқылы кішілеу шеңберді алдыңғы шеңбердің үстінен желімдейді. Осылайша тағы да бір-екі дөңгелек пішіндер желімдейді, сонда қаптарлы болып көрінеді. | -Көкөніс және жеміс сатып алуға болады. Қапшыққа қолын салып, ішіндегі заттарды сипайды. Екі тіке жолақ қияды-бұл сөре. Қысқа вертикал сызықтардың көмегімен жемістер мен көкөністер салатын бөліктерге бөлінеді. Жолақтар мен бөліктерді желімдейді. Жемістер мен көкөністерді қияды. Композиция құрастырып желімдейді. |
Рефлексия- лық- түзетушілік | Тәрбиеші балалардың көмегімен үздік жұмыстарды таңдап алады. Көкөністер мен жемістердің пішіні мен пропорцияналдық арақатынасына назар аударылады. | Екі бала өз тауарларын атайды (екі тілде) |