Ортасы
|
тартыста әркім көкпардыөзі иелік етуге тырысып, шалғай жерге жабады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі.
Қазақстанда 1949 ылы "Көкпар" жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес "Көкпар" жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбер орнатылып, ішіне көкпар тасталады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңберді сырттай айналып тұрады. Жарыс төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 мин. созылады. Көкпаршылардың мақсаты - орталық шеңберде жатқан көкпарды өз командасының "отауына" жеткізу. Көкпар "отауға" жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде көкпарды өз "отауына" көбірек жеткізген команда жеңімпаз атанады.
7. Сергіту сәті. «Ат жарыс».
Жалпы қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты сұрақтар қойылады.
1. Нағашы деген кім?
2. Ұлттық киімдерді атап бер.
3. Ұлттық ойындарды атап бер.
4. Дені саудың - .............
5. Ұлттық тағамдарды ата?
6. Шілдехана деген не?
7. Қымыз қалай жасалады?
8. Қандай салт - дәстүрлерді білесің?
9. Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?
10. Тұсау кесу деген не?
11. Қандай туыстық атауларды білесің?
12. Сидней Олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы кім? (Бекзат Саттарханов)
13. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер? (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
14. ҚР-ның әнұранының авторлары кімдер? (Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов)
15. 1 маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
16. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
17. Ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартқан спортшы? И Ильин
18. "Азиада" қысқы ойындары қай жылы болды? 2011
20. Денсаулық - ..........
8. Грамматика. «Мекен үстеу» түсіндіру.
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Неше түрі бар.
3. Қандай сұрақтары бар?
Мекен үстеуі
|
Анықтамасы
|
Сұрақтары
|
Мысалы
|
Мекен үстеулері іс-қимылдың жасалған, жасалып жатқан орнын білдіреді.
|
Қайда?
Қайдан?
|
Жоғары, төмен, жолшыбай, әрі, бері, ілгері, алда, артта, ілгеріде, әріде, алға, артқа, кері, алдан, арттан, онда-мұнда, сырттай, асты-үстіне, шалғай т.б.
|
9. ОЖ. Үстеуге байланысты тапсырмаларды орындау. Көп нүктенің орнына тиісті мекен үстеулерін жаз.
"Теңге алу" ойынында шауып келе жатып, төмен иіліп, теңгені алу керек. Әлібек серкені көтергенде, оны алды-артынан көкпаршылар қаумалады. "Бәйге" ойынында шалғай шақырымға шабу керек. Мұнда жарысқа қатысушылар тіркеліп жатыр. "Қызқуу" қыза түсуде, алға шауып кеткен қызға жігіт жақындап қалды. Жолшыбай "Аударыспақ" жарысы өтіп жатыр.
Қажетті сөздер: төмен, алды-артынан, шалғай, мұнда, алға, жолшыбай.
10. Үстеулердің антонимдік жұптарын тап. (ауызша)
Жоғары - , мұнда - , ерте - , алыста - ,
Бұрын - , алға - , қыстыгүні - , іште - .
11. Мекен үстеулерін 1 бағанға, мезгіл үстеулерін ІІ бағанға бөліп жаз.
Кеше, сырттай, осында, бүгін, ертең, биыл, алды-артына, ертеңмен, әріде, алға, әуелде, ежелден, жоғары, алғаш, жаздай, онда-мұнда, оқшау, бүгінше, кері, шеттеу.
12. Мәтіннен мекен үстеулерді табыңдар.
Үстінде, шалғай, ортасына, ішіне, сырттай.
13. Мәтін мазмұны бойынша тақырыптың себеп-салдарын анықтап, «Балық қаңқасы» графикалық органайзеріне салу
І топ. Көкпар ойынының пайдасы зияны
ІІ топ. Көкпар ойынының пайдасы
|
Плакат, стикер, маркер
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта
А3 қағазы, түрлі- түсті маркерлер, стикерлер
Интерактивті тақта
А3 қағазы, түрлі- түсті маркерлер, стикерлер
|
3 мин
7 мин
10 мин
3 мин
2 мин
3 мин
1 мин
2 мин
1 мин
5 мин
|