1- кезең Мотивациялық- қызығушылық | Шаттық шеңбері Қайырлы таң,аспан! Қайырлы таң,күн! Қайырлы таң,достарым! Қайырлы таң,Қонақтар! Табиғат күнтізбесімен жұмыс. -Балалар ,қазір қандай жыл мезгілі? -көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Балалар, бүгінгі ауа-райына назар аударайықшы,бізге жылы шыраймен қарап тұрған сияқты. -Балалар енді көктем мезгілі жайында қандай такпақ білеміз ? Абдурахман Келді көктем далаға, Келді сұлу шағала. Аспандағы ақ құстар, Ауылымды арала. Көктем қандай көнілді! Көктен жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып, Күнің көзі көрінді. Нұртілеу Ақ қар еріп, Су көбейіп, Сай- салаға толады Ағаш басы, Бүршік шашып, Гүл байшешек толады Сайда Бүршік шашып, жапырақ ашып , Даланы гүлдер басады Сұлу көктем есігін ашып, Шуағын бізге шашады Өркен Жасыл көктем келеді Самал беттен өбеді Көкте бұлтар кобейсе Мөлдір тамшы төгеді. | 1.Балалар шеңберге тұрып, қонақтармен амандасады. 2.Балалар тәрбиешінің барлық сұрақтарына жауап береді. Көктем Балалар сұрақтарға жауап береді
Балалар көктем мезгіліне арналған тақпақтарды айтып береді |
2- кезең Ұйымдастырушылық- ізденушілік | Балалар,сендер байқаған болсаңдар бүгінгі күн ерекше болғалы тұр,барлығымыз поезға мініп ,табиғат аясына саяхат жасап қайтсақ қалай қарайсыңдар? Балалар поезд болып тізіліп орындықтарының тұсына келеді. 4.Саяхатымыздың барысында қызықты сәттер көп болады,сұрақтар да болуы мұмкін.Сендердің қалай жауап беретіндеріңді көру үшін қонақтар да келіпті.Сендердің ерекше белсенділікпен сабаққа қатысатындарыңа мен сенемін,солай емес пе? 5.Табиғат туралы слайд дыбысымен қойылады. -Балалар біз не байқадық? -Иә,дұрыс айтасыңдар, -Қане,тағы да назар аударып жыл мезгілдерінің қайсысына қандай құбылыстар тән екенін атап шығайық. -Жыл мезгілдерін кім атап береді? -Балалар біз өз тілімізбен қатар өзге тілдерді де білеміз. -Жыл мезгілдерін орыс тілінде кім атап береді? -Енді ағылшын тілінде кім атап береді? 6.Суретпен жұмыс: Көк пен жер ғана бейнеленген сурет ілініп тұрады. -Балалар бұл ненің суреті деп ойлайсыңдар? -Бұл сурет неге сондай көңілсіз? Балалар, мен мына бұрыштан себет байқап тұрмын,бізге көмекке келген сияқты,ішінде бізге қажетті заттардың барлығы бар екен.Олай болса,іске сәт! -Қай мезгіл пайда болды, -Суретте өзгеріс болды ма? - Балалар, алдарыңда әр жыл мезгілдерінің киімдерінің суреттері берілген. Ауа – райына сай киіндіріп жапсырмалаймыз. 8.Сергіту сәті 9.Тосын сый Бұрыштан Ата келеді. Уағалейкумассалам,өркендерің өссін!Қандай керемет балаларсыңдар,қайдан жүрсіңдер? -Бәрекелді маған да көмектерің керек еді... -Бұл-жас көшеттер.Көктем мезгілінде жерге отырғызады,кейін үлкен саялы ағаш болып бізге ыстықта көлеңке болады.Маған көмектеріңді тигізсеңдер сый беремін . 9.Көшет отырғызу -Шелектегі көшеттерді отырғызуға атаға көмектесейік,балалар. | 3.-Алақай поезға мінеміз!!!!! -ТУУУУУУ Тауларды айналамыз Өзеннен өтеміз Ұшақты көреміз Біз сондай мықтымыз? ТУУУУУУУУ
4.Иә,біз мықтымыз!
5.-Әртүрлі ауа-райы құбылыстарын байқадық. Балалар слайдтағы суреттерге назар аударып,жауап береді. -Көктем,жаз,күз,қыс
Весна, лето ,осень, зима Spring, Summer ,Autumn Winter 6.-Аспан мен Жер. -Күн,ағаштар,гүлдер қажет сияқты. Балалар желім мен қиындыларды қолданып плакатты әсемдейді. Көктем мезгілі Ия,сурет әдемі болды. Балалар тапсырманы мұхият орындайды 8.Тербеледі ағаштар Алдымыздан жел еседі Кіп-кішкентай ағаштар Үлкен болып өседі 9.Ассалаумағалейкум,Ата! -Табиғат аясына саяхат жасап жүрміз.
-Ата,сіздің қолыңыздағы не нәрсе? Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.
-Алақай!!!!! 9.Балалар плакатта бейнеленген табиғат суретінің төменгі жағына көшеттерді орналастырады. |
3- кезең Рефлексивтік-түзетушілік
| 10.Қорытындылау Ата:-Балалар ,қандай жақсы бейне жасап шығардыңдар!Сондай ақылды,білімді өрен екенсіңдер!Қазір сонда қай мезгіл екен? -Жас көшеттерді қай мезгілде отырғызады екенбіз? -Балалар менің сендерге сыйым бар,Барлығымыз поезбен бірге жолға шығайық,сыйымды сосын таратып беремін. Тәрбиеші:-Балалар, саяхатымыз қалай өтті деп ойлайсыңдар? -Қай мезгіл туралы көбірек білдік? Балаларды мақтау,мадақтау. -Қанекей ,балалар,қонақтармен қоштасып,поезға мініп аталарыңмен бірге жолға шыға қойыңдар. |
10.-Көктем -Көктемде -Алақай!!!
-Саяхат өте керемет болды. -Көктем мезгілі туралы білдік.
Балалар қонақтармен қоштасады да,поезд болып тізіліп атамен бірге шығып кетеді. -ТУУУУУУ Тауларды айналамыз Өзеннен өтеміз Ұшақты көреміз Біз сондай мықтымыз? ТУУУУУУУУ |