| | 3 тапсырма. Жұмбақ шешу. 1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен (Милиционер) 2.Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус) 3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген , Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол) 4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та , Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) 5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) 6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам» 7. Қазша қанатын жаяды Үйрекше мойнын созады. Құсша қонады. (Ұшақ) 8. Күндіз - түні күрсінеді, Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз) 9. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді, Есіркеп ешбір адам жемдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді. (Трамвай) 10. Бірінің ізін бірі басады, Біріне жеткізбей, бірі қашады. (Дөңгелектер) | |