СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көліктер" ҚМҰҚ

Нажмите, чтобы узнать подробности

конспект на тему троанспорт. По математике

Просмотр содержимого документа
«"Көліктер" ҚМҰҚ»

Ересек «Ақ кеме» тобындағы ҰОӘ конспектісі

Күні:20.02.2020

Тәрбиеші:Турсынбаева Ж.К..

Білім беру саласы: «Таным»

Өтпелі тақырып: «Көліктер»

Пән: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 1,2,3, цифрлары туралы өткенді пысықтау. Биік-аласа

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс жасай білуге, санау, салыстыру дағдыларын

қолдана білуге баулу.

2.Дамытушылық: Таныс заттарды биіктігіне қарай (биік –аласа)салыстыра

білуге дағдыландыру.

3.Оқыту: 1,2,3, цифрлары туралы өткенді пысықтау. Цифрды заттың санымен

сәйкестендіре білуге үйрету. Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырып бойынша суреттер,АКТ үнтаспажұмыс дәптері Сөздік жұмыс: биік,аласа Билингвальді компонент: биік - высокий , аласа-низкийҰйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2мин) Таңғажайып сәт: Балаларға жұмбақ жасырады:

Балалар, жұмбақтарды мұқият тыңдандар. Оны шешуге жұмбақтың ішіндегі сандар көмектеседі.

Екі қарауыл. Екі тыңшы, Бір жыршы. Ол не? ( екі көз,екі құлақ, бір тіл)

Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ. Ол не? (бор)

Екі атым бір тыңбайтын

Өзімді ғана тыңдайтын Ол не? (екі аяқ)

II.Негізгі бөлім

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

- Суретте неше доп бейнеленген?

- Сонша дөңгелекті төменгі қоршауға жапсырыңдар.

- Тағы бір дөңгелек қосыңдар. Нешеуі артық?

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Педагог әр карточкадағы баланың ойыншықтарын санап, солардың санына сәйкес келетін цифрді бояуға тапсырма береді. Содан соң мынадай сұрақ қояды:

Әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар?

Сергіту сәті:

Біздер санай білеміз Білмегенге күлеміз. Біреу, екеу, үш, төрт деп, Бес, алты... деп жүреміз.

Ойын «Дұрыс жаз»

1,2,3 сандарын жіппен жазу(сегіздікпен жазу)

Балаларға биіктігі әртүрлі ағаштар мен үйлерді көрсетіп, салыстыруды сұрау. Қай ағаш биік , ал ағаш аласа? Ненің үйі биік? Ал, ненің үйі аласа?

Сөздік жұмыс: биік,аласа Қостілділік: биік - высокий , аласа-низкий

Биік –аласа деген ұғымдарды дұрыс түсініп, қолдана, айыра білулерін қадағалау.

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі биік-аласа тақырыбына берілген тапсырманы орындауға балаларды жұмылдыру, қиналған балаларға көмек беру.

ІІІ. Қорытынды Ойын :« Өз үйіңді тап » (сандарға байланысты) Балалардың ойын қорытындылау. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау