Просмотр содержимого документа
«Коммуникация саласы Көркем әдебиет "Жеті лақ" ертегісі»
«ЖЕТІ ЛАҚ» ертегісі
Білім беру саласы: Қатынас
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 1-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Жеті лақ және қасқыр» ертегісі.
Мақсаты:«Қасқыр мен жеті лақ ертегісінің үзіндісіне тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту. Ертегінің мазмұнын еске түсіре отырып, тілдік қорларын байыту, ой өрістерін дамыту. Сұрақ -жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Мимиканың дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығарылауын дамыту. Көңіл – күйлерін көтеріп, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу..
Сөздік жұмыс: тоғай, лақ , ешкі, қасқыр.
Әдіс –тәсілдер: Сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекіліктер:Фланелеграф, суреттер, ойыншық жеті лақ, ешкі, қасқыр.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы | Балаларға суретті көрсетіп: - Бүгінгі жаңа ертегімен танысамыз « Қасқыр мен жеті лақ». - Балалар қасқыр туралы не білесіңдер? - Қандай жануар? - Ешкі,лақ қандай жануар? - Лақ туралы қандай өлең.тақпақ білесіңдер. | Балалар суретке назар аударады. - Қауіпті аңдарға жатады. - Жабайы жануар. - Үй жануарлары. - Етімен, сүтімен пайдалы. Лағым-ау лағым, Ерке тотай шұнағым. Ағаштарды кемірсең, Құлағыңды жұламын. |
Іздену-ұйымдастырушы | Ертегінің атын атау: «Жеті лақ ....»Кейіпкерлерді атап таныстыру: - Ешкі, лақ, қасқыр сөздері Ертегіні әңгімелеу: фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру. Дидактикалық ойын(мимикалық) Мақсаты: кейіпкерлердің көңіл күйін салғыздыру. - ешкінің өтініші, - лақтардың ақылдылығы, - қасқырдың алдауы. Сергіту сәті: | Сөздерді қайталайды. Ертгінін мазмұнын мұқият тыңдап отырады. Ойынға белсенді қатысады, әр кейіпкердің образына еніп, оның көңіл-күйін көрсетеді. Көлбең, көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Қасқыр қалай жүреді, Қасқыр былай жүреді. |
Рефлексивті-коррекциялаушы | Қорытынды: - Балалар барлығымыз ертегіні жақсы түсіндік пе? - Қызықты болды ма? | |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.