Компьютерлік графика
Компьютерлік графика -программалық және аппараттық кұралдар арқылы кескінді құруға болатын,өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың бір саласы.
Компьютерлік графика- күрделі ақпараттық технологияның бірі. Онсыз әрбір веб-парақшаны,компьютер ойынын жасау, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес.
Компьютерлік графика модельдеудің нәтижелелерін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді және кескін,сұлбалар,сызбалар жасау өндірісінде пайданылады.Кескінді компьютерде өңдеудің басты артықшылығы-оның түзетуін шексіз жасау мүмкіндігі.
Барлық компьютерлер кескіндерді екі үлкен классқа бөлуге болады:
- Екіөлшемді (2d,2Dimensions-ден-екі өлшеу)
- үшөлшемді(3d,от 3Dimensions-ден үш өлшеу).
Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар
Растрлық Векторлық Фракталдық.
Растрлық кескін
Растрлық кескіндердің пиксильдерден тұратының білесіндер.Paint-те жасалған кескіндер ,фотосуреттер-растрлық кескіндеудің мысалы болып табылады.Растрлық графика редакторлары тек қана сурет салуға арналмаған.Олардың көмегімен коллаждарда,фотомонтажды суреттерді қалпына келтіруді және т.б. функцияларды орындауға болады.
Векторлық кескін
Векторлық кескіндер сызықтар кесінділерден,доғалардан әр түрлі пішіндерден тұрады.Демек,программа бір-бірінен тәуелсіз редакцияланатын,өзгеретін,орналастырылатын нысандармен жұмыс істейді.Векторлы графиканың құндылығы –файлдардың шағын көлемде болуы.Векторлық кескіндерінің растр кескіндерінен айырмашылғы-векторлы кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді,жоғары қалпын сақтайды.Өнімдерді көркендеуде векторлық графика қолданылады (кітаптардың,баннерлердің,афишалардың,плакаттардың суреттемелері жәнет.б).
MS Officc қосымшаларын пайдаланып,өз композицияларың мен фигуралардан векторлық кескіндер құрған болатынсындар.
Фрактал
Фрактал әр түрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынан құралады.Фракталдық кескіндер математикалық теңдеулерден құрылады.Теңдеулердің коэффиценттерін өзгертіп,тірі және өлі табиғаттың нысандарын бейнелеитің әр түрлі кескіндер алуға болады.Фрактал графикасын пайдаланып,жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар,вебсайттардың текстуралары,компьютерлік ойындардың таңғажайып ландшафтары жасалады.Табиғаттағы фрактал мысалына:қар құлауын,ағаштар және ағаш жапрақтарын,адамның қан жүру жүйесін жатқызуға болады.
Түйін
- Компьютерлік графика программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын,өндеу әдәс тәсілдерін зерттейтін информатика саласы.
- Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар:растрлық,векторлық және фракталдық.
- Растрлық графиканың бас элементі-нүкте,векторлық графиканыкі-сызық немесе қисық,фракталдікі-математикалық теңдеу.
Бақалау сұрақтары мен тапсырмалар
- Кескінді қол мен компьютермен салу үрдістерінің негізгі айырмашылығы қандай?
- Компьютерлік кескіндерді қай жерде кездестірдіндер?
- «Компьютерлік графика» түсінігінің анықтамасын беріндер?
- «Компьютерлік графика» қандай түрге бөлінеді?
- Қандай салады растрлық графика пайдалынылады?
- Векторлық графиканың растрлық графикадан айырмашылығы неде?
- Фракталдардың тірі және өлі табиғатта кездесуіне мысалдар келтіріндер?
- Қандай графикалық редакторларды білесіндер?Оларда қандай графика түрі өңделеді?
- MS Officc бейнебаян топтамасының кескіндерін қандай графика түріне жатқызар едіңдер?
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
- Графикалық пайнт редакторын,MS PowerPoint және фрактал генераторын қолданыпү,сурет салыңдар.
- Әр программада сурет аумағын өзгертіп,шығарылған кескіндердің сапасын салыстырыңдар.
- MS Word мәтіндік редакторын қолданып, «Компьютерлік графика түрлерін салыстыру» кестесін құрып толтырыңдар:
Растырлық
Басты элементі
қолданылуы
Векторлық
Нүкте(пиксель)
масштабтау
Фракталдық
Реалистік
Математикалық формула
реалистік
Тірі және өлі табиғат нысандарын модельдеу
Сапасын жоғалтпайды
Өзіңді тексер!
4.Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?
- Растрлық
- Векторлық
- Үшөлшемді
- фракталдық
1.Қандай кескіндер шынайы?
- Растрлық
- Векторлық
- Үшөлшемді
- фракталдық
2.қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады?
- Растрлық
- Векторлық
- Үшөлшемді
- фракталдық
3.Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?
- Растрлық
- Векторлық
- Үшөлшемді
- фракталдық
5.Қандай кескіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады?
- Растрлық
- Векторлық
- Үшөлшемді
- фракталдық
6.Суреттің түрін анықтандар?
- Растрлық
- Векторлық
- Үшөлшемді
- фракталдық
7.Фрактал-ол.....
- бас элементі сызық болатын кескін
- берілген көлемдегі кескін бөлігі
- әртүрлі пішін бөліктерінен тұратын кескін
- бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін.