Просмотр содержимого документа
«Компания. Компания құру жолдары»
Компания құруға дайындық
Нақыл сөздер
- Істегенің өзіңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы.
Мақал.
- Алып компаниялар оңай ақша табу үшін емес, әлемді өзгерту үшін құрылады.
Гай Кавасаки
Компания - (фр.compagnie) - бірлескен экономикалық (өндірістік, тауар, делдалдық, қаржылық, сақтандыру) қызметтерін жүргізу үшін заңды немесе жеке тұлғалардың бірігуі.
Компанияға әртүрлі (жұмысты, қызметті іскерлік ұйымдастыру формалары) құқықтық-ұйымдастыру формалары бар кәсіпорындар жатады. Компания заңды тұлға мәртебесіне ие.
Компания:
- Жауапкершілігі шектелмеген;
- Жауапкершілігі шектелген;
- Акционерлік
және т.б. болып бөлінеді.
Бастапқы капитал - компания қызметін бастау үшін қажетті ақшалай қор, ол ағымдағы шығындарды жабатын кіріс түсе бастағанша қажет болып табылады.
Бастапқы капиталдың қажет сомасы бизнес-жоспар жасау барысында есептеледі және барлық шығындарды, соның ішінде инвестицияларды да қамтиды.
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның балансында активтер бөлігінде көрінетін нәрсені бәрі - бастапқы капитал деп аталады.
Франчайзинг - (фр.franchir-босату) іскерлік әріптестік формасы, компания бизнестің әзірлеген түрін нарықта танымал атауымен (франчайзер) белгілі бір төлемге екінші тарапқа (франчайзи) береді.
Франшиза - франчайзинг келісім шартына сәйкес жұмыс істейтін кәсіпорын.
Бренд - компания, өнім немесе қызмет туралы ақпараттар кешені, өнімнің тез танылатын символикасы.
Ритейл - бөлшек сауда.
«Миллионға ұтыс» ойыны
Әлеуетті инвесторға ұсыныс ойлап тап, ұсынысыңды тыңдап болған соң, ол сізге қандай да бір валютада 1 миллион көлемінде инвестиция бергісі келсін делік. Идеяны таныстырудың мұндай түрі «питчинг» деп аталады. Сіздің ұсынысыңыз айшықты, түсінікті, табысты, есте қаларлықтай болуы керек. Кәсіпкерлік қиялыңызға ерік беріңіз!
Құнды ұсыныс - бұл клиенттің қандай да бір қиындығын толығымен жоятын немесе сіз ұсына алатын бірегей шешім.
Сіздің ұсынысыңызда мыналар бола алады:
- Жаңашылдық
- Өнімділік
- Жұмыс істеуге ыңғайлы күйге келтіру немесе дербестендіру
- Өнімнің жемісі
- Дизайн және юзабитили
- Құны
- Үнемдеу
- Тәуекелді азайту
- Қолжетімділік және ыңғайлылық
- Бренд пен мәртебе