Сабақтың тақырыбы | Компьютер құрылғылары |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары туралы білу. |
Оқушылардың басым бөлігі: Процессор және қатты дискінің қызметін анықтап, атап көрсету. |
Кейбір оқушылар: Процессор және қатты дискінің қызметіне қарай ажыратып талдай білу. |
Бағалау критерийі | 1. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларды анықтайды 2. Процессор мен қатты дискінің қызметін анықтап, сипаттама береді. 3. Процессор мен қатты дискінің қызметін анықтап, талдай алады |
Ойлау дағдылары | «Білу» Компьютердің құрылғылары туралы білу. «Түсіну» Компьютер қосымша және негізгі құрылғылары «Талдау» Венн диаграммасы арқылы процессор мен қатты дискінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды, |
Тілдік мақсаттар | Микропроцессор, қатты диск. Процессор дегеніміз не? Қатты диск қандай құрылғы? |
Құндылықтарға баулу
| «Қазақстандық қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін, қоғамдық келісімнің негізін қалайтын басты құндылықтары: қоғамымыздағы ұлттық бірлік.» Мәңгілік ел бағыты бойынша топқа біріктіруге, топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. |
Пәнаралық байланыс | Ағылшын, математика |
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Компьютерде зиян келтірмей жұмыс істеу. ДК құрылғылары. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 2 мин Үй тапсрмасы 5 мин | Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа психологиялық ахуал орнату мақсатында «Жан жүрек сыры» жаттығуын ұйымдастырамын. Плакатқа жүректің суретін салып тақтаға ілемін. Оқушыларға стикер таратып жылы, мейірімді сөздерді жазады, іледі. «Сиқырлы сандық» әдісі арқылы топқа біріктіру. Түрлі түсті фигураларды таңдау арқылы топқа бірігеді. Алдыңғы сабақты қайталау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрау. Қойылған сұрақтарға жылдам жауап береді. |
Сурет қиындылары
Сұрақтар |
Сабақтың ортасы 10 мин Тапсырма №1 5 мин Тапсырма №2 5 мин Сергіту сәті: 3 мин Тапсырма №3 8 мин Тест 4 мин | Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырмалар беріледі. Тапсырма №1 Негізгі және қосымша құрылғыларды өз жәшіктеріне орналастырыңдар.  Дескриптор Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары туралы біледі және ажырата алады. Тапсырма №2 Құрылғылардың атауын жазып, сипаттама беріңіз. Дескриптор. Құрылғылардың анықтайды. Құрылғылардың атауы мен қызметіннің сипаттамасын жазады. Сергіту сәті: «Ауада жазу» Мақсаты: Ұзақ отырған адамның денесін ширату. Баспен,көзбен,бір қолмен,екі қолмен,аяқпен 1,2,3,4,5 сандарын жазу.
Тапсырма №3. Қатты дискімен мен процессорды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазыңдар 
Дескриптор: 1.Қатты дискі мен процес қызметін біледі 2.Қатты дискімен мен процессордың ұқсастығы мен айырмашылыгын ажырата алады
О қушылардың білімін тиянақтау мақсатында kahoot.it жүйесімен тест алынады.
1. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді? А) Процессор В) Принтер С) Дискжетек Д) Жедел жады. 2. Компьютерде деректерді сақтау үшін керек құрылғы: А) Жады В) Процессор С) Дискжетек Д) Монитор. 3. Нені өшірсек компьютер жұмыс істей алмайды? А) Дискжетек В) Жедел жады С) Тышқан Д) Принтер. 4. Ақпарат компьютердің қай құрылғысында өңделеді? А) Пернетақта В) Монитор С) Сыртқы жады Д) Процессор. 5. Ақпаратты енгізу құрылғысы? А) Процессор В) Принтер С) Пернетақта Д) Компьютердің жады. 6. Компьютерде дыбыстармен жұмыс істеу үшін... керек. А) Дыбыс картасы В) Желі картасы С) Видеокартасы Д) Процессор. 7. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т. б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы: А) Сканер В) Принтер С) Монитор Д) Пернетақта. 8. Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы? А) Сканер В) Пернетақта С) Тышқан Д) Принтер. 9. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет? А) Монитор В) Колонкалар С) Сканер Д) Микрофон. 10. Винчестер дегеніміз: А) Жұмсақ диск (дискета) В) Қатты диск С) Лазерлік диск Д) Флешка. |
Үлестірме қағаздары, интерактивті тақта
|
Үй тапсырмасы | 3-4 тапсырмаларды орындап келу | Дәпетер |
Сабақтың соңы 3 мин | Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма- мен бүгін бәрін жақсы орындадым: меңгердім. Қызыл түсті алма- мен тапсырманы орындай алмадым, түсінбедім. | Смаиликтер, Қызыл, және сары түсті алма суреттері |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Ойлан жұптас бөліс» әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында барлық оқушыларды қамтимын. Олар жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікір алмасады, топта талқылайды. Оқушылардың қажеттілігіне қарай деңгейлік тапсырмалар беремін.
| «Ыстық орындық» әдісін үй тапсырмасын сұрау барысыныда жауап берген оқушыларды смайликтермен бағалаймын. Тапсырмаларды берілген дескрипторлар арқылы бағалау Kahoot.it жүйесімен тест бағасымен бағалау Алма ағашы әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды | Сергіту сәті: «Ауада жазу» , Мақсаты: Ұзақ отырған адамның денесін ширату. Баспен,көзбен,бір қолмен,екі қолмен,аяқпен 1,2,3,4,5 сандарын жазу. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |