Сабақтың тақырыбы | Компьютердің қызметі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.1.1.2- компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін түсіндіру 6.1.2.1- операциялық жүйенің негізгі міндеттерін атап өту |
Сабақтың мақсаты | - компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін түсінеді; - компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін талқылайды; - компьютердің негізгі бөліктерінің қызметі туралы пікір алмасады. |
Бағалау критерийі | Компьютердің негізгі құрылғыларын біледі. Компьютердің негізгі құрылғыларының мүмкіндіктерін қолданады. Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін талдайды. |
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты: компьютер құрылғыларының қызметтерін түсінеді Пәнге қатысты лексика және терминология: жүйелік блок, аналық тақша, орталық процессор, мегагерц, гигагерц, жүйелік шина,порт. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Процессор жылдамдығы …… немесе…… өлшенеді. …..дегеніміз компьютермен басқа да периферациялық құрылғыларды байланыстырушы интерфейс. |
Құндылықтарға баулу | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы: Сабақта жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық қасиеттерін бойына сіңіреді. |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі пәнін компьютер құрылғыларының орнына өздерін қойып, рөлдік ойын құрастырғанда пайдаланады. |
Алдыңғы білім | Есептеуіш техниканың даму кезеңдерін біледі. Компьютермен барлық құрылғыларын біледі және жұмыс жасай алады. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру: «Шаттық шеңбері»- әдісі арқылы психологиялық ахуал туғызамын Оқушылар ортаға жиналып, шеңбер құрадпып тұрады. Қастарында тұрған көршілеріне қарап жылы тілектерін (лебіздерін) білдіреді. Мысалы: Сен бүгін әдемісің! «Қима қағаз»-әдісі. Оқушылар үстел үстінен қиылған қағаздарды алып, суреттерге сәйкес бірігеді. Суретте аналық тақша мен қоректену блогы бейнеленген. Сәйкесінше І- топ – Аналық тақша; ІІ-топ – Қоректену блогы. Тапсырма №1. Жеке жұмыс- «Kahoot» әдісі Kahoot.it сайты арқылы тест тапсырмасына жауап беру. Ол үшін оқушылар компьютерге отырады немесе смартфондар арқылы жауап береді. Тапсырма 10 сұрақтан тұрады, әр сұрақтын 4 жауабы болады. Оқушылар берілген код бойынша тіркеледі және өз есімдер жазады. Дескриптор: Суреттерге қарап құралды анықтай алады. Жүйелік блоктың құрамын біледі. Электронды тасығышты анықтай алады, Енгізу құралдарын анықтайды. Саралау тәсілі – «Қорытынды» Б арлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. |  ІІ- топ   |
| Қ.Б. «Баспалдақ » әдісі. Тапсырмалар орындалып болғаннан кейін экраннан өздерінің қай сатыда тұрғанын көре алады. | |
Сабақтың ортасы | Жаңа білімді меңгеру. Bilimland.kz сайты арқылы бейне ролик көрсетіледі. Қ осымша суреттер арқылы қандай құрылғы екені айтып өтіледі. «INSERT» әдісі. Сабақ түсіндіру барысында айтылған анықтамаларды оқушылар өздеріне керек жерлерін түртіп алады. BIOS-Basic Input/Output Systeem- базалық енгізу/шығару жүйесі. Ол жеке тұрақты есте сақтау құрылғысында сақтап тұрған бағдарлама. Бұл бағдарлама компьютердің жүктелуінің бастапқы кезінде құрылғыларды басқарып олардың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Жедел жады-мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.Компьютерді сөндірген соң, ақпарат өшіп қалады. Микропроцессор-бүкіл есептеулерді және ақпаратты өңдейтін кішкентай электрондық схема Шина-тақтадағы екі құрылғы арасында ақпарат таситын делдал Аналық тақша - орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Қоректендіру блогына (110-230 В) жоғары қуаттың ауысу және тұрақты төмен қуатының тоғы (12 және 5 В) компьютердің барлық бөлшегін қоректендіреді Порт- дегеніміз компьютермен басқа да периферациялық құрылғыларды байланыстырушы интерфейс. Тапсырма №2 Топтық жұмыс- «Галереяны шарлау» Дайындалған кластер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсынады, идеяларын қорғайды, ерекше идеалар айтады. Топ: Компьютердің құрамдас бөліктері мен олардың атқаратын қызметін білу не себепті маңызды? Топ: Порттардың көлемдері мен өлшемдерінің әр түрлі болуы не себепті маңызды? Дескриптор: Саралау тәсілі- «Дереккөздер». Кластер дайындау барысында оқушылар баспадан шыққан және электронды дереккөздерді пайдаланады.  Қ.Б. «Жапондық» бағалау әдісі. Екі топ бір бірін бағалайды. Осы әдіс бойынша бірінші топ екінші топқа қосатын жерлері болса айтады немесе сұрақтарын қояды. | Оқулық, интернет. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/kompyuterding-negizgi-qurylhylarynyng-mindeti-men-mumkindikteri |
Сергіту сәті. | Оқушылар көзге, мойынға, қолға жаттығу жасайды және сергіп қалады. «Қызыл гүлім- ай» | https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCY |
Сабақтың соңы Рефлексия | Тапсырма №3 Сыныппен жұмыс- «Мен әртіспін»әдісі. О қушылар өзара рөлдерді бөліп алып, айтатын сөдерін өздері дайындайды. Дескриптор: Құралдардың қызметін біледі Маңыздылығын түсіндіре алады Құралдардың өзара байланысын айтады -
Саралау тәсілі-«Қорытынды» Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. Қ.Б.- «Смайлик» әдісі. Әр оқушыға сыныптастары смайликтерді көрсету арқылы бағалайды. Бағалау- «БББ» кестесі.   Бұл парақша оқушыларға сабақ басында беріліп сабақ соңында жинап береді. Оқушылар осы сабаққа дейін білгенін, осы сабақтан алғанын және білгісі келетінін жазады. Соған байланысты мұғалім келесі сабақтарда түсінік береді. « Білім терегі» -әдісі. Оқушылар осы сабақты қандай деңгейде түсінгенін көрсетеді. Өзін қай жерде тұрғанын анықтап, бояйды | О қулық, интернет. |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Саралау тәсілдері: «Қарқын» ; «Дереккөздер; «Қорытынды». | | Сергіту сәті: Оқушылар көзге, мойынға, қолға жаттығу жасау жасайды. «Қызыл гүлім- ай» |
Сабақ бойынша рефлексия | Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Осы сұрақтар бойынша рефлексия жүргізілді. |