СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Компьютердің пайдасы мен зияны" 5 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

компьютер және оның пайдасы мен зияны туралы білімдерін толықтырады

Просмотр содержимого документа
«"Компьютердің пайдасы мен зияны" 5 сынып»


САБАҚ: 123

Мектеп: №1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нуриденова А

Сынып: 5б

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Компьютердің пайдасы мен зияны

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға компьютердің пайдасы мен зияны жайлы түсінік алады;

Көптеген оқушылар

мәтіндердің мазмұндық құрылымын салыстырады;

Кейбір оқушылар

мәтіндердің мазмұндық құрылымын салыстыруда ерекше ой айтады.

Бағалау критерийлері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша компьютердің пайдасы мен зиянына қатысты ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы компьютердің пай- далы, зиянды жақтарын сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы сыныптастарымен тілдесімге келеді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:тақырып, мазмұн

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: үстел үстілік компьютер, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок,

Пәнаралық байланыс

Информатика пәні

Мектеп құндылықтары

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Компьютердің пайдасы туралы мәліметтерді жинақтай отырып, постер құрды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

Оқушылар сабаққа ұйымдастырылады.

Оқу мақсаты таныстырылады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен- жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді.


Сабақтың ортасы







6 минут














8 минут




































15 минут















5 минут














5 минут

















2 минут


Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, интерактивті тақтадан компьютер бейнеленген слай- дтарды көрсетеді. Сипаттап берулерін сұрайды

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1, 3-тапсырманы орындатады.

Ә) Оқылым. Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым



Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 9, 10-тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 6, 8-тапсырманы орында- тады.

4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 11-тапсырманы орында- тады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 12-тапсырманы орындатады



Оқылым алды тапсырма

1-тапсырма








  • ЖЖ.Тақтадан компьютер мен ноутбуктың суреті көрсетіледі. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы сөйлеседі. Орындарынан тұрып келесі жұптармен бірігіп сөйлеседі. Тағы бір жұппен алмасып пікірлеседі.

Кері байланыс

Қандай өзгеше жауаптар болғандығы сұралады.

Оқылым тапсырмасы

2-тапсырма

  • ЖЖ. Тақырыбы көрсетілмеген екі мәтінмен танысады.

Өздері түсінбеген сөздерді стикерлерге жазып тақтаға жапсырады. Барлық оқушылар шығып стикердегі сөздерді оқиды. Басқа жұптағы оқушылар кезектесіп өздері білетін сөздердің мағынасын қазақша түсіндіреді. Өздері түсінбеген сөздерін сөздіктен қарай алады.

1-мәтін

(Үстел үстілік компьютерлер)

Біз үстел үстілік компьютерлерді жұмыста, үйде, мектепте, кітапханада және тағы басқа жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол пернетақта, тінтуір, монитор және жүйелік блоктан тұрады.

Көптеген үстел үстілік компьютерлерді жаңарту, жетілдіру немесе ішіне жаңа бөлшектер салу оңай. Үстел үстілік компьютерлердің тағы бір артықшылығы – бұл олардың бағасы. Егер қызметі жағынан бірдей болатын үстел үстілік компьютер мен ноутбукты салыстыратын болсаңыз, бағасы жағынан үстелік үстілік компьютер арзанырақ болатынын байқайсыз.

2-мәтін

(Компьютердің зиянынан қалай қорғану керек?)

Компьютер тұрған бөлменің ауасын жиі тазалап тұру керек. Сонымен қатар күн сайын ылғалды тазалық жұмыстары жүргізілу керек. Монитормен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет. Ересек адамдар үшін әр екі сағат сайын, ал балалар үшін әр жарты сағат сайын 15 минут үзіліс міндетті түрде қажет. Оқуға тиісті болған құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз, көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы бар. Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз.


3-тапсырма

«Карусель» әдісі

Сыныпта 7 партаның үстінде тапсырмалар жазылған қағаздар жатады. Әр топ қағаздағы сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап жазып, келесі партадағы тапсырмаларға жүре береді. Айналып жүріп барлық тапсырмаларды орындап шыққаннан кейін, олар соңғы орындаған жұмыстарының жанына тоқтайды.

Тапсырмалар

  • Бірінші мәтінге тақырып қойыңыздар.

  • Екінші мәтінге тақырып қойыңыздар.

  • Екі мәтіннің ортақ тақырыбын жазыңыздар

  • Бірінші мәтіннің мазмұны не туралы?

  • Екінші мәтіннің мазмұны не туралы?

  • Бірінші мәтіннің идеясы не туралы деп ойлайсыңдар?

  • Екінші мәтіннің идеясы не туралы деп ойлайсыңдар?

Ф. Әр топ өздері тоқтаған парақшадағы жауаптарды оқып, өздеріне ұнаған жауаптарды атайды, ол жауаптардың неге ұнағанын түсіндіреді.


Оқылымнан кейінгі тапсырма

Ж.

Мәтіннен үзінділер

Үзінділер қай мәтіннен алынған?

Үстел үстілік компьютерлер

Компьютердің зиянынан қорғану

1

Балалар әр жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.



2

Құжаттарды принтерден басып шығарып оқыған жөн.



3

Оған жаңа бөлшектер салу оңай.



4

Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуғаныңыз дұрыс.



5

Олардың артықшылығы бағасы.



Жазылым. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің аудармасын дәптеріне жазады, кестені толтырады, пікірге байланысты өз ойын жазады.

Айтылым. Мәтіннің әр абзацындағы ойды түсіндіреді, сол абзацқа тақырыпша қояды, мәтінге мазмұнына сай ат қояды, мазмұнын өз сөзімен қысқаша айтады.

Диаграмма толтырады.

Айтылым. Рөлдік ойынның шартын орындай- ды.

Оқылым.Жазылым.Айтылым. Ақпараттық технологияға қатысты соңғы жаңалықтарды табады, постер дайындайды, сынып алдында қорғайды.


Ф. Тапсырманың жауабы слайдтан көрсетіледі. Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.

























http://www.balalaralemi.kz/article/2629/Komp_yuter-turaly-malimet#.WM1TnlWLTIU










http://www.balalaralemi.kz/article/353/Komp_yuterdin-ziyanynan-qalai-qorganu-kerek#.WM41nFWLTIU




















Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут


Өздерінің осы сабаққа қандай деңгейде араласқанын бағдаршамның түстері арқылы дәптерлеріне белгілеп қояды.