СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютерлік графика

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Компьютерлік графика

 

 

 

 

                                   

                                                                            .

Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік графика»


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.6.2. В -бөлім Мектеп:. А.Фердауси атындағы ЖОМ

Компьютерлік графика

Күні: 03.12.18 Мұғалімнің аты-жөні: М.Исмоилов


Сынып: 6 Қатысқандар:________ Қатыспағандар:___________

Сабақтың тақырыбы

Векторлық бейнелерді құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

6.2.2.2. Векторлық кескіндерді құру және өңдеу.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Векторлық бейнелерді құруды және өңдеуді түсіну.

Көпшілігі: Векторлық кескіндерді Inkscape бағдарламасында құруда және өңдеуде салу құралдарын қолдану.

Кейбіреуі: Бейнелерді құруда компьютерлік графиканы ажырату.

Бағалау критерийі

Векторлық бейнелерді құрады және өңдеуді түсінеді.

Векторлық кескіндерді графикада өңдейді.

Векторлық кескіндерді бейнелерді салу құралдарын Inkscape бағдарламасында қолданады.

Бейнелерді құруда компьютерлік графиканы ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Векторлық графика объектілерін өңдеуді біледі.

Компьютерлік графиканы ажыратады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: вектор, графика, объектілер, өңдеу,градиент, физикалық примитивтер, шама,фигура, спираль, масштаб, параллелепипед, палитра.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Векторлық кескін элементі ........

...........көп қызметті,ашық графикалық редактор

Тіктөртбұрыш құралы ..................салуға арналған.

Физикалық примитивтер ...................деп аталады.

Көлемді кубтарды салуға арналған құрал............

Құндылықтарға баулу

4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Өмір бойы білім алу, еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық.

Пəнаралық байланыс

Ағылшын тілі/орыс тілі – терминдермен жұмыс.

Математика -нүктелер, шеңбер, доға, тіктөртбұрыш.

Сызу -түзу, эллипс,қисық сызық.

Алдыңғы білім

Ақпаратты кодтау дегенді түсінеді, ақпаратты кодтау әдістерін біледі және екілік кодтауды, ондық кодтауды ажыратады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут












4 минут












7 минут









Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

"Жағымды ән" әсерімен оқушылар, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Топқа бөлу.

«Қалаған фигураңды таңда" әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың ойын бір бағытқа жұмылдыру.

Геометриялық фигуралар арқылы сынып 3 құрылымдалған топқа бөлінеді:

- Ұшбұрыштар тобы;

- Дөңгелектер тобы;

- Тіктөртбұрыштар тобы.


Алдыңғы білім.

«Ойланып көр» әдісі.

Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа үйрету.

Оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

1. Ақпаратты кодтау дегеніміз не?

2. Екілік кодтау дегенді қалай түсінесің?

3. Ақпаратты кодтау әдістері қандай?

4. Ондық кодтауды қалай түсінесің?

ҚБ: «Элективті тест» тәсілі. Мұғалім әрбір оқушыға А,В,С,D,E арқылы белгіленген түрлі-түсті стикерді таратады. Сұрақ қойылғаннан кейін жауабына сәйкес әріпті көтереді.

Мақсаты: Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды, сабақта белсенділік көрсетеді.


Жаңа тақырыпты болжау.

Оқушыларға әртүрлі графикада салынған екі сурет салыстырмалы түрде көрсетіледі. Оқушылар бейненің айырмашылықтарын анықтап, атап көрсетеді.

ҚБ: Ауызша кері байланыс.

Мақсаты: Оқушылардың ойы жинақталып, бір-бірін толықтырып, бағалайды.


«Insert» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген зейінін шоғырландыру.

Жаңа тақырыпты «bilimland» оқу порталынан бейнеролик арқылы таныса отырып, түртіп алу жүйесімен қажеттісін жазып алады.

Білемін V

Білдім

+

Күмәнді –


Білгім келеді?

V

+




+

-

?

ҚБ: «Смайликтермен бағалау»

Мақсаты: Оқушылар бір-бірін бағалайды.





Бейнежазылым





Геометриялық фигураларды көрсету

















Түрлі-түсті стикер, қалам, постер, маркер

















www.bilimland.kz

оқу порталы.

Сабақтың ортасы







7 минут



























7 минут







































2 минут





7 минут


Практикалық жұмыс. Топпен жұмыс.

А деңгейі:

«Кім жылдам» әдісі

Мақсаты: Теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, белсенділіктерін арттыру.

Саралау тәсілі: қарқын, диалог және қолдау көрсету, бағалау

Бағалау критерийі:

1.Салу құралдарын дұрыс қолданады.

2. Салу құралдарының қызметін біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану, түсіну.

Тапсырма -1.

Салу құралдарын мұқият қарап, қызметтерімен сәйкестендіріңіз. LearningApps.org қосымшамен жұмыс.



Дескриптор:

1.Салу құралдарын біледі.

2. Құралдардың қызметін анықтайды.

3.Қызметтері бойынша сәйкестендіреді.

ҚБ: «Допты лақтыру» тәсілі

Оқушыға доп лақтыру арқылы сұрақ қойылады. Қағып алған бала сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Теориялық білім бағаланады.


В деңгейі: Жеке жұмыс.

«Уақыт шеңбері» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың ойын шоғырлап, уақытты тиімді пайдалануға баулу.

Саралау тәсілі: Тапсырма, қарқын, бағалау.

Бағалау критерийі:

1. Inkscape бағдарламасында графиканы өңдейді.

2. Векторлық графиканың мүмкіндіктерін көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей дағдылары .

Тапсырма-2.

Спираль құралын пайдаланып қазақ оюларының суретін салыңыз. Топтастыру командаларын пайдаланыңыз.

Тапсырманың орындалу реттілігі

Пайдаланылатын салу құралы

Орындау реттілігі

Нәтижесі

1.Спираль құралын алыңыз.

2. Салыңыз.


3.Топтастыру

4.Көшіру командасын пайдаланып кескінді

көбейтіңіз.


Дескриптор:

  1. Салу құралдарын пайдаланады

  2. Inkscape бағдарламасында ою кескінін салады.

  3. Топтастыру,көшіру командаларын біледі.

ҚБ: « Бас бармақ» әдісі.




Мақсаты: Оқушыларды ынталандыру, өз-өздерін бағалау.


Сергіту сәті «Қыдырып, қайтайық »

Мақсаты: Көз, және дене бұлшық еттеріне арналған жаттығу жұмыстарын бірлесіп орындау.


С деңгейі

«Миыңның суретін сал» әдісі

Мақсаты:Әрбір оқушының қаншалықты теориялық білімді меңгергенін анықтау.

Саралау әдісі: дереккөздер, диалог және қолдау, қарқын.

Бағалау критерийі:

1.Компьютерлік графиканың не екенін біледі.

2. Inkscape бағдарламасында векторлық графикамен жұмыс жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма-3. салу құралдарының бірімен өз миларыңызды компьютерде салыңыз.Оны екіге бөліп, берілген тапырмадағы мәтінді толықтырып,бұрыс және дұрыс жауаптарды анықтап, жіктеп жазыңыз.

Дескриптор:

1.Салу құралдарын қолдана біледі.

2. Теориялық ұғымды анықтайды.

3.Дұрыс жауптарды жіктеп жазады.

ҚБ: «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.

Мақсаты: Әрбір оқушы жеке жұмыс (сұрақ) жасау арқылы өз ойын қорытып, жұппен пікірлеседі, топтық талқылауға ұласады. Фигуралармен бағаланады.





















https://learningapps.org/create?new=38#preview

интерактивті жаттығулар










Компьютер, интерактивті тақта










Компьютер
























































https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE





Үлестірме қағаз, компьютер













Сабақтың соңы


4 минут







Қорытынды.

«Бір минут» әдісі.

Оқушылар рет-ретімен 1 минут ішінде тақырыпқа байланысты қайталаусыз тоқтаусыз сөйлеп қорытынды жасалады.

«Бағалау»

Ауызша кері байланыс жасау.

Рефлексия.

Сабақ түсінікті болып, бәрін түсінсеңіз, жалаушаны жасыл түспен бояңыз.

Сабақта түсінбеушілктер болып, оны өзіңіз шешсеңіз жалаушаны сары түспен бояңыз.

Сабақта сұрақтар туындап, түсіну қиын болса, жалаушаны қызыл түспен бояңыз.


Үйге тапсырма: Растрлық графикамен векторлық графика айырмашылықтарын кестеде толтырып келу.


Маркер, постер, стикер.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақта оқушының танымдық деңгейіне, жас ерекшеліктері мен деңгейіне сай тапсырмалар әзірленеді. Топтық жұмыста:

А-деңгейі

«Кім жылдам» әдісін пайдаланып,теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, белсенділіктерін арттыру мақсатында қарқын, дереккөздер, диалог және қолдау көрсету, бағалау тәсілдері көп жұмысты талап ететін оқушылар үшін қолданылады.

В деңгейі: Жеке жұмыс.

«Уақыт шеңбері» әдісін пайдалану арқылы

оқушылардың ойын шоғырлап, уақытты тиімді пайдалануға баули отырып,

тапсырма, қарқын, бағалау тәсілдерімен кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырмалар беріп, түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға беріледі.

С деңгейі

«Миыңның суретін сал» әдісін пайдалануда әрбір оқушының қаншалықты теориялық білімді меңгергенін анықтау негізінде дереккөздер, диалог және қолдау көрсету , қарқын, тәсілдері пайдаланылғанда барлық оқушылар бір тапсырманы орындағанда нәтиже әртүрлі болады. Кейбіреулеріне ауқымды күрделі тапсырмалар беріледі.


Жасалған жұмыс бойынша оқушыларды бағалау. Ауызша мақтап-мадақтау. Оқушылардың қажеттілігін анықтап оларды бағалау. Тапсырмалар қалай орындалатындығы сұралады. Онда оқушылар өз ойларын жетік меңгеріп қана қоймай, басқаның да пікірін тыңдап, талқылай алады.

Смайликтермен бағалау.

«Бес бармақ» әдісі арқылы оқушыларды ынталандыру, өз-өздерін бағалау. «Допты лақтыру» тәсілі

арқылы теориялық білім бағаланады. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі. Жеке жұмыс (сұрақ) жасау арқылы өз ойын қорытып, жұппен пікірлеседі, топтық талқылауға ұласады, бағаланады. Бір минут» тәсілі бойынша сабаққа қорытынды жасалады.

Оқушылар өткен тақырып бойынша рефлексия жасайды.

Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін ескеру. Денсаулыққа және компьютерді қолданудағы қауіпсіздікке ерекше көңіл аударылады.

Сабақ барысында көзге арналған жаттығулар жасалынады.

Сабақта «Қыдырып қайтайық»

сергіту және дене, көз бұлшық еттеріне арналған жаттығуы мен белсенді жұмыс түрлері қолданылады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?