СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Көңілді информатика»

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Көңілді информатика» сайыс сабақ

Просмотр содержимого документа
««Көңілді информатика»»

Сабақтың тақырыбы: «Көңілді информатика»

Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:
Білімділігі: сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілігі:Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, смайликтер.
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Көңілді информатика» атты сыныптан тыс сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы жерде сайысқа төрелік ететін мұғалімдерді ортаға шақырайық:

----------------------------------------------------------------------------------------------------Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз. Енді біз сендерге дайын тұрған смайликтерді таратамыз, оның артындағы жазуына қарай.«Модем» жазуы барлар бір топқа, «Ғаламтор» жазуы барлар екінші топқа біріктіріледі. І-топта 6 бала, ІІ-топта 6 бала. Балалар бөлініп екі жаққа отырамыз, және өздерін араларынан топ басшысын сайлап аласындар.

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау!»- дей келе сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

І-тур: «Тапқырлық»

ІІ-тур: «Мозайка»

ІІІ-тур «Сөздік домино»

ІV-тур: «Бәйге»

V-тур: «Бәрін білгім келеді»

VІ-тур: «Сұрақтар патшалығы»



І-тур: «Тапқырлық!» Сайыстың бұл кезеңінде араларынан сайлап алған екі топ басшысы шығып мына столдан дайын тұрған конверттерді ашамыз, ішіндегі карточкаларды алып топтарына қарап оқисыңдар жұмбақтарды , бірге жауап бересіздер. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 10 ұпайдан беріледі.

1-топқа

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын... (Тышқан)

  1. Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

  1. Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған... (монитор)

  1. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта )

2-топқа

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. (кактус)

  1. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді... (принтер)

  1. Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)

  1. Саусақтарды билететін

Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)



ІІ-тур: «Мозайка» Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге5 ұпайдан беріледі.

«Ғаламтор» тобына «Модем» тобына

МДОМЕ •ИМРКООНФ

ОНТИРМО •АКЬЛУКТОЯЛР

РСУИВ •ИТНРНЕТЕ

ЫШТАҚН •ЕРНПЕАҚТАТ

РИНПРЕТ •ОЛОКНАК

ҚАПРАТА •МЕАРКА

Дұрыс жауаптары:

•МОДЕМ •МИКРОФОН

•МОНИТОР •КАЛЬКУЛЯТОР

•ВИРУС •ИНТЕРНЕТ

•ТЫШҚАН •ПЕРНЕТАҚТА

•ПРИНТЕР •КОЛОНКА

•АҚПАРАТ •КАМЕРА

Енді, «Білекке сенген заманда- ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», -деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік..

ІІІ-тур«Сөздік домино» бұл сайыста әр топтың топ басшысы ортаға шығып сөзжұмбақты шешулері керек.Әр топ басшысына 5 сұрақтан қойылады және ескеретін жағдай топ көмегінсіз орындалуы тиіс.(Әр дұрыс жауапқа 5ұпайдан)

ІV -тур: «Бәйге»  Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай топ қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

I топ.

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

  2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)

  3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)

  4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  5. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (вирус)

II топ.

  1. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)

  2. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )

  3. Бит қандай цифрлардан тұрады? (0 және 1)

  4. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

  5. Бас әріп режимін іске қосатын перне? (CapsLock)

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп

V -тур: «Бәрін білгім келеді» Интерактивті тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген. Әрбір ұяшықтағы сұрақтардың тақырыбына сай сұрақтар беріледі. Ұяшықтардағы сұрақтарға дұрыс жауап берген топ ұяшық ұпайын ала алады, егер жауабы дұрыс болмаса келесі топ жауап беріп ұпайын иеленуге құқылы.

ТАРИХ

10- Бұл санау құрылғысын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп , ал жапондықтар серобян деп атаған? (Есепшот).

20 –Компьютердің атасы(Чарльз Бэббидж )

 30- Ақпарат термині латынның information сөзінен аударғанда қандай мағына береді? (Түсіндіру, Баяндау, Мәлімет)

ИНФОРМАТИКА

10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).

20 –Ақпараттың өлшем бірліктері (1. Бит, 2. Байт. Кб, Мб,Гб).

30 – Windows-та өшірілген құжаттар қайда жіберіледі?(себетке)

ӘР ТҮРЛІ

10 – Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне

ауыстыру пернелері (Alt+Shift )

20 – Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер (Пиксель)

30 – Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,

3 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе

VІ –тур «Сұрақтар патшалығы» атты  кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде сұрақ қойылады. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.

1. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)

2. Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін аламыз?

(Көшіру, Копировать, Сору)

3. Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)

4. Монитордың неше түрі бар? (үш, три, фри)

5. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, mouse)

6. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)

Осымен алты турдан тұратын сайысымыз аяқталды әділқазылар алқасы дайын болғанша мен сендерге логикалық сұрақтар қоя тұрайын:

Логикалық сұрақтар:

  1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4

  2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. 
    неше стакан қалды? - 3 стакан

  3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)

  4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары–

  5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы–

  6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.

  7. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Үйде неше бала  бар ? 8 бала  )

  8. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады ? ( 5 бұрыш қалады )

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық.

Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп рахмет!



















 

 

 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!