СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көңілді тапқырлар

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

6 сынып математика пәнінен сыныптан тыс шара

Просмотр содержимого документа
«Көңілді тапқырлар»



«Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО мектеп-интернаты» КММ,

Өскемен қаласы

Кайракбаева Гулжанат Капбасовна

Математика пән мұғалімі




Сабақтың тақырыбы: «Көңілді тапқырлар».


Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа , бірлікке тәрбиелеу.

Математикаға қызығушылығын арттыру.

Барысы: Мұғалім: Балалар бүгін біз сендермен « Көңілді тапқырлар» ойын-сайысын екі топқа бөлініп өткіземіз. Төрешілер алқасымен танысайық.

(6 «Б, В» сыныптар)

Сайыстың шарты:

  1. Сұраққа жауапқа 10 секунд беріледі.

  2. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  3. Дұрыс, бірақ толық емес жауапқа 3 ұпай.

  4. Жауап жоқ болса 0 ұпай.

  5. Орнында айқайлаған, тәртіп бұзған топтан 2 ұпай алынады.

Ал, енді ортаға жүргізушілерді шақырып, сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші.

Уа, жарандар, жарандар,

Мына бізге қараңдар!

Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында ойын-сайысты бастаймыз!

2-жүргізуші.

Жас достарым,

Мұны жақсы ұғайық.

Математика құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Жүргізушілер екі топты ортаға шақырып, сөз кезегін топтарға береді.

6 «В» сынып – «Тапқырлар»

6 «Б» сынып - «Алғырлар»

  1. Сәлемдесу сайысы.

«Алғырлар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық

Жеңістің ұранын салайық.


Төрешілер алқасына сәлем: Қолына қалам алатын

Әділ баға беретін

Еңбекті адал бағалар

Армысыздар ағалар!

«Тапқырлар»

Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашан да үміткерміз жеңіске.

Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз біз де қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Төрешілер алқасына сәлем: Алдарыңда бұл тұрғандар

Білім жолын қуғандар.

Қателессек көрмеңіздер

Әділ баға беріңіздер!

  1. Бапкерлар сайысы.

Бапкерлер текшелерді кезек домалатып, бетінде жазылған сұрақтарға жауап береді.

  1. 100 санын бес «1» мен бес «5» -пен жазып көрсет.

  2. Бір тонна мақта ауыр ма, әлде темір ауыр ма?

  3. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?

  4. 2 мен 3-тің арасына қандай қойғанда 2-ден үлкен 3-тен кіші сан шығады?

  5. Қатар тұрған 3 санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар?

  6. 86-ны амал қолданбай 12-ге арттыр.

  1. Байқағыштық.


Неше үшбұрыш бар? Неше шаршы бар?

1,2,3,4,5,6 сандарын орналастыр, қосындысы 12 болу керек.

  1. Мықтылар сайысы.

Екі топқа екі кеспе беріледі. Онда халық есептері берілген.

  1. Шапшаңдық.

2 топтан екі оқушы шығады. Алдарында 0-ден 9-ға дейінгі цифрлар. Көбейтіндіні екі цифрмен тез көрсету керек. Мысалы: 3*8=24

Ойынды үш рет қайталау керек.

  1. Ойынды жалғастыр.

Анықтама, теорема, формуланың тұжырымдамасын бір топ бастаса, екінші топ аяқтайды.

Тапқырлық. Логикалық есептер.

Әділ-қазылар алқасы бағалап, жеңген топқа сыйлықтары тапсырылады.