Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
«Арман» шағын орталығы
Күні:11.03.2019
Тәрбиеші:Ахметжанова АМ
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Алысқа секір»
Негізгі жаттығулар:
Орнында тұрып, биіктікке секіру.
Допты лақтырып, қағып алу жаттығулары.
Мақсаты: Доптарды асыра лақтыру,секіру, биіктікке секіру жаттығуларын үйрету. Доптарды жоғары тура бағытта лақтырып қағып алу қимылдарына жаттықтыру.
Қ ұралдары: доптар
Ұйымдастыру іздестіру
Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.
Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау
үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді
Таныс жаттығуларды атайды.. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.
Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:
Орнында тұрып, биіктікке секіру. Екі аяқпен секіру.
Допты лақтырып, қағып алу жаттығулары.
Қозғалмалы ойын «Ақсерек-көксерек»
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам. 1- ші топ. Ойынды бастайды Ақсрек-ау ақ серек Бізден сізге кім керек. 2-ші Ақсерек –ау ақ серек
Сізден бізге(бала аты) керек Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.
Ойынды аяқтау.
Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.
Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).
Жүруідің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.
-Қолдарын жандарына созады
-Жаттығуларды жасайды
- Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.
-Балалар қос аяқпен бір орнында тұрып биіктікке секіру жаттығуын жасап үйренеді.
-Балалар бөлмеде шашырап тұрады, допты жоғары лақтырып қағып алу жаттығуларын орындайды.
Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Ойынның шартын тыңдып түсінеді.
Балалар белгіні естіп бір қатарға түзеледі.
Рефлексивті-түзетушілік
Іс – әрекетті қорытындылау
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:
-Қандай жаттығулар жасадық?
-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.
Балаларды мадақтау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
«Арман» шағын орталығы
Күні:13.03.2019
Тәрбиеші:Ахметжанова АМ
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі : Дене шынықтыру
Тақырыбы: « Тізеге қолынды тигіз»
Негізгі қимылдар;
Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
1,5 мин дейін тоқтамай жүгіру.
Мақсаты: Дене қалпын ұстай білуді жетілдіру. Төзімділік қасиеттерін ары қарай дамыту.
-Сәлеметсіңдерме балалар!
Саптізбекке бір-бірден сапқа тұруға нұсқау беру.
Таза ауада саптық жаттығулар орындау.
-Сәлеметсізбе!
(1-2 минут).
-Балалар бір қатарға сапқа тұрады
Ұйымдастыру-іздестіру
Белгіленген жер бойымен жүгіру жаттығуларын орындау.
Таныс жаттығуларды атайды.. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.
Жалпы дамытушы жаттығуларды дұрыс жасауларын қадағалау.
Негізгі қимылдар:
1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
2. 1,5 мин дейін тоқтамай жүгіру.
Қозғалмалы ойын:
«Әтеш ойыны
Ойын шарты: Белгіленген шеңбер ішіне 2 бала кіреді. Бір аяғын қолмен ұстайды. Иықпен итеру арқылы қарсыласын шеңбердің сыртына шығарып жіберуі тиіс. Шеңбердің ішінде қалған бала жеңіске жетеді.
Жүгірудің түрлі жаттығуларын жасайды..
-Балалар денелерін қызыту үшін жаттығулар орындайы.
Негізгі қимылдарды орындау.
1.Саппен бір-бірінің артын тізені көтеріп, арақашықтықты сақтап жүгіреді.
2.Жаттығуды орындап болған соң сап түзеліп алып төзімділіктерін дамыту үшін 1,5 мин тоқтамай белгіленген жерді айналып жүгіреді.
Ойын ойнау
-Балалар ойын шартын түсініп ойнайды.
-Балалар бір қатарға сап- тізбекке тұрады.
Рефлексивті-түзетушілік
Тынысалуды қалпына келтіру.
Балаларды мадақтау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
«Арман» шағын орталығы
Күні:15.03.2019
Тәрбиеші:Ахметжанова АМ
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі : Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Шеңбердегі доп»
Негізгі қимылдар;
Шеңберді айнала жүріп допты жерге соғу - қағып алу.
Допты екі қолмен себетке лақтыру.
Мақсаты: доппен орындалатын жаттығуларға көбірек көңілдерін бөлу. Өз бетінше доппен жұмыс жасауларын бекіту.
Құралдар: балалар санына қарай доптар, себет
Ұйымдастыру іздестіру
1.Бір қатар тізбекпен жүру.
2.Алаңды айнала баяу жүгіру(1мин)
Нұсқаушы балалардың бірін-бірі асып кетпей 1-2 қадам қашықтықты сақтап , ретпен жүгіргенін қадағалап отырады.
3.Балаларға доп тарату
4. Шеңберге тұру.
Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.
Жалпы дамытушылық жаттығуларды доппен орындау
Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.
дұрыс жасауларын қадағалау.
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.
Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:
1. Шеңберді айнала жүріп допты жерге соғу - қағып алу.
2.Допты екі қолмен себетке лақтыру.
Қозғалмалы ойын: « Кім мерген»
Ойын шарты: Ортаға үйректер кіреді. Жағаның шетінде 4 аңшы тұрады. Белгі бойынша аңшылар үйректерді доппен атқылай бастайды. Кай аңшы көп үйрекке тигізсе сол жеңіске жетеді.
Ойынды аяқтау.
Тынысалу жаттығуларын орындау.Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.
- Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.
-Балалар шеңберді айнала жүріп допты жерге соғып, жоғары лақтырып қайтадан қағып алуға тырысады.
Көздеу, дәлдеп лақтыру икемділіктерін ары қарай жетілдіру үшін себетке допты лақтырады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар белгіні естіп бір қатарға түзеледі.
Рефлексивті-түзетушілік
Іс – әрекетті қорытындылау
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:
-Қандай жаттығулар жасадық?
-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.
Балаларды мадақтау.
«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 13.03.19 ж
Тәрбиеші: Ахметжанова АМ
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық»
Пән: ҚМҰҚ. Сөйлеуді дамыту. Музыка.
Өтпелі тақырып: «Өнер көзі - халықта»
Тақырыбы: «Біз санауды білеміз».
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұлттық заттардың атауларымен таныстыра отырып, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Ұқыптылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: 5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру. Реттік санауды жалғастыру (5 саны көлемінде), сандық және реттік санауды ажырата алу, «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру дағдыларын дамыту.
Оқыту:Цифрды сандық карточкамен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету.
Педагогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, денсаулық сақтау, ойын.
Ресурстармен қамтамасыз ету: домбыра, 1-5 цифрлар, киіз үй, тест тапсырмалары, тақия, сандық, көрпе.
Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): сандық – сундук, киіз үй – юрта, тақия – тюбетейка, домбра – домбыра, көрпе – корпешка.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі.
-Балалар, мен сендерді бүгін «Математика әлеміне» саяхатқа шақырамын. Оған жетуге менің сиқырлы таяқшам көмектеседі. Көздерінді жұмып, 3 рет айналамыз.
-«Математика әлеміне» хош келдіңіз. Мен - «Математика әлемінің» ханшайымың. Онда бізді көп деген тапсырмалар күтіп тұр. Мен сендерге қандай ақылды бала екенімізді көрсетіп, тапсырмаларды дұрыс орындап шығуды тілеймін.
2.Негізгі бөлімі.
-Менің жапқышымда не көріп тұрсыңдар?
-Жапқышта сандар бар.
- Қазір маған қызыл түсті үлкен 4 цифрасын кім тауып береді?
1 тапсырма
-Балалар, әр цифрдың жаныңда біздің ұлттық заттар тұр, сендер маған олар қалай орналасып тұрғаның айтып беріндер.
-Домбыра нешінші?
-Домбыра үшінші болып тұр.
-Сандық нешінші?
-Сандық бірінші болып тұр.
-Тақия нешінші?
-Тақия екінші болып тұр.
-Көрпе нешінші?
-Көрпе бесінші болып тұр.
-Киіз үй нешінші?
-Киіз үй төртінші болып тұр.
-Барлығы қанша зат?
-Барлығы бес зат.
-2 тапсырманы -Балалар жапқыштан үлкен сары түсті 1цифраны табындар.
1 цифрдың тапсырмасын тест ретінде орындау.
3 тапсырма
-Жапқыштан көк түсті 3 кішкентай цифраны тауып алғасын білеміз. Балалар, сендер «Қуырмаш» деген санамақ әнің білесіндер ме? Осы әңмен серігіп алайық. Балалар музыка әуеніне қимылдар жасайды.
4 тапсырма
-Менің жапқышымнан үлкен, жасыл түсті, үлкен 2 цифрды тауып беріңіз.
-Аквариумда неше балық бар? Бұл тапсырманы көзімізді жауып орындаймыз. Неше балық болса, сонша цифрды алып тақтаға іліп қоясындар.
- Кім цифрларды ретімен қойып береді?
5 тапсырма
-Менің жапқышымнан кішкентай хына сары түсті 5 цифрды тауып беріндер, оның тапсырмасын көрейік. Сандар туралы санамақ оқып беріндер. Цифрды алып, санамақты айтады.
-Бір дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп,
Екі деген – Елім,
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім – Үміт,
Үміт аптар жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – Бақыт,
Бағалайтын уақыт.
3.Қорытынды.
-Балалар жарайсындар, тапсырмалаларды дұрыс орындадыңдар. Қорытындылай отырып, цифрлар арқылы тәтті сыйлық аласындар.
«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 11.03.2019
Тәрбиеші: Ахметжанова АМ
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану.
Өтпелі тақырып: «Өнер көзі - халықта»
Тақырыбы: «Аквариумда қандай тіршілік иесі бар? »
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балықтарға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Дамытушылық: Балаларды табиғат бұрышындағы тіршілік иелерімен, олардың сыртқы пішіндерінің ерешеліктерімен таныстыру.
Оқыту: Аквариумдағы балықтарды бақылауға үйрету.үйрету.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау.
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер.
Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): балық – рыба, аквариум, шөп – трава.
. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілі.
Дұрыс айтасыңдар. Көктем мезгілінің ерекшелігін айтайықшы
Көктемде қар еріп, табиғат оянады. Біздің өлкемізга құстар келеді. Ағаштар бүр жарып, гүлдер шыға бастайды.
Балалар, олай болса біз суретке қарап «Көктем» мезгілі туралы тақпақ шығарып көрейікші.
Мнемокесте.

Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.
Жарайсыңдар, балалар. Сендер ақын екенсіңдер.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жауабын тауып көріңдер.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Қанаты жоқ ұшпайды
(балық)
Ал, балалар, бүгінгі оқу қызметімізде балықтар туралы білетін боламыз.
Ал сендер, балықтың қандай түрлерін білесіңдер?
(Балалар өздері білетін балық түрлерін айтады)
Видеоролик. «Балықтар»
Балықтар- негізінен суда тіршілік етеді. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады.
Сендер балық аулап көрдіңдер ме?
Бүгін біз балық аулайық. Ол үшін бізге не керек?
Қармақ.
Дұрыс айтасыңдар балық аулау үшін қармақ қажет.
«Балық аулау» ойыны.

Енді мен сендерге аквариум туралы айтып берейін.
Балалар, мына шыны ыдыс аквариум деп аталады. Мұнда балықтың түрі көп. Олар үнемі адамның қамқорлығында болады. Аквариум техникалық құралдармен жабдықталған. Онда арнайы жылытып, жарық түсіретін құрал болады. Балықтарға адамдар жем береді. Оны арнайы дүкендерден сатып аламыз. Аквариумдағы балықтардың дене бітімі кіші болады. Оны адамдар тағам ретінде қолданбайды. Аквариумдағы балықтардың түсі әртүрлі болады.
Ал, сендер балық туралы тақпақ білесіңдер ме?
Қармақ салсаң қазанға,
Бар өзенге азанда
Оңайлықпен сазанның.
Түскісі жоқ қазанға.
Айқайлама, ұрыспа
Тіпті ақырын тыныста
Сазан нағыз сақ балық,
Жоламайды дыбысқа.
Сергіту сәті:
Біз жүреміз көл астында,
Біз жүреміз көл үстінде
Жүземіз оңға, жүземіз солға
Шоршимыз анда-санда.
-Балалар, біз бүгін аквариумдағы балықтарды өзіміз салып көрейік.
-Алтын балықтың түсі қандай?
-Сары
Алдымызда тұрған табақшадағы бояуға алақанымызды батырып, ақ қағазға алақанымызды қоямыз. Енді жасыл бояуға саусағымызды батырып, жасыл шөптердің бейнесін жасаймыз. Біздің алақанамыз неге ұқсады?
Балаларға көмек беру. Жеке баламен жұмыс

ІІІ. Рефлекциялық коррекциялық.
Балалар бүгін біз қандай жануармен таныстық?
Балықпен

Екеуі де суда өмір сүреді. Судағы балық теңізде , көлде өмір сүреді. Ал аквариумдағы балық адамдардың қамқорлығында болады. Шыны ыдыста өмір сүреді.
Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Сендерге көп рахмет.
«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 13.03.19ж.
Тәрбиеші: Ахметжанова АМ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Мүсіндеу.
Өтпелі тақырып: «Өнер көзі - халықта»
Тақырыбы: «Табақ»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Домалақтап,қысып,үлкен саусақпен ішіне қарай басып шеттерін созуға жаттықтыру.
Оқыту: Қысу және жағу, толық пішінді беру үшін ішіне қарай басу жаңа тәсілдерін қолдана отырып,балаларды мүсіндеуге үйрету
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау, ТРИЗ.
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер, ермексаз, тақтайша, майлық, үлгі.
Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): табақ – чашка, ыдыс-аяқ – посуда.
. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалардың назарын суреттерге аудару.
2.Негізгі бөлімі
-Балалар қандай ыдыс түрлерін білесіңдер?
- Тәрелке, кесе, қазан, қасық, табақ.
-Бүгін біз табақты жасауды үйренеміз.Табақтың пішіні қандай?
- Дөңгелек.
Үлестірмелі материалдағы табаққа назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады. Ермексазды алақанның арасында айналдыра отырып домалақтаймыз. Оны екі алақанның арасына салып жалпақтаймыз. Табақ ернеуін шығарамыз.
Сергіту сәті.
Жүрісіңнен жаңылма,
Жылдамырақ адымда.
Шапалақта алақан,
Тездет енді, балақан.
-Енді табақты безендіруге кірісейік. Ермексаздан жіңішке ширатпалар жасап аламыз. Олармен табақтың жиегін безендіреміз.Бетіне өз қалауларың бойынша түрлі түсті өрнек салуға болады.Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3.Қорытынды
Балаларды мадақтайды. Жұмыстарына талдау жасау.
«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.03.19ж.
Тәрбиеші: Ахметжанова АМ
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Құрастыру.
Өтпелі тақырып: «Өнер көзі - халықта»
Тақырыбы: «Тырна» (танграм)
Мақсаттары: Қ/о: «Тақия тастамақ»
Тәрбиелік: Құстарға, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін,қол моторикасын дамыту.
Оқыту: Геометриялық пішіндершен тырнаны құрастыруға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау.
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер, танграм әр балаға.
Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): құс – птица, тырна – аист.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Балалар, бүгін келе балабақшаға келе жатқанда есік алдында бір хат жатыр екен. Хатта не бар екенің білгілерін келе ме? Ендеше ашайық.
«Менің атым Білгішбек. Менің жақсы көретін бір ойыным бар – ол танграм. Сендерге осы ойынды ұсынамын.»
2.Негізгі бөлімі
-Балалар, танграм ол жұмыртка әр көлемдегі геометриялық пішіндерге бөлінген. Осы геометриялық пішіндерден әртүрлі заттарды құрастыруға болады. Мынау суретте нелерді құрастыруға болатының көрсетілген.
Суретпен жұмыс.
-Білгішпен бізге тырнаны құрастыруға ұсынады.
-Тырна туралы не білесіндер?
-Ол құс.
-Қай жерде мекендейді?
-Ол суда тұрады.
Сурет бойынша әңгіме. (денесі, түсі, немен көріктенеді)
Балалардың өзіндік жұмысы. Әр балаға танграмды беріп тырнаны құрастыруға ұсыну.
3.Қорытынды
- Балалар, біз бүгін не жасадық?
-Тырнаны неден істедік?
Балалардың жұмыстарың бағалау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным» Күні:12.03.2019 Тәрбиеші:Асылбекова Ж.С.
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Материалдар әлеміне саяхат» қағаз.
Мақсаты: қағаздың қасиетін анықтау.
Құрал-жабдық: Әр – түрлі материалдардан заттар, қағаз беттері, оригами ойыншықтары, шырпы.
Алдын-ала жұмыстар: Қағаздан ойыншықтар дайындау.
Сөздік: оригами.
Билингвальдік компонент: қағаз - бумага.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Ойын «Тамаша қап» Неден тағы ойыншық жасауға болады. | Балалар қолдарымен ұстап ойыншық қандай материалдан жасалғанын айтады. Балалар қағаздан деп жауап береді. |
| Ұйымдастырушылық Ізденіс | Қағаздан жасалған оригами ойыншықтарын көрсетемін, қаншалықты мықты екенін анықтайық. Қайықты суға жіберейік. Енді беріктігін байқайық.Енді мыжырайтып, жыртайық. Енді қауіпсіздігіне тексерейік. Қағазды жандырамын. Мөлдірлігіне тексерейік. Қағаздан ойыншықтар мықты ма?Олармен ойнаған қызықта ма?Неге? | Ойыншықтарды қарап, оригами сөзін қайталайды. Суға қайықты жіберіп, оның жүзгенін аңғарады.Тұжырым: қағаз жүзеді, ол жеңіл. Біраз уақыттан кейін қағаз суланды. Балалар мыжырайтып, жыртады.Тұжырым:қағаз берік материал емес.Оны тез жыртуға болады. Балалар қағаздарды қойып, тұжырым жасайды қағаз икемды материал одан көп ойыншықтар жасауға болады. Қарайды, қағаз оңай және тез жанатынын аңғарады. Балалар қағаздан заттарды қарап көреді.қағаз мөлдір еместігін тұжырымдайды. Балалар жоқ деп жауап береді.Бірақ олармен ойнаған өте қызықты. |
| Рефлексивті коррекциялаушы | Қағаздан ойыншықтар жасап ойнайық. | Балалар ойыншықтар жасап, ойнайды. |
Күткен нәтиже:
Қағаздың құрамы мен мықтылығынұғынады.
Қағаздан не жасауға болатынын түсінеді.
Сараптауды және қорытындылауды..Қағаздан ойыншықтар жасаудықолданады
«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 14.03.19ж.
Тәрбиеші: Асылбекова Ж.С.
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».
Пән: «Көркем әдебиет», « Жаратылыстану», «Музыка».
Өтпелі тақырып: «Өнер көзі-халықта»
Тақырыбы: «Көңілді көктем»
Мақсаттары:
Тәрбиелік :Табиғаттың ерекше бір көрінісін сипаттай отырып, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:.Ойлау қабілеттерін , тіл байлықтарын дамыту. Көктем мезгілінің суреті бойынша әңгіме құрастыруға дағдыландыру. Әуенді ырғақ -Қара жорға биі.
Оқыту. Балаларға жыл мезгілдерін ажырата білуге, әр мезгілдің ерекшілігін танып білуге бағыт беру.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, дамыта оқыту технологиясы ,денсаулықты сақтау.
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер,аю мен қоянның бет пердесі,жемістер мен көкөністер муляждары,гүлдер,майлықтар.
Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): Жыл мезгілдері-времена года,көктем-весна, жаз-лето, күз-осень, қыс-зима.
. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Бүгін біздің тақырыбымыз « Көңілді көктем».
-Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
-Бір жылда төрт мезгіл бар - қыс, көктем, жаз, күз.
- Дұрыс айтасыңдар. 2.Негізгі бөлім: -Ал енді, сол төрт мезгіліміз туралы не біледі екенбіз? Суреттерге қарап әр мезгілдің ерекшелігін әңгімілеймиз.
-Балалар, қалай ойлайсындар, сендерде қай жыл мезгілі?
-Қайдан білдіндер?
4 топта сұрап шығу. (Қыс, жаз, күз, көктем)
Қыс -Алихан
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген
Бақша-бауды тауды да
Бояған ақ түспенен.
Күз-Сырым
Алма пісіп, алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды
Құстар қайтып қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.
Көктем- Дарын
Көктем келді күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп,
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлем
Жаз-Әсел
Жазым келді жарқырап,
Қазым келді қаңқылдап
Гүлге қонды көбелек,
Қос қанаты қалтылдап
Әр жыл мезгіліне тапсырмалар беру.
1.Жаз мезгілі:түрлі түсті гүлдерди жинап, түстерін айыру. . 2.Күз мезгілі:жемістер мен көкіністерді ажырата білу. 3.Қыс мезгілі:ақ қағаз немесе салфеткадан қар домалақтап, жинау. 4.Көктем мезгілі: көңілсіз көктем суреттін аяқтап көңілді көктем жасау.
. -Орманда аңдар оянады деп айттыңдар, қане орманда не болып жатыр екен? Аю әлі ұйықтап жатыр ғой, ояту керек қой, қанеки бәріміз қосылып «Көктем келді» деп ойятайықшы.
Осы кезде музыка ойналып
Аю (қорбаңдап):- « Бұл кім өзі мені ұйқымнан оятқан? Көктем келді, көктем келді
Мен аюмын, аюмын!
Көктемді мен сүйемін.
Балды жақсы көремін,
Балпаң – балпаң билеймін»
Қоян шуға шошып :Не болды?
Қол ұстасып шеңбер бойымен айналып: - «Көптен күткен, келді көктем. Алақай!» – деп шулап билейді.
- Ал бәріміз қосылып билейк.
Сергіту сәті: «Көктем келді»
Б.Серікбаев: «Көктем келді»
Күн сен неге күркірейсің?
Көктем келді! Көктем келді!!
Жаңбыр, неге сіркірейсің?
Гүлдер неге жайнайсыңдар?
Көктем келді! Көктем келді!
Бұлақ, неге сылдырлайсың?
Құстар неге сайрайсыңдар?
Көктем келді! Көктем келді!
3.Қорытынды
Сұрақ-жауап:
-Балалар, наурыз айында қандай мереке өтті? 8наурыз-аналар мерекесі.Аналар,әжелер құрметіне кім тақпақ айтады екен?
-Ал алдымызда қандай үлкен той, мерекемиз бар? Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі.. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Адамдар бір-біріне қонаққа барады, наурыз көже пісіреді, ұлттық ойындар ойнайды, Наурыздың басталуы – деп «Қара жорға» биін билейік.
«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.03.19ж.
Тәрбиеші: Асылбекова Ж.С.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу.
Өтпелі тақырып: «Өнер көзі - халықта»
Тақырыбы: «Қамзолды әшекейлеу»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық :Оюды салу әдістерін қалыптастыру Оқыту: Алдын-ала ұлттық мерекелік киімдерді қарағанда балалардың назарын ерешеліктеріне,оюлардың элементтеріне аудару.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау, ТРИЗ.
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер, үлгі.,қарындаштар, сурет дәптері.
Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): ою-узоры.
. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: .-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай? Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды? 2.Негізгі бөлім: Осы кезде почташы хат әкеледі. Хатта қуыршақ Айсана көмек сұрап,камзол тігіп берулерін сұрайды. Ұлттық киімдердің түрлерімен слайт арқылы таныстыру. Камзолдың салу жолдарымен таныстыру.Ең алдымен камзолдың үстінгі бөлігін сызып алып,төменге екі сызық түсіреміз,оны түзу сызық арқылы қосамыз.Дайын болған камзолды қызыл түспен бояймыз.Камзолды қошқар мүйізбен әшекейлейміз,оны мақта оралған таяқшамен саламыз. Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз.
Қолғап киіп аламыз,
Сарт,сарт,сарт.
Шапалақ соғамыз,
Тоңса біздің аяғымыз.
Етік киіп аламыз,
Топ,топ,топ.
Топылдатып билейміз,
Тоңса біздің денеміз.
Тонды киіп аламыз,
Зу-зу-зу.
Шанаменен зулаймыз. 3.Қорытынды: Балалардың жұмысын қадағалап,салынған суреттерді почтаға салып жібереді.Жақсы салған балаларды мадақтайды
Күні:14.03.2019
Тәрбиеші:Асылбекова Ж.С.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Қазақстанның бас қалалары.
Мақсаты: Қазақстанның негізгі қалаларын атай білу, осы қалалардың маңыздылығы туралы түсіндіру, басты қалалардың айырмашылықтарын айыра білуге үйрету.
| Тәсілдер кезеңі | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық-қозғаушы | Балалардың көңілін картаға аудару | Балалар картаға қарап, қандай қалаларды білетінін атайды |
| Іздену-қйымдастырушы | Картаға қарап отырып, А,Қ,Т,Р дыбыстарына басталатын қала аттарын атау ды сұрайды. Қостанай, Астана, Алматыны шартты белгімен белгілеу ұсынылады. Дәптермен жұмыс Қаланы танып, біл» ойны | А,Қ,Т,Р дыбыстарына басталатын қала аттарын атайды. Картадан Қостанай, Астана, Алматы қалаларын тауып, белгілейді. Әр қала жайында несімен көрікті? Деген сұраққа жауап береді. Қазақстанның бас қалаларының елтаңбаларын тауып, сәйкес қала суретімен беттестіреді. Сурет бойынша сөйлемдер құрай отырып, Қазақстанның көпұлтты мемелкет екенін айтады. Балаларға бірнеше қала үзінділері бар суреттер ұсынылады. Әр қалаға сәйкес суреттерді бір жерге топтастырады, сурет бойынша әңгімелейді. |
| Рефлексивті-коррекциялаушы | «Сыр сандық» ойнын ұсыну | Қалаланың әр әрпіне сол қалаға деген жылы лебіздерін білдіреді ( а-атақты, с-сұлу, т-тамаша, а-астана, н-нағыз қала, а-ажарлы-астана т.б.) |
Күтілетін нәтиже:
Туған елдің бас қалалалрын ұғынады
Әр қаланың маңыздылығын түсінеді
Астана,Алматы, Қостанай қаласының келбетті жерлерін танып, тапсырма барысында білімдерін қолданады.
«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 12.03.19ж.
Тәрбиеші: Асылбекова Ж.С.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып: «Өнер көзі - халықта»
Тақырыбы: «Өнер көзі-халықта»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілік –патриотыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық : Басқұр туралы әңгімелеу, оның ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, қол өнеріне баулу. Олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту Оқыту: Қазақстан халқының және басқа елдердің салт-дәстүрімен,өнерімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау, ТРИЗ.
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер, үлгі.,қарындаштар, сурет дәптері.
Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): ою-узоры.
. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Балалар, сендер жазда демалуға қайда барасыңдар?
Жазда біз ауылға әже атамыздың үйіне барамыз.
: Ата әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?
Жақсы көреміз
Балалар, ендеше біз бір сәтке көзімізді жұмып
ауылды елестетейікші.
«Ауылға жол» релаксация жұмысы
Көзімізді жұмайық, терең дем алып, еркін тыныстанайық. Біз көлікпен үлкен жолдың бойымен ауылға ата әжеміздің үйіне келе жатырмыз. Жолдың екі жағы жап жасыл шөпке, қызыл жасылды гүлге толы. Қандай әсем табиғат. Ағаштары жайқалып түр. Жердің бәрінде қызғалдақ гүлі. Қызғалдақтың түсі қызыл, сары. Кілем сияқты құлпырып түр. Құлағымызға бұлақтың сылдырап аққан судың дауысы келеді. Бұлбүл құстардың сайраған әні құлағыңа естіледі. Міне, алыстан әже атамыздың үйі де көрінді. Біз әже атамыздың үйіне жақындадық. Терең дем алып көзімізді ашайық.
2.Негізгі бөлім: (Киіз үйдің алдында Қожанасыр тұрады.)
Қожанасыр: Ой, балалар, саламатсыңдар ма! Сендерді
Кездестіргеніме өте қуаныштымын, сендер мені таныдыңдар ма? Мен Қожанасырмын.
Тәрбиеші: Не болды, Қожеке, не істеп жүрсін мұнда?
Қожанасыр: Еее, байекеңнің ауылында үлкен той болады екен, соған не сыйлық апарарымды білмей жүрмін?
Онда көптеген киіз үйлер тігіліп, ойындар ойнатылады. Ал сыйлықтан басқа байекеңнің тапсыр
малары бар екен.
Тәрбиеші: Қожеке, уайымдамаңыз, біздің балалар сізге көмектеседі. Балалар, көмектесеміз ба?
Балалар: Көмектесейік!
Қожанасыр: Рахмет, балалар, ендеше байекеңнің тапсырмасын оқиын:»Киіз үй туралы не білесіңдер»?
Тоғжан: Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі халықтардың баспанасы болып келген. Оның арғы тегі арба үстіне орнатылған күйме үй. Киіз үй біріншіден көшіп қонғанда қолайлы баспана. Оны тез бұзуға да, шапшаң тігуге де болады. Киіз үйдің әбзелдері: шаңырақ, кереге, уық, есік. Ішкі құрылысына қарай ағаш үй деп айтамыз. Сыртқы жабуына қарай киіз үй дейміз.(Суретті көрсетеді.)
Қожанасыр: Жарайсыңдар, ал киіз үйдің іші немен жабдықталған Айару: Киіз үйдің ішінде түрлі түсті жібектер мен кестелен ген түс киіз, оюлы сырмақ, текемет, кілемдермен қатар ерекше көзге түсетін басқа да жабдықтар бар. Олар өрнектеліп тоқылған басқұр мен баулар. Басқұр жасалуына байланысты» ақ басқұр» және «ала басқұр» деп екі түрге бөлінеді. Екеуінің де тоқылу мәнері өрнек әдісімен жасалады. (Суретті көрсетеді.)
Бағдәулет: Басқұр тоқыма өнерінің бір түрі, тоқыма өнері халқымызда ежелден келе жатқан және алғашқы киім мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Басқұр керегелердің басымен үйді айналдыра сәндікке ұсталатын бояулы жіптен тоқылатын өрнекті жалпақ құр.(Суретті көрсетеді.)
Қожанасыр: Ой, балалар, рахмет! Өздерің білімді екенсіңдер! 1 - ші тапсырманы орындауға көмектестіңдер. Ал, енді2 - ші тапсырманы оқиын. Мына геометриялық пішіндерден басқұр оюын жасап беріңдер.
(Балалар геометриялық пішіндерден оюды жасайды.)
Қожанасыр: Енді мына жұмбақты шешіп көріңдерші?
Шыр көбелек айналар
Беліне жіп байланар.
(Балалар ұршық екенін айтады.)
- Ал ұршық не үшін керек? Ол байекеңнің 3 - ші тапсырмасы.
Әлия: Ұршықты шыр айналдырған кезде, жіп ширатылады. Жіпті жүннен иіреді. Жүнді біз қойдан, ешкіден, түйеден аламыз.
Ешкіден алынған майда жүнді түбіт деп атаймыз. Келе – келе адамзат түйкелетін және иіретін құралды ойлап тапты.
Қазіргі заманымызда иіруді заманауи механикасымен жасайды. Жіптердің өзі түр - түрге бөлінеді. Олар тігін тігетін, кесте тігетін, жібек жіптер, алаша кілем тоқитын жіптер. (Жіптердің түрін көрсетеді.)
Ал жіптерден әр түрлі бұйымдар, тігістер, ойыншықтар жасауға болады.
(Жіптерден жасалған жұмыстарды көрсетеді.)
Қожанасыр: Ой, рахмет, балалар! Сендер тағы да байекеңнің тапсырмасын орындадыңдар!
Тәрбиеші: Қожеке, енді сіз біздің балалардың өнерін де көріңіз.
(Үстел қасына келген кезде жіптер шашылып жатады.)
Тәрбиеші: - Ой, балалар, мына жіптер шашылып жатыр ғой, қанекей «Кім жылдам» ойынын ойнап, жіптерді жинап алайықшы.
(балалар жіптерді жинай бастайды.)
- Қожеке, көрдіңіз бе біздің балалар қандай шапшаң. Енді, балалар осы жіптерден алаша
тоқып берсін.
(Балалар жұмыстарын жасайды.)
Балалар сендер жұмыстарыңды жасап тұрып, мақал - мәтелдеріңді айтып бересіңдер ме?
Тоғжан: Көз қорқақ, қол батыр.
Өнер көзі халықта.
Мадияр: Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер.
Ардақ: Кестенің сыры түрінде, кілемнің сыры түгінде.
Санжар: Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерлі бала сүйкімді.
Айжан: Қыз еркем кестесімен көркем.
Шебердің қолы көпке ортақ.
Арда: Өнерлінің өрісі ұзақ.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Қожанасыр: Ой, балалар қандай керемет! Өздерің білімді екенсіңдер және де маған сендердің мына жұмыстарыңда қатты ұнап тұр. Осы алашаларыңды сыйлық ретінде байекеңе апарсам
қайтеді, келісесіңдер ме?
Балалар келіседі.
3.Қорытынды :Қожанасыр: Рахмет, балалар! Байекеңе өте әдемі сыйлық апаратын болдым. Енді менің де тойға баратын уақытым келді. Қош сау болыңдар! (Шығып кетеді.)
Тәрбиеші: Балалар сендерге байдың тапсырмалары қиындыққа соқты ма?
Балалар: Жооқ, қиын болған жоқ.
Тәрбиеші: Онда қандай тапсырмалар болды?
(Балалардың жауаптары тыңдалады.)
- Рахмет, балалар, өте тамаша! Ал, енді біздің де топқа кететін уақытымыз болды.