Бірінші кіші « Шаңырақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 20.02.2019ж.
Тәрбиеші: Аушамина .Г.З
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Сенсорика
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: Көңілді ойындар
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Оқыту: Заттардың көлеміне, пішініне , түсіне қарай топтап ажырата білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру,көрсету, салыстыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Магнитті тақта ,түрлі -түсті магниттер ,әр түрлі ойыншықтар ,түрлі-түсті шарлар суреттері ,қуыршақ Айсұлу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Қане шеңбер құрайық,
Алақанды ашайық
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған бар шуакты
Бір -бірімізге сыйлайық.
2. Негізгі бөлімі :
-Балалар бүгін бізге тағы бір қонақ келмекші еді ,көрінбейді ғой.
Кане , әйнек жаққа қарайықшы ,бар ма?
Енді есік жаққа қарайықшы?
Есік қағылады қуыршақ кіреді.
Қуыршаққпен балаларды амандастыру және таныстыру.
Қуыршақ Айсұлу шарларды әдемілеймін деп магниттерді дайындап қойғанда қатты жел соғыпты да, магниттер арласып кетеді. Енді ол қай магнит қай шарға қоятынын білмей жылап отыр.
1-ойын
Шарлардың түсіне қарай магнитпен әсемдеу.
(магнитті тақтадағы салынған шарларға сол түстен магниттерді жапсырады.)
-Балалар ,қызыл шарға қандай магнитті орналастырдық? (қызыл магнитті )
-Ал көк шарға ше?
-Балалар ,назар аударындаршы ,магниттер көп пе аз ба? (Магнит көп)
-Ал шарлар ше ? (Шар лар аз!)
2-ойын: Үстел үстінде көлемдері әр түрлі ойыншықтар жатады. Қуыршақ Айсұлудың сол жерге жақындату және ең кішкене ойыншық допты тауып беруін сұрайды.
-Балалар, Айсұлу мына ойыншықтардың қалай аталатынын және олардың қайсысы кішкене ,қайсы үлкен екенін айыра алмайды.
Сендер айта аласындар ма? (Балалар тұрған ойыншықтарды атайды , аз- көп ,және үлкен -кішіні көрсетеді.)
Сергіту сәті:
-Доп қандай ? (Балалар: жұмсақ, дөңгелек )
Пішіні қандай ?
Саусақты жаттығу:
Добым,добым домалақ,
Қайда кеттің домалап .
Тәрелкені сындырып
Үстел үстін бүлдірдің
(Балалар қол қимылдарымен домалаған доптың кимылыны көрсетеді)
3.Д\Ойын: "Ұқсас заттарды тауып бер"
Мақсаты : Балаларға бір затты көрсету балалар алдарында тұрған суреттерді соған
ұқсас затты көрсету. Мысалы: Шар (Доп,қонжық ,кітап)
Балалар Айсұлуға арнап біз моншақ жасап берейік.
-Балалар ,Айсұлу сендерге өте риза болды. Балабақшада көп нәрсе үйреніпсіндер. Ал қазір онымен қоштасайық .
Ойын: Доп жинау ойыны
3.Қорытынды:
Балалар біз кімге көмектестік?
Не іседік?
Айсұлуға не жасап бердік?
Просмотр содержимого документа
«Көңілді ойындар»
Бірінші кіші « Шаңырақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 11.10.2018ж.
Тәрбиеші: Аушамина .Г.З
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Сенсорика
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: Көңілді ойындар
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Оқыту: Заттардың көлеміне, пішініне , түсіне қарай топтап ажырата білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру,көрсету, салыстыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Пішіндер, әр түрлі ойыншықтар, үлестірмелі құралдар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар бізге қонаққа қоян келе жатып адасып қалыпты , олай болса біз өзіміз орманға барамыз.
Балалар орманға қандай көлікпен барайық?
-Олай болса пойыз болып тұра қалайық.
Балалар біз орманға келдік , қарайықшы қоян қай жерде адасып қалды екен. Оңға қарайық, солға қарайық. Қоянды тауып тобымызға алып кетеміз.
Балалар үстел үстіне қараймыз, қандай заттар тұр?
2. Негізгі бөлімі
Ендеше біздің бірінші ойымыздың аты «Түсін ажырат » деп аталады.
Балалар қоянға мына шарлардың түстерін ажыратуға көмектесейікші,
Өте жақсы түстерін ажыраттық, енді шарларға қарайықшы шарларда суреттер бейнеленген екен, Бұл ненің суреттері? Дұрыс олай болса келесі «пішіндерді дұрыс орналастыр » деген ойын ойнаймыз.
Келесі ойын «Салыстыр» деп аталады.
Мына машина қандай?
Ал мына машина қандай? (Осылай барлық ойыншықтарды салыстырады.)
Сергіту сәті:
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Біз бақытты баламыз
Гүл-гүл жайнап жанамыз
Жақсы сергіп қаламыз
Ойын: Доп жинау ойыны
3.Қорытынды
Доптар арқылы алақанымызға жаттығулар жасаймыз.
Сиқырлы доптарды қолымызға алып доп туралы тақпағымызды айтайық.
Добым,добым домалақ
Қайда кеттін домалап?
Үстел үстің бүлдірдің
Тәрелкені сыңдырдың