Просмотр содержимого документа
«Сенсорика "Көңілді ойындар"»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 16.02.2018ж.
Тәрбиеші:Досатова К.Д.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Сенсорика
Өтпелі тақырып: «Электроника әлемі »
Тақырыбы: «Көңілді ойындар»
Мақсаттары:
-Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе
білуге тәрбиелеу.
-Дамытушылық: : Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен
жұмыс істеуге машықтандыру.
-Оқыту: Балаларға сезім дамыту оқу іс - әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп
білімдерін ойын арқылы жетілдіріп үйрету.Саусақ моторикасын әрі қарай дамыту. Заттардың
түсіне қарай топтап ажыратып білуге бекіту
Педагогикалық технологиялар: Қайталау, сұрақ - жауап, көрсету, ойын ойнату.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Коврограф , алма ағашы,гүлдер, қолшатыр. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбер.Тәрбиеші балаларды топқа алып келеді.
Балалар біздің топта көп қонақтаркелді.Амандасамыз.Енді күлейкші,ал енді күлкімізді алып қонақтарға тарайықшы.
2.Негізгі бөлімі:
Балалар біреу есікті тарсылдатып жатыр.Бұл не екенЕсік қағып,ит қонаққа келеді.
Тәрбиеші қуанышты дауспен бізге не келді?
Балалар қуанышпен жауап береді:Ит келді.
Ит:Балалар мен бос келген жоқпын сендерге сыйлық әкелдім.
Бірақ сыйлықты алу үшін тапсырмаларды орындау керек.Тәрбиеші:Балалар тапсырманы орындаймыз ба?
Балалардығ жауаптары:Тапсырмаларды орындаймыз.
№1тапсырма.\хат\
Алма ағаштағы алмаларды теріп, оларды түс түсімен ыдыстарға жинау
№2тапсырма\хат\
Қолшатырды безендір.
Сергіту сәті:
№3Гүлдердің түйендерін құрастыру.
Балалар тапсырмаларын орындап болғаннан кейін ит сыйлықтарын ьтаратады.Мақтайды мадақтайды.
Тәрбиеші:Ит біздің сізге де сыйлығымыз бар.Біздің балалар үйшік сізге жасап ,безендіріп сізге сыйлағымыз келедіБалалар үйшікті геометриялық пішіндермен безендіріп итке сыйлайды..
3.Қорытынды:
Тәрбиеші:Балалар иттің кететін уақыты да келіп қалды.Итпен қоштасайық.
Сонымен балалар бүгін біз не істедік?
Бүгін бізге қонаққа не келді.
Ол өзімен бірге не әкелді?
Ит өзімен бірге тапсырмалар әкелді.
Сендер тапсырмаларды дұрыс істедіңдер ме?
Біз дұрыс орындадық.
Мақтау мадақтау..