№ | Күні | Тақырыбы | Мақсаты | Мазмұны | Көрнекіліктер | Сағат саны |
-
1 | Қыркүйек 1 апта | Дыбыс. Әріп. | Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру, дыбыстың дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. | Жұмбақ: Екі айнасы бар, Екі найзасы бар, Төрт жаптырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар. (сиыр) Бұл не? Сиыр. Қай дыбыстан басталып тұр? (С) Дидактикалық ойын «Қай дыбыстан басталады» Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады. Тілдік жаттығулар: Дыбыстарды дауыстап айтқызу: О-О-О-У-У- У-А-А-А-Э-Э- Э-Ы-Ы- Ы А-А-А- Т –Т-Т-М-М-М А-А-Я -Я- Ө- А- Е | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
2 | Қыркүйек 2 апта | Дауысты, дауыссыз дыбыстар. | Дауысты,дауыссыз дыбыстармен таныстыру. Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Тапсырмалар орындату арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру. Дауысты,дауыссыз дыбыстарды айыра білеге үйрету. Балалардың сөйлеу тілін,сөздік қорларын байыту,жалпы ой-өрісін дамыту. | Кесте пайдалану: Дауысты дыбыстар: А,ә,и,о,ө,е,э,у,ұ,ү,ы,і,ю,я,ё. Дауыссыз дыбыстар: Б,в,г,ғ,д,ж,з,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ. Дауысты дыбыстарды жеке-жеке айтқызу. (Мысалы:а-а-а,ә-ә-ә,и-и-и,о-о-о,ұ-ұ-ұ,ү-ү-ү,і-і-і,т.б)
Тапсырма:Сөздердегі дауысты дыбыстарды тапқызу. (Орындық,үйрек т.б.) | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
3 | Қыркүйек 3 апта | Сөз. | Сөз туралы ұғымдарын қалыптастыру, сөз дыбыстардан құралатының ұғындыру. Дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін таныту,дыбыстық талдау жасауды үйретуді жалғастыру. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету; Сөздік қорын молайту; | Тапсырма: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату. (ата,ана,аға,әже) Тапсырма: Тасымалданбайтын сөзді табу. (қала,ара,сағат,қол) Карточкамен жұмыс: Берілген әріптерден сөздер құрастыр. Тапсырма: Осы сөздер қатарында қай сөз артық? ( Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі) | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
4 | Қыркүйек 4 апта | Сөйлем. | Сөйлем жайында түсінік беру. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдай білуге үйрету. Сөздік қорындағы сөздерді сөйлем, әңгіме құрауда пайдалана білуге үйрету. Балалардың ойлау және өзіндік пікір айту қабілеттерін дамыту. Сурет бойынша сөйлем құрауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балалардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. | Жұмбақ жасыру: Бұтағында азығы Ортасында азығы. (алма) Балаларға алманың суретін көрсетіп, алмаға байланысты сөйлем құруларын сұраймын. (Алма. Тәтті. Қызыл. Өсті.Бақ. Тапсырма:Сурет бойынша сөйлем құрастыру. (Асқар ұшақпен ұшты. Айгүл автобуста отыр. Ұшақ ұшты. Балалар трамвайға отырды) Ойын: « Затты пайдаланып сөйлем құра» Жұмбақтар шешу: Жұмбақтардың шешуі болған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру. Темір тұлпар гүрілдеп, Соқасын жүр сүйреп. (трактор) Темір арба жолы-темір жол, Тек қала ішінде жүрер ол (трамвай) | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
5 | Қазан 1апта | А, Ә дыбыстары мен әріптері | «А» «Ә» дыбыстары мен әріптерімен таныстыру. « А» дыбысының сөздегі орнын айыра білуге,әріп, дыбыс туралы білімдерін толықтыру. «Ә» дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің, дыбыстың мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету. Балалардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту жылдам ойлау қабілеттерін қалыптастыру, әдемі жазуға дағыдыландыру. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «А» «Ә» дыбыстарын айыра білу. Тапсырма: «Ә» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «А» дыбысына тілдік жаттығу. Тапсырма: «Орнын тап» Дәптермен жұмыс: «А» «Ә» әріптерін бастырып жазу. Дидактикалық ойын: «Буынға буын қос» Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» Ойын: «Дауыстарын қайтала» (А-а-а-а-а-а-у, М-ә-ә-ә-ә-ә) | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
6 | Қазан 2 апта | Б дыбысы мен әрпі | Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту. Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс екендігі туралы түсіндіру. Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату,буынға дұрыс бөлуге үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Б» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Б» дыбысына байланысты жаңылтпашты қайталатқызу. Тапсырма: «Орнын тап» Дәптермен жұмыс: «Б» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» Тапсырма: «Дауысты және дауыссыз дыбыстарды айыра білу» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
7 | Қазан 3апта | В дыбысы мен әрпі | Балаларға «В»дыбысы мен әрпін таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту. «В» дыбысының орыс тілінен енгендігін түсіндіру. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту. В – дыбысы дауыссыз дыбыс екендігі туралы түсіндіру. Берілген дыбысқа сөз ойлауға үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «В» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Вагон» сөзіне сөйлем құрастыр. Тапсырма: «Орнын тап» Дәптермен жұмыс: «В» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «В» дыбысынан басталатын сөздерді ата» Тапсырма: «Дауысты және дауыссыз дыбыстарды айыра білу» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
8 | Қазан 4апта | Г,Ғ дыбыстары мен әріптері | «Ғ» «Г» дыбыстары және оның әріп таңбасымен таныстыру. «Г» «Ғ» дыбыстарын және әрпін салыстырып, айтылу, жазылу ерекшеліктеріне көңіл аударту. Ғ дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту, балаларға айтып көрсетіп, қайталату. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату, баспа әріптерді жаздырту, жаттығуларды орындатып, қол моторикасын дамыту. Берілген дыбысты сөз ішінен дұрыс таба білуге үйрету. Буын, сөз ұғымдарын кеңейту. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Ғ» дыбысына байланысты тақпақ жаттау «Ғарышкер» Тапсырма: «Орнын тап» Дәптермен жұмыс: «Ғ» «Г» әріптерін бастырып жазу. Д/ ойын: «Сөз ойла,тез ойла» («Ғ» «Г» әріптеріне) Тапсырма: «Сөздерге дыбыстық талдау жасату» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
9 | Қараша 1 апта | Д дыбысы мен әрпі | Д дыбысы және әрпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға бөлуге үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілеуді үйрету. Буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін кеңейту. Қол жаттықтыру, дәптеріне Д әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Д» дыбысына байланысты тақпақ жаттау Тапсырма: «Д» дыбысына байланысты жаңылтпашты қайталатқызу. Тапсырма: «Орнын тап» Дәптермен жұмыс: «Д» әрпін бастырып жазу. Ойын: «Доп» Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
10 | Қараша 2 апта | Е,Е дыбыстары мен әріптері | Балаларды «Е» «Ё» дыбыстары және әріптерімен таныстыру. Ё дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру. Ё әрпінің басқа әріптерден ерекшелігін түсіндіру. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға бөлуге үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілеуді үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Е» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Е» дыбысына байланысты жаңылтпашты қайталатқызу. Тапсырма: «Орнын тап» Дәптермен жұмыс: «Е» «Е» әріптерін бастырып жазу. Ойын: «Кім көп сөз біледі?» Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
11 | Қараша 3 апта | Ж,Ш дыбыстары мен әріптері | Балаларды «Ж» «Ш» дыбыстары және әріптерімен таныстыру. Оларды дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға бөлуге үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілеуді үйрету. Балаларға «ж»және «ш»дыбыстарын сөз және сөйлем ішінде ажырата білуге үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Ш» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Ж» дыбысына байланысты жаңылтпашты қайталатқызу. Тапсырма: «Орнын тап» Дәптермен жұмыс: «Ж» «Ш» әріптерін бастырып жазу. Тапсырма:«Ж» дыбысына фонетикалық тапсырма. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
12 | Қараша 4 апта | С,З дыбыстары мен әріптері | Балаларды «С» «З» дыбыстары және әріптерімен таныстыру. [С - З] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету. С - З дыбыстарының артикуляциясын нақтылай отырып, буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату; сөйлеу барысында анық, таза айтуға үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «З» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «С» дыбысына байланысты жаңылтпашты қайталатқызу. Тапсырма: «Орнын тап» Дәптермен жұмыс: «С» «З» әріптерін бастырып жазу. Ойын: «Жыландар» , «Масалар» Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» Тіл жаттығулар: «Аралар» «Қоңыз» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
13 | Желтоқсан 1 апта | И,Й дыбыстары мен әріптері | «И» «Й» дыбыстары және оның әріп таңбасымен таныстыру. «И» «Й» дыбыстарын және әрпін салыстырып, айтылу, жазылу ерекшеліктеріне көңіл аударту. [И- Й] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, дауысты дыбысты қызыл ,дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілеуді үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «И» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Орнын тап» (Й дыбысының) Дәптермен жұмыс: «И» «Й» әріптерін бастырып жазу. Жаттығу: «Жұмбақты шеш» (Балалар ай туралы жұмбақты шешеді,дыбыстық талдау жасайды және текшелермен жазады. Ойын: «Үй» Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
14 | Желтоқсан 2 апта | К Қ дыбыстары мен әріптері | «К» « Қ» дыбыстарымен мен әріптерімен таныстыру. Қ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету. [К- Қ] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету. Балаларға «К»және «Қ»дыбыстарын сөз және сөйлем ішінде ажырата білуге үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «К» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Қ» дыбысына байланысты жаңылтпашты қайталатқызу. Тапсырма: «Орнын тап» (Қ дыбысының) Дәптермен жұмыс: «К» «Қ» әріптерін бастырып жазу. Ойын: «Қаз» Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
15 | Желтоқсан 3 апта | Л дыбысы мен әрпі | «Л» дыбысы және әрпімен таныстыру, «Л» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге, дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты ажырата білуге үйрету, сөздер, сөйлемдер құрауға үйрету. Л-дыбысы бар сөздерді ойлап табуға,дыбыс сөздің қай жерінде орналасқаның табуға үйрету. Баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Л» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Л» дыбысына байланысты жаңылтпашты қайталатқызу. Тапсырма: «Орнын тап» (Л дыбысының) Дәптермен жұмыс: «Л» әрпін бастырып жазу. Тіл ұстарту жаттығуы: 1.Ла,ла,ла-бұл әдепті бала, Лу,лу,лу-біздің Нұрай сұлу. 2.Ра-ра келді ара Ла-ла араның усті ала. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
-
| Желтоқсан 4 апта | М дыбысы мен әрпі | «М» дыбысы және баспа әрпімен таныстыру,айтылу артикуляциясын меңгерту. «М» дыбысы бар сөздермен таныстыру, «М» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбысты көк текшелермен, дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «М» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «М» дыбысына байланысты жұмбақ шешкізу. «Маса» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Тапсырма: «Орнын тап» (М дыбысының) Дәптермен жұмыс: «М» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» Ойын: «Шынжыр» (фонетикалық естулерін дамыту) | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
17 | Қаңтар 1 апта | Н Ң дыбыстары мен әріптері | «Н» «Ң» дыбыстары мен әріптермен таныстыру. Балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбысты көк текшелермен, дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйрету. Қол жаттықтыру, дәптеріне «Н» «Ң» әріптерінің баспа түрін жазуды үйрету. Кеспе әріптерден сөз құратып жаздыру. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Н» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Жұмбақты шеш,жауабын жаз» Тапсырма: «Орнын тап» (Н,Ң дыбыстарының) Дәптермен жұмыс: «Н» «Ң» әріптерін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» Фонетикалық жаттығулар: Төмендегі ң дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқызып қайталатқызу. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады. аң – даң – жаң – заң – ұң – қаң– лаң – маң – оң – паң – раң – саң – таң – шаң – ең – бең – жең – зең – кең – лең – мең – пең – рең – сең – тең – шең – мың – тың. | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
18 | Қаңтар 2 апта | О Ө дыбыстары мен әріптері | «О» «Ө» дыбыстары және әріптерімен таныстыру. «О» «Ө» дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбысты көк текшелермен, дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйретуді жалғастыру. Балаларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту, буынға бөлуін, ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру. Ө дыбысының сөздегі орның ажырату. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «О» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Ө» дыбысына байланысты мақалды қайталатқызу. « Өнер білім бұлағы, Білім - өмір шырағы» (2 - 3 рет қайталайды ) Тапсырма: «Орнын тап» (О,Ө дыбыстарының) Дәптермен жұмыс: «О» «Ө» әріптерін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» Ойын: «Дауысын қайтала» (М-ө-ө-ө-ө-ө) | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
19 | Қаңтар 3 апта | П дыбысы мен әрпі | «П» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. «П» әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту, буындарды қайталатқызу. Қол жаттықтыру, дәптеріне «П» әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. Берілген дыбысқа сөздерді табуға үйрету. «П» дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінің түсіндіру. Жай сөздерді айтқызу арқылы «П» дыбысын бекіту. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбысты көк текшелермен, дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйретуді жалғастыру. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «П» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Жұмбақ жасыру: Қалын киімді ұнатады, Шешіндірсен жылатады. (пияз) Тапсырма: «Сөз ойла,тез ойла» (сөздерге дыбыстық талдау жасау) Тапсырма: «Орнын тап» (П дыбысына) Дәптермен жұмыс: «П» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» Ойын: «Поезд» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
20 | Қаңтар 4 апта | Р дыбысы мен әрпі | «Р» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Р» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Жазбаша тапсырмалар орындау арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Дауысты, дуыссыз дыбыстарды қайталап, олардың айтылу ерекшелігін байқауға үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту. Берілген дыбысқа сөздерді табуға үйрету. «П» дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінің түсіндіру. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Р» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Р» дыбысына байланысты жаңылтпашты қайталатқызу. Тапсырма: «Сөз ойла,тез ойла» (сөздерге дыбыстық талдау жасау) Тапсырма: «Орнын тап» (Р дыбысына) Дәптермен жұмыс: «Р» әрпін. бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» Ойын: «Майлыаяқ» «Қасқыр» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
21 | Ақпан 1апта | Т дыбысы мен әрпі | «Т» дыбысы мен әрпін таныстыру. Жай сөздерді айтқызу арқылы «Т» дыбысын бекіту. Т дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту. «Т» дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінің түсіндіру. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Т» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма:Жұмбақ жасыру. Иір-иір денесі, Сахараның кемесі. Ащы шөптер тамағы, Шөлге шыдап бағады. (түйе) Жауабына дыбыстық талдау жасау. Ойын: «Шашылған суреттер» (Т әрпінен басталатың суреттерді табу) Тапсырма: «Орнын тап» (Т дыбысына) Дәптермен жұмыс: «Т» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
22 | Ақпан 2 апта | У дыбысы мен әрпі | «У» дыбысы және әрпімен таныстыру. Берілген дыбысты дұрыс қабылдап есту қабілетін жетілдіру. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау. «У» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. У-дыбысы бар сөздерді ойлап табуға,дыбыс сөздің қай жерінде орналасқаның табуға үйрету. Жазбаша тапсырмалар орындау арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Дыбысты анық және таза айтуға даңдыландыру. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «У» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тіл жаттығуы: «Жаман ара» Қалмай ұшып соңынан, Ара қуды Мұратты. Шағып алып қолынан, Досымызды жылатты. -у-у-у-у-у-у Д/о: «Кім жылдам?» Шарты: допты бір-біріне лақтырып, у дыбысы бар сөздерге мысал келтіру. Жұмбақ шешу: 1) Ауылда бар, Елде жоқ. Дауылда бар, Желде жоқ. (У) Тапсырма: «Орнын тап» (У дыбысына) Дәптермен жұмыс: «У» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
23 | Ақпан 3 апта | Ү Ұ дыбыстары мен әріптері | «Ү» «Ұ» дыбыстары және әріптерімен таныстыру; Оларды бір-бірінен айыра білуге үйрету, артикуляциясын көрсетіп, меңгерту. «Ұ» дыбысы ерекше айтылатын дыбыс екенін айтып түсіндіру. Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, үлгі бойынша баспа әріптерді жазуға үйрету. Дауысты дыбыстарды қайталап, олардың айтылу ерекшелігін байқауға үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «У» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Жұмбақ жасыру: Құстай ұшар, Қанатты тұлпар Ол не? (ұшақ) Тіл ұстарту жаттығуы: Ұс-ұс-ұс Қарлығаш – киелі құс. Д/о: «Кім көп сөз айтады?» (ұя, құс, ұл, ұлу ) Тапсырма: «Орнын тап» (Ұ Ү дыбысына) Дәптермен жұмыс: «Ұ» «Ү» әріптерін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
24 | Ақпан 4 апта | Ф дыбысы мен әрпі | «Ф» дыбысы мен әрпін таныстыру. «Ф» дыбыстарының артикуляциясын нақтылау. Берілген дыбысқа сөз құрауға үйрету. Сөздерді буындарға бөле алуды бекіту. Қол жаттықтыру дәптеріне «Ф» әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. «Ф» дыбысының айтылу ерекшелігін байқауға үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Ф» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Жұмбақ жасыру: Қос аяқ жүрген қуып, Жел мықтап үрген. Бірде жөн, бірде лағып, Қашады зыр-зыр қағып. (футбол) Ойын: «Сөйлем құрастыр» (фонтан сөзін қатыстырып сөйлем құрау) Тапсырма: «Орнын тап» (Ф дыбысына) Дәптермен жұмыс: «Ф» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
25 | Наурыз 1 апта | Х Һ дыбыстары мен әріптері | «Х» «һ» дыбыстары және әріптерімен таныстыру. «Х» «һ» дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Жаңа дыбыспен таныстыру, әріпті анық, дұрыс айтуға дағдыландыру. Балаларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту , ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру. Дыбыстарының сөздегі орның ажырату. Оларды бір-бірінен айыра білуге үйрету, артикуляциясын көрсетіп, меңгерту. «Һ» әріпінің қазақ әліпбиінде ғана кездесетіндігін түсіндіру. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «һ» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. (жиһаз) Өтілетін жаңа дыбысқа байланысты жұмбақ шешу. Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат) Тапсырма: «Орнын тап» (Х һ дыбысына) Дәптермен жұмыс: «Х» «һ» әріптерін бастырып жазу. Карточкамен жұмыс: ГАУҺАР ҚАҺАР ШАҺАР ЖИҺАЗ ҚАҺАРМАН ЖИҺАЗГЕР сөздерінен һ әріптерін тауып қорша. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
| Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
26 | Наурыз 2 апта | ь ъ белгісі және әріптері | «ь» «ъ» белгілері және әріптерімен таныстыру. Олардың орыс тілінен енген белгілер екенін айтып өту. ь – жіңішкелік белгісі,ъ- айыру белгісі деп аталатындығы,ешқандай дыбыстың таңбасы емес екендігі,олар сөздің ортасында және соңында кездесетіндігі жайлы түсінік беру. ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылатындығын түсіндіру. Осы белгілерді бір-бірінен айыра білуге үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «ь» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. (лагерь) Тапсырма: «Орнын тап» (ь ъ дыбысына) Дәптермен жұмыс: «ь» «ъ» әріптерін бастырып жазу. Карточкамен жұмыс: ЛАГЕРЬ ПОДЪЕЗД ОБЪЕКТИВ ЦИРКУЛЬ сөздерінен ь ъ әріптерін тауып қорша. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» Тапсырма: «коньки» сөзіне дыбыстық талдау жасату. | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
27 | Наурыз 3 апта | Ц дыбысы мен әрпі | «Ц» дыбысы және әрпімен таныстыру. Берілген дыбысты дұрыс қабылдап есту қабілетін жетілдіру. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау. «Ц» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Ц-дыбысы бар сөздерді ойлап табуға,дыбыс сөздің қай жерінде орналасқаның табуға үйрету. Жазбаша тапсырмалар орындау арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Дыбысты анық және таза айтуға даңдыландыру. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Ц» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Тапсырма: «Орнын тап» (ц дыбысына) Дәптермен жұмыс: «Ц» әрпін бастырып жазу. Тапсырма: «Суреттің атын ата» (Цемент, цирк, циркуль, цистерна) Балалар барлық сөзде қандай дыбыс естіліп тұр? (Ц дыбысы) Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
28 | Наурыз 4 апта | Ч дыбысы мен әрпі | «Ч» дыбысы мен әрпін таныстыру. «Ч» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту, буындарды қайталатқызу. Қол жаттықтыру, дәптеріне «Ч» әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. Жай сөздерді айтқызу арқылы «Ч» дыбысын бекіту. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбысты көк текшелермен, дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйретуді жалғастыру. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Ч» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. Чемпион аға оралды. Чемоданы қолында. Атағы шықты алысқа, Күрес спорты жолында. Тапсырма: «Ч» дыбысынан басталатын сөздерді ата. (Чемпион, чек, чемодан, чупачупс) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасату. Тілдік жаттығу: Біз чемпион боламыз, 1,2,3 1,2,3 1,2,3 Торғайдай біз боламыз Чирк-чирк-чирк (3-4 рет қайталатқызу) Ойын: «Чемпион» Тапсырма: «Орнын тап» (Ч дыбысына) Дәптермен жұмыс: «Ч» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
29 | Сәуір 1 апта | Щ дыбысы мен әрпі | «Щ» дыбысы мен әрпін таныстыру. «Щ» дыбыстарының артикуляциясын нақтылау. Берілген дыбысқа сөз құрауға үйрету. Сөздерді буындарға бөле алуды бекіту. Қол жаттықтыру дәптеріне «Щ» әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. «Щ» дыбысының айтылу ерекшелігін байқауға үйрету. «Щ» дыбысы көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездесетінің айту. (Мысалы: щётка, борщ т.б.) | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Щ» дыбысына байланысты тақпақ жаттатқызу. Тапсырма: «Ой қозғау стратегиясы» – Жуынғанда қандай құрал-жабдықтарды пайдаландық? Тіс жуу үшін не қажет? Аяқ киімімізді тазалау үшін нені пайдаланамыз? (Оқушыларға атату). «Щетка» сөзіне дыбыстық талдау жасату. Ойын: « Жоғалған әріп» сөздерді табады. (щетка,тұщы,ащы) Тапсырма: «Орнын тап» (Щ дыбысына) Дәптермен жұмыс: «Щ» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
30 | Сәуір 2 апта | Ы І дыбыстары мен әріптері | «Ы» «І» дыбыстары және әріптерімен таныстыру; Оларды бір-бірінен айыра білуге үйрету, артикуляциясын көрсетіп, меңгерту. «І» дыбысы жіңішке ал «Ы» дыбысы жуан айтылатын дыбыс екенін айтып түсіндіру. Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, үлгі бойынша баспа әріптерді жазуға үйрету. Дауысты дыбыстарды қайталап, олардың айтылу ерекшелігін байқауға үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Ы» дыбысына байланысты тақпақ жаттатқызу. Тапсырма: Мақалдармен жұмыс «І» дыбысына байланысты.(мазмұнын ашу) 1.Бірлік болмай, Тірлік болмас. 2.Кітап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы. Ойын: «І» дыбысын әндетіп айтып көрейік А-а-а-а-а-а-а Ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә О-о-о-о-о-о І-і-і-і-і-і-і-і-і Тапсырма: «Орнын тап» («Ы» «І» дыбыстарының) Дәптермен жұмыс: «Ы» «І» әріптерін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
31 | Сәуір 3 апта | Э дыбысы мен әрпі | «Э» дыбысы мен әрпін таныстыру. «Э» дыбысының артикуляциясын нақтылау. Берілген дыбысқа сөз құрауға үйрету. Қол жаттықтыру дәптеріне «Э» әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. «Э» дыбысының айтылу ерекшелігін байқауға үйрету. «Щ» дыбысы көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездесетінің айту. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Э» дыбысына байланысты тақпақ жаттатқызу. Жұмбақ жасыру: Диқаншының еңбегін. Қысы - жазы ақтайды, Астықты тазалап, Қай жерде сақтайды? (Элеватор) Тапсырма: Хормен әндетіп айтқызу.(- э - э - э) Тапсырма: «Орнын тап» («Э» дыбысының) Дәптермен жұмыс: «Э» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
32 | Сәуір 4 апта | Ю дыбысы мен әрпі | «Ю»дыбысы мен әрпін таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту. Ю – дыбысы дауысты дыбыс екендігі туралы түсіндіру. Берілген дыбысқа сөз ойлауға үйрету. Ю дыбысы екі дыбыстан тұратыны туралы түсінік беру «Ю» дауыс, сырттан енген, и+у дыбыстарының қосылуынан жасалады. (Айу - аю, ойу – ою) Қол жаттықтыру дәптеріне «Ю» әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Ю» дыбысына байланысты тақпақ жаттатқызу. Жұмбақ жасыру: Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю) Ойын: «Жоғалған дыбыс және әріп» (Со..., қо..., та..., а..., жи....) Тапсырма: «Орнын тап» («Ю» дыбысының) Дәптермен жұмыс: «Ю» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
33 | Мамыр 1 апта | Я дыбысы мен әрпі | «Я» дыбысы мен әрпін таныстыру. «Я» дыбысынын артикуляциясымен таныстыру. Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның я әрпімен таңбаланатынын түсіндіру. «Я» дыбысы бар сөздермен таныстыру, «Я» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбысты көк текшелермен, дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйрету. | Тапсырма: «Дыбысты ата» Тапсырма: «Я» дыбысына байланысты тақпақ жаттатқызу. Жұмбақ жасыру: Қолы жоқ, сурет салады Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз) Тапсырма: «Буын ұйқас» (Тіл даму пәнімен байланыс) Я – я – я Құстар салды ұя, Ян – ян – ян Секеңдеген ақ қоян Яз – яз – яз Ащы екен пияз. Яр-яр-яр бақшада пісті... (қияр). Яқ-яқ-яқ тез жүреді..... (аяқ). Ойын: «Тақия тастамақ» Мен буынның басын тастаймын, сендер аяқтайсыңдар. ( Өткен дыбыстарға байланысты сөздер айту керек) Ай ..... (на), қа ..... (ла), жи ..... (һаз) т.б. Тапсырма: «Орнын тап» («Я» дыбысының) Дәптермен жұмыс: «Я» әрпін бастырып жазу. Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?» | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
-
| Мамыр 2 апта | Өткен материалды қайталау. | Сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйретулерін жалғастыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге,оларды айыра алуларын үйретуді жалғастыру. | Д/тапсырма: «Сөзді дыбыстарға бөліп айт» Өткен дыбыстарды қайталау,берілген дыбыстарға сөздер құрастыру. Ойын: «Орның тап» (айтылған дыбыстардың орнын табу) | | 1 |
-
| Мамыр 3 апта | Өткен материалды қайталау. | Сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйретулерін жалғастыру. Балаларға әріптердің баспа түрін жазуды жалғастыру. | Д/тапсырма «Сөздерді дыбыстарға бөліп ата» Өткен дыбыстарды қайталау,берілген дыбыстарға сөз құрау. Тапсырма: «Сиқырлы қарындаш» Қиылған әріптерден сөздер құрастыру. | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
-
| Мамыр 4 апта | Өткен материалды қайталау. | Сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйретулерін жалғастыру. | Д/тапсырма «Сөздерді дыбыстарға бөліп ата» Өткен дыбыстарды қайталау,берілген дыбыстарға сөз құрау. Тапсырма: «Сиқырлы қарындаш» Қиылған әріптерден сөздер құрастыру. | Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер. | 1 |
Барлығы: | 36 сағат |