СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Сөз ойла», «Ш дыбысы мен әріпі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересектер «Ақбота» тобындағы  арналған вариативтік компонент

«Қызықты граматика»

Өткізу күні:10.04.18

Тәрбиеші:Кадашева Ш.А

Өтпелі тақырып: Көктем жаршысы құстар

Тақырыбы: «Сөз ойла», «Ш дыбысы мен әріпі»

Тәрбиешілік: Ұқыптылыққа,байқампаздылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Өтілген дыбыстар мен олардың әріптері туралы білімдерін пысықтау

Оқыту: Балаларды Ш дыбысымен және әріпімен таныстыру,дидактикалық ойындар арқылы жылдам әрекет етуді үйрету,ертегі тындату арқылы дұрыс қорытынды жасай білу,логикалық ойлау қабілеттерін арттыру

Ресурстармен қамтамасыз ету:  Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Көптілділік:әріп,буква,latter

 Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Жылулық шеңбері

Қоныраудың сиқырлы

Естіледі сыңғыры.

Қолынды бер дейді,

Шеңберге кел дейді.

Қайталау

«Сөз ойла»дидактикалық ойыны

Мақсаты:ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші бір дыбысты айтады да,допты бір балаға береді.Бала сол дыбыстан басталатын сөзді тез айтып,допты қайтарып береді.Ойын осы ретпен жалғасады

Просмотр содержимого документа
««Сөз ойла», «Ш дыбысы мен әріпі»»

Ересектер «Ақбота »тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні: 11. 04. 2018 ж

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пәні: Драма

Өтпелі тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: Түлкі мен тауық

Тәрбиешілік : Балаларды адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Кейіпкерлердің мінез құлықтары туралы білім беру.

Оқыту: Ертегінің мазмұнын мәнерлеп айта білуге үйрету.

Педагогикалық технология: Кейіпкерлердің суреттері.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, сахыналау,

Көптілділік: Ертегі,сказка, fairy tale

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасыру:

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

(Тауық)

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.

(Түлкі)

2.Негізгі бөлім:

Ертегіні оқып беру.Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауаптар.

Әр кейіпкерлердің мінез-құлығына сипаттама береді.

Тауық пен түлкінің мінездерін қимылдар арқылы көрсету..

-Түлкі қандай аң?

- Балалар сеңдер қандай ертегілерді білесіңдер?

-Қалай ойлайсыңдар ертегі несімен қызықты болады?

-Ертегілердің кейіпкерлерін көрсетіп ,қысқаша өз ойларын айтып беру.

Сергіту сәті:

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем

Сол қолымды көтерем,

Сол қолымды түсірем

Оңға қараймын

Аяқты топ топ басамын

Солға қараймын

Біраз сергіп аламын.

Д/О. «Дұрыс дыбыста»

Ролдерге бөліп ертегіні сахналау.

-Түлкі туралы тағыда қандай ертегі білесіңдер?

-Түлкі мен тауықтың арасында қандай әңгіме болды?

Қорытынды: «Түлкі мен тауық» ертегісін сахыналап беру.

Өз ойларын, түсінгендерін айтып жеткізу.


Ересектер «Ақбота »тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні: 09. 04. 2018 ж

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Таным»

Пәні: Жаратылыстану

Өтпелі тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: Мамандықтар

Тәрбиелік : Әр түрлі мамандыққа деген қызығушылығын тудыру

Дамытушылық: Қабілеттерін ой қиялын шарықтатып, әр түрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту.

Оқыту: Әр түрлі мамандықтармен таныстырып, олардың еңбектерін үйрету.

Педагогикалық технология: Әр түрлі мамандықтардың суреттері.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, үйрету,

Көптілділік: Мамандықтар, профессия,profession

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар сеңдер күнде қайда келесіңдер?

-Балабақшада кімдер жұмыс істейді?

-Сеңдердің ата аналарын қайда және кім болып жұмыс атқарады?

2.Негізгі бөлім:

Әр бала өз ата аналарынын жұмыс орындарын айтып береді. Мамандықтар жайлы түсінік беру. Бірнеше ман іиелері бар, әр мамдардың өз міндеттері мен жұмыстары болады. Біздің балабақшада тәрбиеші, аспасшы, дәрігер, еденшуғыш, тағы басқа мамндар жұмыс атқарады. Үлкендердің еңбектерін бағалау керек, Сеңдер өскенде кім болғыларын келеді?

Мамандықтар және отбасы туралы өлең жаттау.

Шешем менің - дәрігер,

Адамдарды ол емдер.

Әкем менің - инженер,

Қаламызды көркейтер.

Ойыншықтар бар сенде,

Ойыншықтар бар менде,

Ат пен доп бар Есенде,

Қуыршақ бар әселде.

Суретпен жұмыс:

Суретке қарап әңгіме құрастыру.

- Суретте не көріп отырсыңдар?

Мамандықтарға керек құралдарды көрсетіп айтып беру.

Қорытынды: Сюжеттік ойын: «Мамандықтар» Балалар өздеріне ұнайтын мамандықтарды таңдап ойын ойнайды.

Ересектер «Ақбота »тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні: 09. 04. 2018 ж

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пәні: Мүсіндеу

Өтпелі тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: Ғарыш

Тәрбиелік : Балаларды икемділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Композиция және қиялдау сезімдерін дамыту.

Оқыту: Бірнеше заттан кмпозиция құрастыруға үйрету. Мүсіндеуде зымыраннын , ғарышкердің пішінің беру. Адамдардың ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапарлары туралы түсінік бере отырып , қазақтың тұңғыш ғарышкерлерімен таныстыру.

Педагогикалық технология: Ғарыштын суреті

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, мүсіндеу.

Көптілділік: Ғарышкер.

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Үн таспа арқылы ұшақтын дыбысы естіледі.

- Балалар ненің дыбысы деп ойлайсыңдар? Балаларға ұшақ туралы айтып түсіндіру.Ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты . Олар ұшақты басқару үшін білімді болу керек, сол үшін олар көп оқу керектігі туралы түсіндіріледі.

2.Негізгі бөлім:

Жұмбақ жасыру:

Құстан аумайды,

Көкте зулайды. (Ұшақ)

Сергіту сәті

Қане қанат жазайық

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

- Бүгін ермексаз арқылы ұшақты мүсіндейміз.

-Ен алдымен қолымызды жаттықтырып ауада жұмыс жасайық. Созу, домалақтау, ширату әдісін қолданамыз.

Тәрбиеші өзі мүсіндеген ұшақты көрсетеді. Балалар тапсырманы орындайды.

Қорытынды:

«Ұшты ұшты » ойынын ойнау.

-Балаларды мадақтау



Ересектер «Ақбота »тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні: 11. 04. 2018 ж

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пәні: Сурет салу

Өтпелі тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: Түлкі мен тауық

Тәрбиешілік : Балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыру.

Оқыту: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажыратуға үйрету.

Педагогикалық технология: Тауық пен түлкінің суреттері.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, сурет салу

Көптілділік: Ертегі,сказка, fairy tale

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасыру:

Күн батса қонақтап қалғыған,

Таң атса жерден жем аңдыған.

(Тауық)

Қырда жүрер ол жортып

Іні де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып

Қандай аң ол алдайтын?

(Түлкі)

2.Негізгі бөлім:

Түлкі мен тауықты кім сипаттап айтып береді.

-Түлкі қандай аң? Балалар сеңдер қандай ертегілерді білесіңдер?

-Қалай ойлайсыңдар ертегі несімен қызықты болады?

Ертегілердің кейіпкерлерін көрсетіп ,қысқаша өз ойларын айтып беру.

Сергіту сәті:

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем

Сол қолымды көтерем,

Сол қолымды түсірем

Оңға қараймын

Аяқты топ топ басамын

Солға қараймын

Біраз сергіп аламын.

Сурет салу әдісін түсіндіру, суретті салу

Қортынды: Балалар суретті салады.


Ересектер «Ақерке »тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні: 09. 04. 2018 ж

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пәні: Аппликация

Өтпелі тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: Ғарыш

Тәрбиелік : Балаларды батылдыққа, адамгершілікке, ұжымен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып , есте сақтау , ой өрістерін зейіндерін дамыту.

Оқыту: Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіру, ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру.

Педагогикалық технология: Ғарыштын суреті

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, үйрету.

Көптілділік: Ғарышкер.

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Он екінші сәуір күні ғарышкерлер мерекесі , биыл ғарышқа ұшқан жылға 53 жыл болды. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр.

Жұмбақ жасыру.

Жерде болса тұрағым

Марсқа ұшып тұрамын (Ғарышкер)

2.Негізгі бөлім:

-Балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?

-Балалар ғарышқа не үшін ұшады?

-Ен бірінші ғарышқа Юри Гагарин ұшты. Ал қазақ жерлерінен Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев ұшты .(Балаларға суреттерін көрсету.)

-Ғарышқа не арқылы ұшады? Зымыран қалай ұшады (Зымыранын суретін көрсету.)

Балалар аспанда ауа жоқ, онда өте ыстық болады. Ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.

Ойын: «Зымыранды құрастыр» Мына жерде бөліктер бар бір бірлеріне құрастырып зымыранды шығарады.

Ән: «Мен ғарышкер боламын»

-Қайшымен жұмыс барысында қауіпсіздік ережені еске сақтап , ұқыпты қиып ғарышты жабыстыру.

Қортынды:

-Балалар ғарышкерлер күні қай күн?

-Кімдер ұшты?

-Кім ғарышкерлер туралы тақпақ біледі? Балалар ғарышкерлер туралы тақпақ айтып береді.

Ересектер «Ақбота» тобындағы арналған вариативтік компонент

«Қызықты граматика»

Өткізу күні:10.04.18

Тәрбиеші:Кадашева Ш.А

Өтпелі тақырып: Көктем жаршысы құстар

Тақырыбы: «Сөз ойла», «Ш дыбысы мен әріпі»

Тәрбиешілік: Ұқыптылыққа,байқампаздылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Өтілген дыбыстар мен олардың әріптері туралы білімдерін пысықтау

Оқыту: Балаларды Ш дыбысымен және әріпімен таныстыру,дидактикалық ойындар арқылы жылдам әрекет етуді үйрету,ертегі тындату арқылы дұрыс қорытынды жасай білу,логикалық ойлау қабілеттерін арттыру

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Көптілділік:әріп,буква,latter

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Жылулық шеңбері

Қоныраудың сиқырлы

Естіледі сыңғыры.

Қолынды бер дейді,

Шеңберге кел дейді.

Қайталау

«Сөз ойла»дидактикалық ойыны

Мақсаты:ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші бір дыбысты айтады да,допты бір балаға береді.Бала сол дыбыстан басталатын сөзді тез айтып,допты қайтарып береді.Ойын осы ретпен жалғасады

2.Негізгі бөлімі:

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Көктем мезгілі бейнеленген суретті (құмырсқа мен шегіртке жапырақпен жасырынған)көрсетіп,балаларға сұрақ қояды:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Суреттегі жапырақтарды көрсету:

-Мына жапырақтардың астына жәндіктер жасырынған сияқты.Қане,біреуін алып көрейікші.

Кішірек жапырақты алады,астынан құмырсқа көрінеді.

-Бұл қандай жәндік? «Құмырсқа»сөзін буынға бөлейік.

Неше буын бар екен?

-Сөзде неше буын болса,алдарыңдағы қорапшадан сонша бұршақ дәнін алып қойындар.

Балалардың жауаптарын тындап,тексереді.Дұрыс жауап берген балаларды мадақтайды,қате болса түзетеді.

Жаңа тақырып

-Енді құмырсқа туралы ертегі тындайық:

«Жайқалған шөптер мен қызыл-жасыл гүлдердің арасында бір кішкентай құмырсқа өмір сүріпті.Ол күні бойы тыным таппай еңбек етеді екен.Бір күні дән іздеп келе жатып,құлағына сондай жағымды,керемет әуен естіледі. «Бұл әнді айтып жатқан кім?» деп жан-жағына қарайды да,жайқалған шөптің үстінде отырған бір жәндікті көреді. Ол жәндік күн сәулесінен қорғанып,үлкен жапырақты жамылып алыпты.»

Буындар жазылған шарларды тақтаға іледі,буындардан сөз құрап оқытады.

ША-ШУ,ША-НА,АР-ША,ША-ЛА,АР-НА,ША-РА,АЛ-ША.

Дәптармен жұмыс

Дәптердегі суреттермен жұмыс жүргізеді.

Саусақ пен тыныс алу жаттығулары

Үрлеп едім шарымды,

Дәу болды да жарылды.

Оған бірақ саспадым,

Үрлеп алдым басқасын.

Кел,жазайық

Дәптердегі жазу жұмысын орындайды.

3.Қорытынды:

Сұрақ жауап арқылы сабақты бекіту.Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.

































Ересектер «Ақбота» тобындағы арналған вариативтік компонент

«Табиғатпен дос болайық»

Өткізу күні: 12.04.18

Тәрбиеші:Кадашева Ш.А

Өтпелі тақырып: Көктем жаршысы құстар

Тақырыбы: Жабайы аңдар. Қайталау

Тәрбиешілік: Экологиялық тәрбие беру, ойлау қабілеттерін дамыту, мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: : Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беру.

Оқыту: Олардың тіршілік ету ортасы, қоректену ерекшеліктерін үй жануарлармен салыстыра отырып түсіндіру

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап,тақпақ

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Көптілділік:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Құстардың әні ойнаған кезде тәрбиеші залға балалармен кіреді.Балалар білесіңдер ме?

Бүгін біз қайда саяхат жасағалы отырмыз?

2.Негізгі бөлімі:Балалар білесіңдер ме орманға саяхатқа шыққанда тәртіпті болу керек.

Жұмбақ

Жаңғақ жауған орманда

Күндіз қорек айырып

Жатады кеш болғанда

Өз құйрығын жамылып

Біздің орманда тиіндар тұрады.Сендер білесіңдерме ол қайда тұрады. Қандай ағашқа үйін істейді?Тиіннің өзі қандай?Сипаттайықшы кәне?

Ал енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

Құлағы ұзын,

Аяғы жылдам,

Өзі қорқақ

Түсі сұр

Ол не?

Ал балалар қоян туралы не білеміз?Ал қоян немен қоректенеді?

Сергіту сәті

Секірейік-секірейік,

Ұзын-құлақ қоянша.

Шаршағаңды кетірейік,

Болар сонда тамаша.

Ал енді біз әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.Алда ненің үйін көріп тұрмыз айтыңдаршы?

Өзіне болған қорған-орман

Ішінде бар,бір аң қорбаң-қорбаң

Ол не?.

Енді аюды сипаттайықшы.

Ал аю не жейді?

Ал аю қайда тұрады?Аю үйін қай ағаштың астында тұрғызған?.

Ал енді біз әрі қарай жолымызды жалғастырамыз.

Балалар,қараңдаршы ағаштың астында не жатыр?

Үсті толы ине,

Бірақ,іс тігіп,

Қадамайды түйме.

Балалар ,енді кірпіні сипаттаймыз.

Балалар,кірпі не жейді?

Қорықпа кірпі біз саған тимейміз.Біз кеттік.Қимылды ойын: «Өз үйінді тап!»

3.Қорытынды:

Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ұнады ма? Біз сендермен жолда қандай аңдарды көрдік?

Ал,айтыңдаршы орманда тағы қандай аңдар мекен етеді?

Ал орысша оларды қалай атайды?

Балалар кім аңдар туралы тақпақтар біледі?





























Ересектер «Ақбота» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.04.18

Тәрбиеші:Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Сауат ашу негіздері

Өтпелі тақырып: Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері

Тақырыбы: «Ж» дыбысы мен әрпі

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ғарышкерлерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу

Дамытушылық: Өзара бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру

Оқыту: Ғарышкерлер туралы білімін кеңейту. Балаларды «Ж» дыбысы және әрпімен таныстыру.Тақтадан «Ж» әрпі бар сөздерді тауып оқи алу,берілген сөзге сөйлем құрай алу дағдыларын арттыру. «Жоба», «Жаға» сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Қоңыз сызбасын салуға үйрету

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тақпақ

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Көптілділік:әріп,буква,latter

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Дыбыстар қандай болып екіге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстарды атап беріңдер?

-Дауыссыз дыбыстарды атап беріңдер?

2.Негізгі бөлімі:

Жұмбақ жасыру:

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

(Жұлдыз)

Ішіне тамақ, салынған,

Есігі тастай жабылған

(Жұмыртқа)

- Жарайсыңдар, бұлсөздер қандай әріптен басталып тұр?

-Жұлдыз, жұмыртқа сөздері қандай дыбыстан басталады?

«Ж» дыбысын айтайық. Балалар біз бүгін «Ж» дыбысымен танысамыз.

Балалар «Ж» дыбысы дауысты ма , дауыссыз ба, тексерейік.

-Енді балалар жоба, жаға сөздерін шапалақ арқылы буынға бөлейікші.

Тақпақ оқу.

Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр!

Жауған жаңбыр, жауған нұр.

Жердің шаңы басылсын,

Гүлдің қауызы ашылсын.

Текшелер арқылы жоба,жаға сөздерін жазғызу.

Д/о: «Біз зерекпіз» Дыбыстарды,буынды,сөзді атау. «Ж» дыбысы бар дыбыс,буын,сөз кездескенде қолдарың көтеріп шапалақтау.

П,с,р,ж; д,ж,л,а; з,е,в,ж. (дыбыс)

На-,са-,жа-,се-,ла-,жу-,да-,жи. (буын)

Таға,жаға,алға,жыл,сағат, жылқы, доп, жас.(сөз)

Балаларға «Ж» әріпінің баспа түрін тақтаға жазып көрсету.«Ж» әріпін әдемі етіп ауада жазайық.

Тәрбиеші балаларға дәптердегі үлгі бойынша «Ж»әріпін жазуды ұсынады.

Сергіту сәті.

Топ-топ етіп басайқ,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

«Менің көжегім» тақырыбы бойынша әңгіме құрайды.М/лы: көжек сәбізді жақсы жейді.

Д/о: «Кім жылдам ?»

Балаларға «Ж» дыбысына жылдам сөз ойлап табуды ұсынады.

3.Қорытынды:Балалар бүгінгі сауат ашу сабағы сендерге ұнады ма?

-Қандай әріптермен таныстындар.

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау – мадақтау.