Просмотр содержимого документа
«Конспект сурет салу»
Екінші кіші «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Шығармашыылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі!»
Тақырыбы: Қоршау
Мақсаты:
Тәрбиелік: балаларға қағазға тігінен және көлденеңніен сызықтарды жүргізуге үйрету.
Дамытушылық: сурет салуға деген ынтасы мен қызығушылығын ояту.
Оқыту: эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Билингвалдық компонент: қоршау-забор.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» деймін мен
Балалар шеңберге тұрып бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді
2.Негізгі бөлім:
-Балалар, бүгін біз қоршаумен танысамыз.
- Қоршау туралы түсіндіріліп, суреті көрсетіледі.
-Балалардың серуенде жүргенде қоршау көргендерін естеріне түсіреді. Олар өте үлкен.
-Қоршау ол біздің айналамыздағы үйімізді қоршап тұрады.
- Қазір біз қоршауды салу үшін мақта таяқшаларын пайдаланамыз.
Әдеттегідей қауіпсіздік ережеелерін есте сақтаймыз.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіру.
-Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер. Шаршаған шығарсыңдар сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Жел себеді, бетімізге
Тербелейді, ағаштар
Кіп-кішкентай, ботақандар
Үп-үлкен боп, өседі.
Дидактикалық ойын:
«Қақпа құрастыр»
Шарты: Балалар, алдарында тұрған кубиктардан қақапа құрастырады. Ойын әрі қарай жалғаса береді.
Билингвалдық компонент: қоршау-забор.
3.Қорытынды:
Бүгінгі оқу қызметінде ненің суретін салдық?
Қандай құралды пайдаландық?
Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?