Ортаңғы «Шаңырақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:18.12.2019ж
Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Жаңа жылдық сыйлықтар»
Тақырыбы: «Шырша»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік : Табиғатты сүйе білуге, әсемдікке тәрбилеу
2.Дамытушылық : Шырша туралы мағлұмат беріп, білімдерін кеңейту
3.Оқыту : Жыл мезгілдерінің өзгерістері жайлы әңгімелеу
Педагогикалық технологиялар: ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: жаңа жылдық шырша және қысқы орманның суреті, түрлі түсті шарлар.
Билингвалдық компонент: Шырша-ёлка, Жаңа жыл-Новый Год.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Ортада шаттық шеңберін құрып, бәр бірге қосылып «Шырша әнін» шырқайды.
2.Негізгі бөлім:
-Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа барайық, автобусқа мініп отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар, сонда ғана әп-сәтте жетеміз.
Жабық тұрған шыршаны ашып жібереді.
-Ал, кәнекей ашыңдар!
-Біз қайда келдік?
-Балалар, біз нені көріп тұрмыз?
-Шыршамыз қандай?
-Жапырақтары қандай?
-Түсі қандай?
-Балалар шыршаның бізге жасырған жұмбақтары бар екен.Сол жұмбақтарды тауып шешейік
Жұмбақтар.
1.Бір ақсақал жылына,
Бір-ақ ерт келеді.
Көп қызы мен ұлына,
Сыйлық әкеп береді.(Аяз ата)
2.Қыста жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып кетті. (Қар)
3.Жасыл ине киімім.
Жайлаймын тау биігін
Жаңа жылды тойласаң
Төріңдемін үйіңнің.(Шырша)
4.Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.(Қырау)
5.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)
6.Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады.(Аяз)
Логикалық ойын: «Қыс бейнесін құрастыру»
Шарты: Балалар 3 топқа бөлініп,әртүрлі бөліктерден қыстың белгілерін бейнелеп құрайды және оны сипаттап айтады.
Сергіту сәті
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда, жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Дид, ойын: «Шарда жасырылған сұрақтар»
Шарты: Қағаздан умаждап қар жасап, шарға дәлдеп тигізу.Тиген шардағы сұрақтарға жауап беру.
Қорытынды:Сұрақ жауап арқылы қорытындылау
Просмотр содержимого документа
«Конспект Жаратылыстану Тақырыбы: "Шырша"»