Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения:
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область:Таным
Пән / Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Жомарт күз
Тақырыбы / Тема: «Қоңыр күз»
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Табиғатқа күтіммен қарап,қамқор болуға,оны аялап,қорғауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Далалардың өсімдіктер жайлы білімдерін нығайту.Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
3. Оқыту – обучающая : Балаларды қоңыр күз ерекшеліктерімен таныстыру.Өсімдіктер әлемінің адам өміріндегі орны туралы білім беру.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, .
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,
Көп тілділік полиязычие: күз-осень
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Жұмбақ жасыратынын, жұмбақтың жауабы бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы болатынын хабарлайды.
Бозарып дала,
Тоңады бала.
Астығы піскен,
Жапырағы түскен.
Бұл қай мезгіл? (Күз мезгілі. )
2.Негізгі бөлім.
-Өте жақсы! Ал, енді көзімізді жұмып күз мезгілін елестетейікші.
(Осы кезде әдемі әуен қосылады)
Ой қозғау
Балалардан не елестеткендері туралы сұрау.
Өздерінің ойларын айтады: мысалы, мен күзгі желді елестеттім, мен жапырақтың шуылын елестеттім.
-Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.
- Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын деп тұрмын.
Ағайынды бәрі,
Жазда жасыл,
Күзде сары.
Ол не? (-Жапырақ. )
(Осы кезде желдің дыбысы естіледі).
-Бұл ненің дыбысы?
-Желдің дыбысы.
-Жел соққанда жапырақтардың қандай күйде болатынын білесіңдер ме?
-Жапырықтар ұшып жерге түседі, қалқиды, домалайды.
-Қане , олай болса, жапырақтардың қандай күйде болатынын тыныс алу жаттығуы арқылы жасап көрейік.
Тыныс алу жаттығуы.
Алдыларындағы бөтелкенін ішіндегі қағаз қиындысына түтікше салып, қатты үрлеуді ұсынады.
Түтікшені бөтелкеге салып, үрлейді. Мұрындарымен демалып, ауызбен ауаны шығарады.
- Жел қатты соғып, мынандай жапырақтарды ұшырып әкеліпті. Бұл жапырақтар сиқырлы екен, әрбіреуінде тапсырмадар бар.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы жапырақ».
- Кім мына жапырақты қолына алса, сол күз мезгілінің бір ерекшелігін айтады.
Әр бала қолына жапырақты алып күз мезгілінің белгілерін айтады:
-Күзде күн суытады.
-Күзде жаңбыр жауады.
-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Күзде адамдар жылы киінеді.
-Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі.
-Күзде жеміс-жидектер піседі.
- Неге біз күз мезгілін «алтын күз» дейміз?
-Өйткені, күзде жапырақтардың бәрі сарғайып, алтынға ұқсайды.
-Неге «жомарт күз» дейміз?
-Өйткені, күзде жемістер, көкөністер, астық, саңырауқұлақтар піседі.
Әр отбасы күздің байлықтарын қысқа сақтайды.
Сергіту сәті:
Жел соқты, жел қатты-қатты соқты,
Жаңбыр жауды, жаңбыр қатты-қатты жауды,
Күн шықты, күн шықты,
Жел тына қалды.
(Шеңберге тұрады, бір-біріне теріс қарап, арқаларына массаж жасайды).
- Көкөністер мен жемістердің адамға деген пайдасы зор.
–Қане, кім біледі қандай пайдасы бар?
-Сонымен, міне күздің тағы бір сыйы, байлығы ол нелер? (Көкөністер мен жемістер)
Бүгін жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Жемістер қайда өседі? (Жемістер бақта өседі)
-Көкөністер қайда өседі? (Көкөністер бақшада өседі)
-Жемістер мен көкөністерден не жасауға болады?
(Тосап, компот, салаттар жасауға болады).
(Жемістер мен көкөністер-дің құрамында дәрумендер бар).
-Ал, оларды жемес бұрын не істеу керек?
(Алдымен жылы сумен жуу керек)
Көп тілділік полиязычие: күз-осень-autumn,
3.Қортынды
Балалар бүгінгі жұмыстарың үшін көп рахмет. Балаларды мақтап-мадақтау.