- Ал, енді балалар, мәтінді оқиық. Абай Құнанабаев – ұлы ағартушы, философ, ақын. Оның шығармашылығы мен мәдениеттің үш ұлы «көзі» нәрлендірген. Оның бірі – қазақтың ұлттық мәдениеті. Екіншісі – шығыс мәдениеті. 1- тапсырма. Есепте 99/11= с 63/21=о 96/24=р 96/16=ы Жауаптарын өсу ретімен орналастыр. Сонда сен Абайды шабыттандырған тағы бір мәдениетті білетін боласың. 2-тапсырма. Бөлуді орында. Есептеуді тексер. Бөлу амалын орындар алдында толымсыз бөлінгішті және бөліндідегі цифрлар санын анықтап алайық. Алгоритмі: 1134-ті 21-ге бөлу үшін алдымен бірінші толымсыз бөлінгішті анықтаймын. Ол үшін бөлгіште қанша цифр болса, бөлінгіштің сол жағынан бастап сонша цифр санап аламын. Егер сол цифрдан құралған сан бөлгіштен үлкен болса, бірінші бөлінгіш сол сан болады. Ал егер кіші болса келесі цифрды қосып бірінші толымсыз аламын. 1) Бірінші толымсыз бөлінгіш 113-ке тең. Ендеше бөліндінің мәнінде екі таңбалы сан шығады деп екі нүкте қоямын. 2)Бөлемін: 113 онд : 21 = 5 онд, бөліндіге 5 санын жазамын, 5онд * 21 = 105 онд. Оны ондықтың астына жазамын, 113 – 105 = 8 онд шығады. 8 3)Екінші толымсыз бөлінгіш 84 бірлікке тең. 84 бірл : 21 бөлемін 4-ке тең, оны бөліндінің мәніне жазамын. 4 бірл * 21-ге = 84 бірлік шығады. 84 бірл – 84 бірл = 0. Бөлінбеген бірлігім қалған жоқ. 4) Жауабын оқимын: бөліндінің мәні 54-ке тең. 3-тапсырма. Есепте және тексер. 798:57=14 2548:26=98 455:13=35 4656:97=48 4-тапсырма. Есептеп тексеруді ұмытпа 252:14=18 528:22=24 5808:66=88 897:39=23 345:15=23 8712:88=99 2720:32=85 3510:45=78 5-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Сәйкестендір» ойыны Өрнектерді жауабымен сәйкестендір. 125*4+125*6 | 10300 | 355+98*4*25+145 | 3200 | 241*5+241*5 | 1250 | 2199+25*9*4+101 | 3140 | 810/(3*30)+250/(20+30) | 2410 | 314*3+314*7 | 14 | 6-тапсырма. Есептерді шығар. Есептерде артық мәлімет бар ма? Автобус таңертең сағат 10-да шығып, 300 км жолды 6 сағат та жүріп өтті. Егер мәшиненің жылдамдығы автобустың жылдамдығына қарағанда 10 км/сағ артық болса, ол осы уақытта қандай қашықтықты жүріп өтеді? - Есепте не туралы айтылған? (Автобус пен машина туралы) - Есепте не белгілі? (Автобустың қашықтығы мен уақыты белгілі) - Есепте не белгісіз? ( Автобустың жылдамдығы) - Есептің сұрағы қандай? (мәшиненің жылдамдығы автобустың жылдамдығына қарағанда 10 км/сағ артық болса, ол осы уақытта қандай қашықтықты жүріп өтеді?) - Қашықтығы, уақыты белгілі болса, нені табуға болады? (жылдамдықты) - Қандай амал қолданамыз? (бөлу) - Автобустың жылдамдығы белгілі болса, онда нені табуға болады? (Мәшиненің жылдамдығы) - Қандай амал қолданамыз? (қосу) - Енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма? Жылдамдық, уақыт белгілі, қашықтықты табуға бол ма? (Болады) - Қандай амал қолданамыз? (көбейту) Sа- 300 км Tа- 6 сағ Ʋм- 10 км/сағ артық Ʋа- ? км/сағ Sм- ? км Шешуі: Ʋ = s:t; 300:6=50 (км/сағ) 50+10=60 (км/сағ) S = Ʋ*t; 60*6=360 (км) Жауабы: Машина 6 сағатта 360 км қашықтықта жүріп өтеді. Ә) Сал өзен ағысымен 3 км/сағ жылдамдықпен жүзеді. Салда 3 адам отыр. Сал өзен бойымен 3000 м жүзді. Ол үшін оған қанша уақыт қажет болды? - Есепте не туралы айтылған? (өзен туралы) - Есепте не белгілі? (жылдамдығы, қашықтығы) - Есептің сұрағы қандай? (Өзен бойын жүзіп өту үшін қанша уақыт қажет болды?) Ʋ - 3 км/сағ S – 3000 м = 3 км T - ? сағ Шешуі: t = s:w 3:3 = 1 (сағ) Жауабы: Өзен бойын жүзіп өту үшін 1 сағат уақыт қажет болды. Ʋ = 3 км/сағ t - ? 3000 м Сергіту сәті. «Көңілді күн» 7- тапсырма. Математика күнделікті өмірде. Ұзындығы – 5 м, ені – 4 м болатын еденге төсеу үшін қанша квадрат метр линолеум қажет? Ені 2 м линолеум орамынан ұзындығы қандай бөлік кесіп алу керек? - Есепте не туралы айтылған? ( Линолеум) - Есепте не белгілі? ( Ұзындығы мен ені) - Есептің сұрағы қандай? (Ені 2 м линолеум орамынан ұзындығы қандай бөлік кесіп алу керек?) Еден ұзындығы – 5 м Еден ені – 4 м Линол. ені – 2 м Линол. ұзындығы - ? м Шешуі: s = 5*4 = 20 (м) 20:2 = 10 (м) Жауабы: Ені 2 м линолеум орамынан ұзындығы 10 м бөлік кесіп алу керек. 8-тапсырма. Шығармашлық жұмыс. Қабырғалары 4 см болатын шаршы сыз. Оны екі сызықмен төрт бөлікке бөл. Тапсырманы бірнеше тәсілмен орында. Сенде қандай фигуралар пайда болды? 9-тапсырма. Ойлан және жауап бер. Арман мен Әлия төр таңбалы сандар жазды. Арман бірінші цифры кейінгі үш цифрдың қосындысына тең сандарды жазды. Әлия соңғы цифры алдыңғы үш цифрдың қосындысына тең сандарды жазды. Балалрға осында бес санды жазуға көмектес. Смайликтер арқылы бағалау |