СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көркем әдебиет отбасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

көркем әдебиет 

тақырыбы: отбасы

 

Просмотр содержимого документа
«Көркем әдебиет отбасы»

Екінші кіші «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Менің Отбасым»

Тақырыбы: Отбасы (сурет бойынша)

Мақсаты:

Тәрбиелік: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін, қиалын, қызығушылығын дамыты.

Оқыту: Отбасы мүшнлерін атауға, сұрақ-жауап арқылы сұхбатқа үйрету.

Билингвалдық компонент: отбасы-семья,әке-отец,ана-мама.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: отбасы суреттері, балалардың отбасы мүшелерімен фотосуреттері.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалармен амандасу.

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де.

Қуанайық достарым,

Жарқыраған күнге де!

2.Негізгі бөлім:

Тәрбиеші:

Кәнеки балалар біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!

Бас бармағым – әкем, балаң үйрек апам,

Ортан терек – ағам, шылдыр шүмек мен.

Кішкене бөбек сен

-Бір үйде нешеуміз?

Бір үйде бесеуміз.

Тәрбиеші:

  • Балалар санамақ кімдер туралы айтылған?

  • Кім айтады?

Балалар: отбасы туралы

Тәрбиеші: Суретпен жұмыс (Отбасы суреті)

үй,отбасы мүшелері туралы айтады.

Балаларға сұрақтар қою сурет бойынша:

Суретте кімдер бейнеленген?

Бір сөзбен қалай атаймыз?

Әке не істейді?

Ана не істейді?

-Отбасы қандай болу керек?

Суреттер бойынша әңгіме құрастырулары ұсынады.

Балалар әркім өз жанұясы туралы не айтасыңдар?

-Отбасымды жақсы көресіндер ме?

Балалар:

«Менің бақытты жанұям» суретке қарап әңгіме құрастырды.

Билингвальды компонент: отбасы-семья,әке-отец,ана-мама

Сергіту сәті:

Әуен арқылы сергіту сәтін жасау.

Тақпақты жаттату:

Анаң - күнің, жүрегің,

Әкең - өмір тірегің.

Әжең - асыл ардағың,

Атаң - дана қорғаның.


Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».

Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жаңсы сөздер айтады.

- Менің отбасым ... (тату).

- Менің отбасым ... (көңілді).

Ойын осылайша жалғаса береді. 

3. Қорытынды:

- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отбасына кімдер жатады?

- Сенің отбасыңда неше адам бар?

- Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.