Коучинг түрінде шеберлік сағат жоспары
Тақырыбы:Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары
Мақсаты:
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдарымен таныстыра отырып тәжірибемен бөлісу.Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, Блум таксономиясын сабақтарға мақсат қоюға, білімді игертуге деңгейлік тапсырмаларды дұрыс әзірлей алуға бағыттау.
Күтілетін нәтиже: шебер сағат барысында мұғалімдер теория арқылы, түрлі тапсырмалар орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге
6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді.
Міндеті:
1.Жанға жайлы жағдай жасау арқылы оқыту ортасын ұйымдастыру.
2. Шеберлік сағатқа қатысушылардың оқыту үрдісінде өзара белсенді қарым-қатынас жасауларына жағдай туғызу.
3.Коучингтің нәтижелілігін анықтау мақсатында рефлексия ұйымдастыру.
Жоспар:
1. Өзін таныстыру презентациясы
2. Топтық жұмыс ұйымдастыру
3.Жұмыстарын қорғау, бағалау
4. Рефлексия
Шеберлік сағаттың барысы:
Жанға жайлы жағдай жасау
Күнделікті күйбің тірлікпен жүріп өзіміздің жақсы қасиеттерімізді айтып, мәртебемізді көтеруге уақыт таппай жатамыз. Ендеше дәл қазіргі сәт сол олқылықтың орнын толтыруға арналғандай.
Қатысушылар шеңбер құрып, өздерін таныстыра отырып, есімдері қандай әріптен басталса, сол әріптен өздері туралы бір- екі қасиеттерін айтады.Әр қатысушының қолында жапырақтар бар.Жапырақтардың түсіне байланысты екі-үш топқа бөлінеді.
Топқа бөлу.
«Миға шабуыл» стратегиясы
«Құпиялы тақта» (Интербелсенді тақта сөздер шығады,сол сөздерді оқып,шебер сағаттың тақырыбына шығады)
Тақырыпқы шығу.«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
Сыни тұрғыдан ойлау туралы Power point қысқаша мәлімет беру
Слайд2
Жаңашыл біз болайық,
Сыни ойлай алайық.
Оқушыға ой тастап,
Шығармашыл болайық.
Оқушылар жаңаша,
Білім алсын тамаша.
Топпен бірге отырып,
Жауап берер қашанда.
«Миға шабуыл»
1.Қазіргі заманауи оқушы мен мұғалім қандай болуы керек?
Әр топ флипчартқа сын есімдерді жазады.
2.«9 Алмаз» тәсілі. (қабілеттерді маңыздылығына байланысты торға орналастыру)
3.Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
4. Ассоциация әдісі. Оқушы сөзін қандай ұғымдармен байланыстырасың?
(9 сөз,6 сөз,3 сөз,1сөз)
Сергіту сәті
5. Ойлау қабілетіне әсер ететін фактордың бірі Блум таксономися бойынша дұрыс тапсырмалар құру
Блум таксономиясы туралы Power point қысқаша мәлімет беру.
Бейне материал көрсету.Мұғалімдер топта ақылдасып,талқылап сұрақтар құрастырады.
6. Блум таксономиясы бойынша бір сабақ көлемінде тәжірибеммен бөлісу
Рефлексия.Санквейн тәсілі.
Кері байланыс. «Бестік» тәсілі.
Бас саусақ –Тақырып маңызды және қызықты болды ма?
Сұқсаусақ-Өзіңізге керек мәлімет болды ма?
Ортаншы саусақ– Маған ұнағаны
Төртінші саусақ- Көңіл күйіңіз қалай?
Бесінші саусақ – Менің ұсынысым
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хамитова Сауле Ләззәтқызы
Балаларға терең білім беру.Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру,іздену арқылы бала бойына дарыту,одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты
барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы
мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз”
Н.Ә.Назарбаев
Шеберлік сағаттың тақырыбы:
«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Хамитова Сауле Ләззәтқызы