Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу.
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемі»
Тақырыбы: : Көжек
Мақсаттары:
Тәрбиелік: : Достыққа, қамқорлыққа, тәрбиелеу. Дамытушылық: Көжектін суретін салу дағдыларын жетілдіру. Оқыту: Дөңгелек, сопақша, заттарды үйлестіруге үйрету. Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,сұрақ-жауап,әңгімелеу. Ресурстармен қамтамасыз ету: Қоянның сурету,қағаз,түрлі-түсті карандаштар. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Тақпақ жаттау: Ақ қояна-ау,ақ қоян, Үркек қоян ,сақ қоян. Қаша берсен осылай, Қорқағым деп ат қоямын. Балалар тақпақ не туралы айтылған ?
2. Негізгі бөлімі
-Балалар қоянның түсі қандай ? -Қоянның құлағы қандай? -Қоянның аяғы ұзын ба? -Балалар қоянның баласын қалай айтамыз? Қоян қонаққа келеді . Біздің қоянымыз көңілсіз болып тұр. Ол өзінің көжегін іздеп келіпті.Қоянға арнап сурет салып берейікші.
Сергіту сәті:
Қояным,қояным,
Орныңнан тұра ғой.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бетіңді жушы,
Қолыңды жушы,
Орныңда секірші!
Секір-секір-секір!
Балалар тәрбиешінің түсіндіруі бойынша тәрбиешімен бірге үзік сызықтарды жүргізеді.
Дайын суретті түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланып бояйды.
3.Қорытынды:
Балалардың қоянды әдемі салғандарын айтып мадақтаймын.
Балалар қоянды қалай салғандары жайлы,қоян туралы не білетіндерін айтады.
Просмотр содержимого документа
«"Көжек" сурет салу»