СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Краткосрочный план по предмету "Искусство" 10 класс

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Краткосрочный план для 10 класса. Раздел Мода. 

Дизайнерские инструкции по созданию одежды и  аксессуара.

Выполнение эскизов.

Просмотр содержимого документа
«Краткосрочный план по предмету "Искусство" 10 класс»

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

ӘБ жетекшісі

____________М.К.Бейсенов

_____ _________ 2017ж.

Сабақ жоспары. Өнер.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 10.3: Сән

Күні: 23.01. – 28.01.2017ж.

Сабақ № 5

Сынып: 10

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенова М.С. (мұғалім)

Сабақ тақырыбы

Киім мен аксессуарлар жасау бойынша дизайнерлік нұсқаулар. Нобай жасау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1N10.9

Жиналған мәліметтің талдауы мен синтезіне негізделген тың идеяларды беру құралы ретінде эскиз үшін альбомды пайдалану.

Сабақ мақсаттары

  • киім мен акссесуарлар түрлеріне зерттеу жұмысын жүргізеді;

  • нобай салу кезінде тепе-теңдік заңдылығын, пропорцияны түсінеді;

  • аксессуар түрлерін салыстыра алады және ажыратады, талдау жасай алады;

  • таңдап алған акссесуарына композиция құрастырады және ұсынады;

  • материалды дұрыс таңдауды меңгереді;

  • фор-нобай салуды белгіленген уақытта аяқтайды және ұсынады, бір-бірінің жұмыстарына ұсыныстар жазады, әділ бағалайды, нәтиже шығарады.

Жетістік

критерийлері

- зерттеу аясын ашып көрсетеді;

- қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындауда креативті

ойын көрсетеді;

- жинақталған ақпаратты талдап, жинақтауға негізделген алғашқы нұсқалар альбомын жаңа идеяларды ұсыну құралы ретінде пайдаланады.


Тілдік мақсаттар


Өнеркәсіптік қызмет саласының кәсіби маманымен сұрақ-жауап түріндегі әңгімеге қатысу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Дизайн нұсқаулығы: идеяны қалыптастыру, өнімді және кестені әзірлеу,бюджет, соңғы мерзім, міндет, көзқарас, моральдық мақсат, стиль, мақсаттық сатып алушы.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Сән шоуы өткізілетін күнді маусым айына қоюдың себебі неде?

Мобильді телефон салатын аксессуарлар жасөспірімдерге ұнайды дегенге келісесіз бе?

Құндылықтарды

дарыту


Зерттеу кезінде оқушыларда іздену, ашқытық құндылықтары қалыптасады. Практикалық жұмыс жасау барысында, топпен жұмыс жасағанда сыйластық, құрмет құндылықтары арта түседі. Өмір ойы еңбектену арқылы өзіне бай және қажетті қор жинақтайды, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады.

Жаһандық

азаматтық

Қазақстандық және әлемдік сән әлемін зерттейді, дизайнерлердің киім және аксессуар үлгілерімен танысады. Нобай орындауда мәдени элементтерді қолданады.

Пәнаралық

байланыстар

Сән киімдері және аксессуарлардың түрлерін, тарихын білу үшін Қазақстан тарихы пәніндегі 10 сыныптарға арналған XX ғасырдың ортасы – XXI ғасырдағы мәдениет, қоғамның дамуына мәдениеттің ықпалы қандай болды? деген тақырыбымен байластыруға болады.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет желісін пайдалана отырып аксессуарлар түрлерін зерттеу үшін ноутбуктар пайдаланылады.

Бастапқы білім


Сән әлемі туралы, аксессуарлар туралы түсініктерінің болуы. Дизайн өнерінің қандай жерлерде кезесетіндерін білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

«Мозайка»

белсенді әдісі

2 минут










«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс




























Миға шабуыл сұрақтары

3 минут








Қалыптастырушы бағалауға арналған дифференциациялық тапсырма тапсырма

3 минут





























































Практикалық жұмысқа жетістік критерийін құрастыру

3 минут












Сабақтың ортасы

Практикалық кезең

15 минут








































Көрме

2 минут










Таныстырылым кезеңі және өзара бағалау кезеңі

«Басбармақ» әдісі

6 минут






Өзін-өзі бағалау

«жетістік баспалдағы» әдісі

2 минут









Кері байланыс

«Ой қорыту»

2 минут















Сабақты қорыту

1 минут




үйге тапсырма беру

1 минут





Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң оқушыларды топқа біріктіру үшін үстел бетінде тұрған сурет бөлшектерін алу тапсырылады. Оқушылар кезекпен келіп белгілі бір суреттің бөлшектерін алады және мозайка құрастыру арқылы үш адамнан топқа бірігеді.

Мозайкаланып жинақталған суретте төрт түрлі бейне суреті көрсетіледі. Олар: ұлттық, кешкі, іскер, күнделікті бейнелер (образдар).

Сабақтың тақырыбын анықтау үшін бүгінгі сабақ «Оқу үшін бағалау» модуліндегі «Қара жәшік ішіндегі жұмыс» бойынша жүргізіледі.

Ол үшін ең алдымен оқушыларға мозайкалы суреттерге байланысты тиімді сұрақтар қою, оқушылармен бірге тақырыпқа байланысты критерийлерді талдау, сыныптасын және өзін-өзі бағалау, кері байланысты қамтамасыз ету кезеңдерінен тұрады.







Топқа біріккен соң оқушыларға миға шабуыл үшін жетелеуші сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  1. Суреттен (картинадан) не байқадыңыздар?

  2. Бейнелерге не жетпейді немесе қалай толықтыурға болады?



Оқушылардан жауаптар алынған кезде бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.


Оқушыларға қалыптастырушы бағалауға арналған дифференциациялық тапсырмалар беріледі. Деңгейлі тапсырманы оқушылар өздері таңдап алады.

Тапсырма: Бейнені қажетті сәнді киімдермен және аксессуарлармен толықтырыңыздар.



Қабілеті жоғары деңгейдегі оқушыларға арналған тапсырма:

  1. Оқушылар дайын бейнені стилін сақтай отырып киім мен және аксессуарлармен толықтырады.


























Қабілеті орта дегейдегі оқушыларға:

  1. Қолдың және адам денесінің бейнесі беріледі, оқушылар сол үлгілерге акссесуарларды мысалы, алқа, білезік, сырға, белбеулерді салып толықтыру қажет.

Оқушылар нобайларын міндетті түрде түстік шешімде орындайды.
















Оқушылармен бірге жетістік критерийлерін құру үшін мысалы критерийлер айтылады.

Мысалы критерийлер:

  1. Киімді және аксессуарды дайын бейнеге дұрыс орналастыру (компановка).

  2. Нобайдың креативтілігі. т.б.


Осындай жетістік критерийлері оқушылармен бірге құрылады.

1.

2.

3.



Оқушылар дифференциациялық тапсырманы орындауға кіріседі. Әр оқушы өз таңдаулары бойынша бейнені киімдермен киіндіріп, аксессуарлармен толықтырады. Оқушылар практикалық жұмыс барысында аралас техниканы қолданады. Сән журналдарының қиындыларын, мата қалдықтарын, майлы борларды қолдана отырып шығармашылық жұмыс жүргізеді. Сызба ретінде қажетті қолданылатын материалдарды көрсетеді.

Фор-нобайында оқушылар қандай материалдан жасайтынын сызбалар арқылы көрсетулері қажет.

Фор-нобай (фор-эскиз) - кез келген заттың, бейненің суретін сызбалар арқылы бейнелеп көрсету.












Нобайларын біткен соң оқушылар жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. Оқушылар бір-бірлерінің нобайларына ұсыныстар үшін парақшалар таратылады. Парақшаларға нобайды немесе болашақта жасалатын аксессуар үшін ұсыныс жазып жабыстырады.

Көрмеден кейін оқушылар таныстырылым кезеңін бастайды.



Оқушылар өз нобайларын және болашақта жасалатын аксессуарын қандай материалда жасайтындарын түсіндіріп, бір-бірлеріне таныстырады.


Таныстыру кезінде оқушылар жетістік критерийіне байланысты өзара бағалау жұмысын жүргізеді.



Таныстырылым кезеңі аяқталған соң оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі.










Бүгінгі сабақтан қандай ой түйгендерін жазады және өзінің салған нобайына, өзінің ісіне баға береді.


Кейінгі кері байланыс алу үшін «ой қорыту» кері байланыс парағы беріледі.








Сабақты қорыта келе бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыны және нобайы үздік шыққан үш оқушыны айтып өтемін және қолдау көрсетуді ұсынамын.


Үйге келесі сабаққа қажетті яғни өз аксессуарларын шығармашылық тұрғыда жасау үшін қолданылатын материалдарды, құрал-жабдықтарды алып келуді тапсырамын.
















«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс туралы мәліметті төмендегі сілтемеден көруге болады


http://www.dylanwiliam.org/Dylan_Wiliams_website/DW_publications_files/13_L2W2D4_%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%20%D0%B6%D3%99%D1%88%D1%96%D0%BA%20%D1%96%D1%88%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5_kaz.pdf

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары деңгейдегі оқушыларға арналған тапсырма:

1. Оқушылар суреттегі бейне бойынша белгілі бір сән аксессуарының фор-нобайын салу.

Қабілеті орта дегейдегі оқушыларға:

2. Қолдың, мойынның, белдің, құлақтың қағазға шығарылған суреттері беріледі, оқушылар сол үлгілерге акссесуарларды мысалы, алқа, білезік, сырға, белбеулерді салып толықтыру қажет.

Оқушылар нобайларын міндетті түрде түстік шешімде орындайды.

Сабақта екі деңгейдегі дифференциациялық тапсырма беріледі, оқушылар тапсырманы өздері таңдап алады.


Өзара бағалау кезеңі

«Басбармақ» әдісі


Өзін-өзі бағалау

«жетістік баспалдағы» әдісі



Кері байланыс

«Ой қорыту»


Практикалық жұмыс барысына құрал-саймандарды қолданғанда сақ болу, сызғыштарды, циркуль т.б. заттарды лақтырмай ұқыпты ұстау, қолөнер бұйымдарымен ноутбуктарды қолданғанда қауіпсіз пайдалану және сақтау.

НЗМ құндылықтары

Сабақта патриоттық сезіммен және сыйластықпен ізденіс жұмыстарын орындап шығады.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақтың мақсаттары дұрыс қойылды, оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді.

Сабақтың тиімді болған тұстары: оқушылар сабаққа қажетті заттарды алып келген, олар: коллаж жасауға арналған сән журналдары, мата қиындылары, желім, қайшы тағы басқа заттар. Практикалық жұмысты жасау үшін оқушылар алдымен төмендегідей жетістік критерийін құра алды.


Жетістік критерийі:

  1. Нобай салуда берілген стильді сақтау.

  2. Коллаж техникасын креативті пайдалану.

  3. Бейнені толық киіммен жіне аксессуармен толықтыру.

Практикалық жұмысты орындау барысында оқушылар жетістік критерийіне сәйкес шығармашылық жұмыстарын орындай алды. Берілген бейнелерді яғни модельдерді киімдермен және аксессуарлармен толықтыра алды.


Дифференциациялық тапсырмаларды оқушылар қабілетіне қарай және берілген негізгі тапсырманы уақытысынан ерте орындап болған оқушылар таңдап алды.





















Дифференциациялық тапсырманы 10 L және 10 В сыныптарының қызбалдары таңдап алды.

Сабақ барысында бағалаудың екі түрі қолданылды, өзара бағалау «стикер» әдісі арқылы және өзін-өзі бағалау «жетістік баспалдағы» әдісі арқылы жүргізілді.































































Сабақтың сәтсіз шыққан тұсы: практикалық жұмыс барысында кейбір оқушыларға уақыт жетпей қалды, сол себепті шығармашылық жұмыстарын аяқтай алмады. Өзара бағалау кезінде жұмыстар толық аяқталмағандықтан оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалауда аздап қиналды. Жұмыстары аяқталмаған оқушыларға жұмыстарын аяқтау үй тапсырмасы ретінде берілді.

Өнер сабағында кез келген шығармашылық жұмысты орындап болған соң көрме ұйымдастырып отыру оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетімен қатар өзара әділ бағалау қабілеттері артатындығына тағы да көзім жетті. Коллаж техникасы ұзақ уақытқа арналған тапсырма болғандықтан оқушылардың кейбіреулері тапсырманы уақытылы аяқтай алмады. Көрме барысында жұмыстарын аяқтамаған оқушылар өздеріне айтылған сынды дұрыс қабылдай білді.


Сабақ барысында оқушыларға тек қыз баланың бейнесі берілгендіктен оқушылар өз кері байланыстарында ер баланың да бейнесін киіммен және аксессуарлармен толықтырғысы келетінін көрсеткен.

Сондай-ақ стильдердік тарихын білгілері келетіндерін жазған.

Алдағы сабақтарда оқушылардың осы білгісі келетін мәліметтерді толықтыруға тырысамын.


Оқушылар сабақ тақырыбын

және мақсаттарын, тапсырманы толық түсінгендерін және алдағы уақыттарда коллаж техникасын қолдана отырып шығармашылық жұмыстар жасай алатындарын өздерін өздері бағалау парағында көрсетті. Бұл жақсы нәтиже деп ойлаймын, сабақтарда болған кемшіліктерді алдағы уақытта дұрыстап, уақытты тиімді пайдалану керектігін, тапсырманы уақытқа және оқушының жас ерекшелігін ескере отырып беру керектігін осы сабақтан байқадым.















Мозайкалы картиналар



















































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!