«Күз – береке, күз – мереке!»
Кейіпкерлер:
Жүргізуші
Балалар
Домовёнок Кузька,
Мыстан кемпір
Балалар Роза Әлқожаның «Балалық шақ» әнімен залға кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сендердің шат-шадыман мінездерің,
Күлімдеп қарайлаған қой көздерің,
Жан жылуы сөздерің мен бал тілдерің
Сәніғой бүгінгідей мерекенің, – дей отырып, бүгінгі
«Күз – береке, күз – мереке!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
«Жау жаңбыр» әні орындалады.
Жүргізуші: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!
Музыка ырғағымен Домовенок Кузька залға кіреді
Кузька (жан жағына таңырқап қарап) Ой-ёй-ёй, қандай көңілді, қандай ерекше күн бүгін! Еден жуылмаған, бөлме сыпырылмаған, балалардың бәрі көңілді,бәрі шат- шадыман, мына жердің көңілдісін- ай ?!
Жүргізуші: (таңырқап) Сен, Сееен кімсің?
Кузька сен кімсіңің не? Мен Домовенок Кузькамын. Жай ғана Кузька деп айта беруіңе болады, себебі мен әлі кішкентай бүлдіршінмін. Не бәрі жеті ғасыр өмір сүрдім, сегізінші ғасырға аяқ басып отырмын.
Жүргізуші: Жеті жас?
Кузька: Бұл адамдар сендерде жаспен есептелінеді, ал біздер домовеноктарды ғасырмен есептейді... Мен мұнда көптен тұрып келемін, балаларды, балабақша қызметкерлерін, балабақшаны қарап жүремін.
Бүгін қарап отырсам балабақшаның іші сондай көңілді,сондай мерекелі, қуанышты, көңілді әндер, бүлдіршіндердің күлкісі бәрі шат шадыман. Сосын барып көрейін, мен бұларға кедергі жасайын деп ойладым.
Жүргізуші:Кузенька, Бізде бүгін мерек, Күз мерекесі, сондықтан көңілді.
Кузька: Күз мерекесі? Ол н қандай мереке?
Жүргізуші: Ал сен оның не екенін білгің келсе, бізбен бірге қалсаңшы, сонда мерекенің не екенін білесің.
Кузька: Жарайды, қалайын,сендер көңілді болады деп уәде берсеңдер
Жүргізуші: Қане,тыңдап көрші. Біздің балалаардың күз туралы қандай әдемі тақпақтар білетінін.
(Балалар кезекпен тақпақтар айтады)
Алихан: Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Малика: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
Алина: Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.
Нұрасыл: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Айым: Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Нияз: Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.
Ән: «Күз келгенде». Орындайтын: Хор.
Кузька: Қалай әдемі шырқайсыңдар,Дауыстарың неткен кереееемет еді,маған ұнап тұрғаны- ай. Жемістерді жинап, дүкенге апарасыңдар- ау деймін.Ал сол жемістердің қалай өсетінін сендер өз көздеріңмен көрдіңдер ме? Жемістерді дүкенге қашан апарасыңдар?
Жүргізуші: Кузька,сен не айтып тұрсың, қайдағы дүкен!Өзің осы балабақшадан көптен тұрамын дейсің, біздің өзіміздің бақөшамыз бар екенін сен өзің білмейсің бе?
Кузька: Ой, шын ба?
Жүргізуші: Шын, Сенбесең тыңдап көр біз тіпті бау бақшамыз жайында ән де шырқаймыз.
«Бау бақшамыз сәніміз» әні орындалады.
Кузька: Көрдім, мені сендер сендірдіңдер.Ал сендер өз бау бақшаларыңның жемістерінен компот, суп қайнатасыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине, Кузька!
Жүргізуші: Біздің барлық қызықтарымызды көргің келсе, бізбен бірге қалып көр! Тек тыныш жүремін деп уәде бер.
Мыстан кемпір: Қандай жылдамдық! Мен де тыныш жүремін деп уәде беремін, егер сендер менің сынағымнан өтетін болсаңдар.
Жүргізуші: Ол қандай сынақ?
Мыстан кемпір: Ал тыңдаңдар, мен сендердің жұмбақты қалай шешетіндеріңді көргім келеді.
Жүргізуші: Ал, жарайды, жұмбақтарыңды жасырып көр, біздің балалар бұл сынағыңнан да сүрінбей өтеді деген үміттемін.
(Мыстан кемпір жұмбақ жасырады)
1.Ұстарамен алынбас,
Ұйысып тұрған қалың шаш.( Егін)
2.Қар астында қыстағаны,
Жасыл бөрік тыстағаны. (Күздің егіні )
3.Жасынан тәрбиелеп бала бақтым,
Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым.
Күніне екі-үш рет көрмей тұрсам,
Болмайды бұл дүниеде менің нақтым.( Егін, )
4.Мысық мұртты,
Өрмек басты. (Бидай)
5.Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. (Бидай)
Мыстан кемпір:Ал жарайды, бұл тапсырманы орындадыңдар деп білейік.Бірақ мұнымен тапсырмам бітпейді. Мен сендерге саңырауқұлақтар ала келдім,сендердің балаларың саңырауқұлақтарды қаншалықты жинай алатынын тексеріп көрейік.
Жүргізуші: Жақсы, тексереғой, біздің балалардың бәрі де саңырауқұлақтарды жинау біледі.
«Саңырауқұлақтарды теру» аттракционды ойыны
Ойынға екі баладан қатысады. Саңырауқұлақтарды кім тез жинап себетке салса. Сол жеңіске жетеді.
Мыстан кемпір: Ал балалар, сендер мен сияқты қәрі әжелеріңді бір қуантып тастадыңдар, сендер сондай ақылды болсаңдар, маған айта қойыңдаршы, мен сендерді сыпыртқыма отырғызып тербетейін бе?
Балалар хормен: Иа ,Иа!
«Сыпыртқы үстіндегі жарыстар» аттракционды ойыны
Мыстан кемпір: Ой, әжелеріңді шаршаттыңдар,шаршағаным сондай аяғымды әрең басып тұрмын. Шаршағанымды басып отыра тұрайын.(Мыстан кемпір сәл артқа кетіп дем алған боп жерге отыра кетеді де, қайта тұрады) Ау, балалр мен ана бұрыштан қасықтар көрдім,сендер үстел дайындап, шай ішпекшісіңдер ме?!
Жүргізуші: Тұра тұр, мыстан кемпір қайдағы қасықтар, қайдағы үстел,қайдағы шай...
Мыстан кемпір: Әні, анау бұрыштағы үстелдің үстінде толып жатқан қасықтар емес пе?бәріңе де жеткіліктіғой.
Жүргізуші: Мыстан кемпір бұл қасықтар жай қасықтар емес, бұл қасықтар біздің балалардың музыкалық аспаптары, ал біздің балаларымыздың бәрі шетінен өнерлі балалар балалрымыздың бәрі осы музыкалық аспаптарда ойнайды.
Мыстан кемпір: Қойшыыы, шын ба, маған өнерлеріңді көрсетіңдерші онда.
Балалар музыкалық аспаптармен сүйемелдей отырып «Бала бақша» әнін орындайды (әні мен сөзі Бота Бейсенованікі)
Мыстан кемпір: Өте керемет ойнадыңдар, әдемі шырқадыңдар,балалар білесіңдер ме, сонымен қатар би билеп берсеңдер әжелерің қуаныштан жүрегі жарылар еді.
Жүргізуші: Қане, балалар айтыңдаршы, біз би де билей аламызғой. Қане Мыстан әжемізге билеп берейікші.
Мыстан кемпір: Қандай өнерлі балаларсыңдар, сендердей балаларға дайындап әкелген сыйым бар, мен сендерге тәтті нан пісірген болатынмын,сол сыйлығымды тарту етейін. (себетіндегі тәтті нандарды балаларға бір бірлеп таратып береді).
Кузька: Мыстанның тәтті нандарын алмаңдар, олар сиқырланып қойылған.Оны жейтін болсаңдар,өздеріңнің кім екендеріңді, қайдан келгендеріңді ұмытып, естеріңнен танып қаласыңдар.
Мыстан кемпір: сен неге менің сыйлығымды балаларға алмаңдар дейсің, мен жақсы ниетпен әкелгенмін
Тәтті наннан бас тартсаңдар, онда менің әкелген албырап піскен алмамның дәмін татып көріңдер. (Алманы себетінен алып балаларға береді).
Кузька Мыстан, сен есіңнен адастың ба?! Сенің алмаң біреу, ал балалар көп емес пе, қайсысына жетеді деп ойлайсың?!
Мыстан кемпір: Сен кәрі кемпірге олай қатты тіл тигізбе,олай істейтін болсаң ертегідегідей мен сені сиқырлап тастаймын.
Кузька. Қандай қараңғылық! Мынау мені сиқырлағысы келіп тұрғой, Қане, алмаларыңды менің сандықшама салшы!
Мыстан кемпір: Неге? Не үшін?
Кузька: Жай әншейін. Менің сандықшам сиқырлы, сенің алмаң біреуғана, ал балалар көп, сандықшаға салсаң сенің алмаң көбейеді.
Мыстан кемпір: Ал, жарайды, мұны да көрейік.
Кузька мен Мыстан кемпір сандықшадан алмаларды алып балаларға алманы сыйға тартады,
Кузька: біздің балабақшаның балалары шетінен өнерлі, ақылды екен, маған балалардың өнерлері қатты ұнады.
Мыстан кемпір: Әрине балалар өз өнелерін жақсы көрсетті, менің сынақтарымнан да сүрінбей өтті.мен де балалардың өнерлеріне қатты риза болдым.
Жүргізуші: Құрметті балалар, Қымбатты қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Күз – береке, күз – мереке!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Күз байлығымен келесі кездескенше сау болыңыздар!
Жүргізуші мерекелік кешті аяқтап кешке келген қонақтарды, қатысушы балалар мен кейіпкерлерді мерекелік кешке арналған шайға шақырады.

