СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Квадрат теңдеулерді шешу

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

квадрат теңдеу ұғымын және квадрат теңдеу формулаларын ұғыну

Просмотр содержимого документа
«Квадрат теңдеулерді шешу»

Алгебра 8Б

Сабақтың тақырыбы
Квадрат теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты
*Квадрат теңдеу ұғымын білу;
*Квадрат теңдеудің формулаларын білу;
*Формулаларды қолданып есептер шығару;
Бағалау критерийі
Квадрат теңдеу анықтамасын біледі.
Квадрат теңдеу түрлерін ажырата алады.
Формулаларды қолданып есептер шығара алады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Түбір, дәреже, теңдеу, квадрат теңдеу, дискриминант.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Квадрат теңдеу үш түрге бөлінеді. Олар-------
Бірінші коэффициент 1-ге тең болса-----------------------------
Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын анықтау үшін,....... керек; 
Дискриминатты есептеу үшін қандай формула қолданамыз?
Квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін,-----------------керек;
Құндылықтарға баулу
Жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық деғдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлау сынды қасиеттерді қамтиды.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, информатика
Алдыңғы білім
Теңдеу ұғымының анықтамасын біледі, квадрат түбір қасиеттерін пайдаланып, есептер шығара алады, квадрат теңдеу түрлерін ажыратады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері арқылы оқушылар жылы лебіздерін өлең шумағы арқылы білдіріп, психологиялық ахуал қалыптастырады.
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жеке жұмыс. Ақиқат пен Жалған әдісі арқылы өз жұмыстарын тексереді.

Теңдеуді шешіңдер:
(х-5)2+4х=25 6x(0,5+3x)-15x2=0
(x+6)(x-7)=-x+7 (4-x)(4+x)=x2-2
№122
а-ның қандай мәнінде берілген өрнектердің мәндері тең болады?
1)8а2-7 және 9а2-8 2)11а-0,5а2 және 2,5а2-25а 
Ұжымдық жұмыс: Дұрыс/ бұрыс әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау. 
Дескриптор: 1. Теңдеудің түрлерін ажырату
2. Сәйкес ұяшыққа белгілеу
Суреттер, қағаз қиындылары
Интербелсенді тақта
Сабақтың ортасы
Мағынаны тану әдісімен бейнежазба көрсетіп, жаңа ұғым қалыптастыру. 
Жаңа тақырыпқа қосымша анықтама беру (мұғалім)
3-тапсырма. Топтық жұмыс: Джигсо әдісін қолданып, ынтымақта жұмыс жасауға, білгендерін достарымен бөлісуге, түйінді ой қалыптастыру.

Дескриптор: 1.Дискриминант табу формуласын қолдану
2. Неше түбірі болатынын көрсету
ҚБ смайликтер арқылы
Сергіту сәті.

4-тапсырма.


1)х2+3х+2=0 3) х2-7х+12=0 2)-х2-2х+24=0 4) -х2-5х+6=0

5) 3х2+5х-2=0 7) 9х2-6х+1=0 6) 2х2-х-3=0 8) 5х2-8х-4=0

1)5х2-14х+8=0 3) 9х2-12х+4=0
2) 3х2-10х+7=0 4) -4х2-12х+7=0
Дескриптор: 1. Дискриминант есептеу формуласын қолдану
2. Теңдеудің түбірлерін табу.
Кері байланыс: Сөйлемді толықтыр әдісін қолдану.
Теңдеу квадрат теңдеу деп аталады, егер-------------
Теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады, егер----------
Теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады, егер--------
Берілген толық квадрат теңдеудің екі түбірі болады, егер------------
Квадрат теңдеудің түбірі болмайды, егер-------------------
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
ПЛЮМИН әдісі
Сабақта не ұнады?Ақпарат және жұмыс түрі
Сабақта не ұнамады?Не жалықтырды?Не түсініксіз болды?
Осы сабақтан білген қызықты фактілер және осы тақырыптар бойынша не білгілерің келеді?
Сабақ бойынша рефлексия 
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?