СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қысқы ойындар жайында

Нажмите, чтобы узнать подробности

қысқы табиғат көрнісін, қысқы ойындарды атау

Просмотр содержимого документа
«Қысқы ойындар жайында»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в среней группе

Өткізу күні / Дата проведения: 16.01.2018

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық

Пән / Предмет: Сурет салу

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Қысқы ойын сауық

Тақырыбы / Тема: Көңілді қыс және қысқы ойындар.

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная Қысқы табиғат көрінісін

бейнелейтін сөздерді айтқызу. Қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін атау.

2.Дамытушылық – развивающая Қоршаған ортаға

деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Оқыту – обучающая : Сурет мазмұнына сай балаларды әңгіме құрап айтуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,

Билингвалдық компонент : Қыс-зима,аяз-мороз, қар-снег

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық
 Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Қыстың қандай белгілерін білеміз? 
- Қыста күн суық боран соғады. Қатты аяз болады. 
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан 

Жұмбақ: Мамықтай ұлпа. Түнде әйнекке қонады, 
Қанттай ақ. Әсем ою ояды. (аяз). 
Қыста жер бетін басады, 
Жазда сайға қашады. (Қар). Отқа салса жанбайды, 
Суға салса батпайды. (Мұз). 

2.негізгі бөлім
-Қыста қандай ойындар ойнаймыз? 
-Аққала соғып,коньки, шаңғы,шана теуіп ойнаймыз. 
Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер арқылы сөйлем құрату. 
Жаңа жауған қар. Қар көп, күн суық, бұта бастарындағы қар күн көзіне шағылысып жалт-жұлт етеді. 
Ал, мына балалар мұз айдынында коньки теуіп , ойнап жүр.Олардың бәрі қыс мезгіліне сай жылы киінген. 
Сергіту сәті: «Сұр қоян». 
Ғажайып сәт: Үнтаспадан боранның, сықырлған дауыс естіледі. 
-Балалар,тыңдайықшы ненің дауысы естіліп тұр? –Боранның дауысы. 
Осы кезде өзара дауласып Екі аяз кіріп келеді. 
Үлкен Аяз: - Мен қазір мына балаларды тоңдырып, қатыра аламын, оған күшім жетеді. 
Кіші Аяз: - Жоқ , бұл балалар өте ақылды екен, одан да сабақтарына қатысып , не істей алатындарын көрейік. 
Үлкен Аяз: - Жоқ, біздің уақытымыз аз, ары қарай ұзақ жол жүруіміз керек. Одан да тапсырмаларымызды 
беріп кетейік, келесіде орындап қойсын. 
-Қане , балалар екі Аязға тапсырмаларды орындауға уәде беремізбе? 
-Иә. 
Екі Аяз қоштасып шығып кетеді. 
-Рахмет, балалар аяз деген осындай қатал, ызғарлы болады.Аязды күні далада жалғыз жүруге болмайды, 
Аяз үсітіп, қатырып тастайды. Қыста үстімізге жылы тон, қолымызға жылы қолғап,басымызға тұмақ кию 
керек. 
-Балалар, қазір сендермен тапсырмаларды орындаймыз. 
Ұжыммен жұмыс. 
1-тапсырма: Аққаланың суретін салу.( I қатар) 
2-тапсырма: қысқы суретті салу(II қатар) 
3-тапсырма: көк мұздың үстіне жауған қарды салу.(III қатар) 
Мұздың суға айналуына тәжірибе жасау. 
Ойын «Ойлаймыз , ойнаймыз!». 
Қыс мезгіліне байланысты айтылған сөзге қолымызды көтереміз. 
Мысалы: Алақай, қар жауды. (қолдарын көтереді) 
Алақай, шана тебеміз. (қолдарын көтереді) 
Алақай, жауын жауды. (қолдарын көтермейді) 
Алақай , суға түсеміз. . (қолдарын көтермейді) ойын осылайша жалғаса береді. 
-Қыс мезгілі несімен қызықты екен? 
-Қар лақтырумен, аққала жасаумен, шана тебумен. 
3.Қортынды

Білуі қажет: Қыс мезгілінің ерекшеліктері мен қысқы ойын түрлерін, сурет бойынша әңгіме құрастырды, 
қардың суға айналуын білді. 
Меңгерді: балалар қыс мезгіліндегі көрністі сипаттай алды