СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қызғалдақ ерекше гүл

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

№52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің кітапханашысы

Нәдірбек Ғалия

Жаңақорған ауданы

Қызғалдақ  -ерекше гүл!

Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ.

Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 32 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады.

Қызғалдақтың гүлдеу мерзімі

Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі

Күтімі

Гүлдеп бітіп, жапырағы мен сабағы қураған соң пиязшығын қазып алып, кептіріп, құрғақ орында сақтап қою керек. Күзде қайтадан қолайлы орынға егеді. Ашық күн көзін, құнарлы, жеңіл топырақты ұнатады.

Көбейту жолдары

Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі-үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8-12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10-20 см-ден кем болмағаны жөн.   Қызғалдақтың шығу тарихы

Жер шарының қай түкпірінде болмасын алуан түсті қызғалдақтар өседі. Үлбіреген нәзік гүлге әрдайым

сүйсіне қарағанмен, оның шығу тарихы мен  табиғаты жөнінде көп ойлана бермейді екенбіз. Ғалым Анна Иващенконың “Қазақстан қызғалдақтары және жуа тұқымдас өзге өсімдіктер”  кітабында  қызғалдақтың отаны – Қазақстан

екендігін анық жазылған. Қызғалдақтың тұқымы Ұлы Жібек жолы арқылы Түркияға, кейіннен Голландияға жеткен көрінеді. Қазақ жерінде өскен гүлдің алыс шетелдерде жаңа түрлері өсірілді. Қазақ халқы ежелгі дәуірден бері дала гүлі болып есептелінетін қызғалдақты құрметтейді және оның көркіне қызығып қана қоймайды. Шипалы қасиеті бар өсімдік елдің, әсіресе оңтүстік аудандарында емдік мақсаттарға кеңінен пайдаланылады, –  дейді ғалым Анна Андреевна. Қазіргі кезде отыздан астам түрі өсіп-өнетін дала гүлін зерттеу жұмыстары ХVІІІ ғасырдың соңында басталған. Академик Питер Симон Паллас жетекшілік еткен экспедиция 1771 жылы Солтүстік Қазақстан аймағында алғаш рет қызғалдақты зерттеп, баспа бетінде жариялапты.Қазақ жеріндегі қызғалдақтарды зерттеу ісі – көптеген атақты адамдардың есімімен тығыз байланысты. Мәселен, кейбір зерттеушілердің бірнеше жылға созылған экспедициялары мен саяхаттары өте қиын жағдайда өтіп, қайғымен аяқталған. Мәселен, жасы ең болмаса отызға жетпеген зерттеушілер – Александр Леман мен Иван Кирилов Ресейге экспедициядан қайтып келе жатып, ұзын жолда ауырып қайтыс болған. Олардың және өзге де ғалымдардың аттары Алматы, Санкт-Петербург және көптеген батысеуропалық мемлекеттердегі ірі академиялық коллекцияларда, гербарийлік жапырақтар этикеткасында сақталған. Лемон, Шренк және Борщов қызғалдақтары ғылыми әлемге жақсы таныс.Алматы қаласындағы Ботаника институтында Қазақстан аймағынан А.Шреж, Г.Карелин, И.Кирилов 1840-1842 жылдары жинаған қызғалдақтардың ең ескі гербарийлік жапырақтары сақталған. Бір қызығы, дала қызғалдақтары республиканың барлық облыстары мен аудандарында мол. Республиканың батыс және солтүстік облыстарында гүлдің  үш-төрт, Шығыс Қазақстанда – алты түрі болса, ал Оңтүстік Қазақстанда оның отызға жуық түрі таралыпты.

Просмотр содержимого документа
«Қызғалдақ ерекше гүл»

52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің кітапханашысы

Скачать

© 2023, 125 0

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!