Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспар "Түнгі көйлек"»
Еспанова Лаззат Хамзиновна
Технология пәнінің мұғалімі
Т.Жүргенов атындағы орта мектебі
Әйтеке би ауданы,Ақтөбе облысы.
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Түнгі көйлек өлшемін алу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өлшем алу туралы мағлұмат бере отырып, түнгі көйлекке алынатын өлшемдерге тоқталу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының өлшемін алу іскерлік қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабаққа қажетті құралдар: өлшеуіш таспа, дәптер, бор.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) Қажетті оқу – құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Машина тігісі дегеніміз не?
Қол тігісі мен машина тігісінің айырмашылығы неде?
Машина тігісінің түрлерін ата.
Біріктіру тігісі не үшін қажет?
Тігіс шеттерінің сетінемеуі үшін қоолданылатын қай тігіс?
Әрлеу тігіс неге қажет?
Сарамандық жұмыс нәтижелерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. (оқушыларға сөзжұмбақ шешкізу)
Құрылып тігілетін бұйым не деп аталады.
Белден төмен киілетін қыздар киімі.
Жарқылдаған қос қылыш.
Кесе салатын ертедегі бұйым.
Саусақ басына килетін тігін құралы.
| К | ө | р | п | е |
| Б | е | л | д | е | м | ш | е |
| Қ | а | й | ш | ы |
| К | е | с | е | қ | а | п |
| О | й | м | а | қ |
Сөзжұмбақты шешу барысында қандай сөз шықты?
О: - Өлшем
М: - Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Өлшем»
М: - Біз шығармашылық жоба бастадық, шығармашылық жоба не еді? О: - Түнгі көйлек М: - Олай болса, « түнгі көйлек өлшемін алу»
Біз модельдің эскизін салдық. Модельге сипаттама бердік. Енді модельге өлшем аламыз.
Ол үшін:
Графикалық диктант (екі қатардан екі оқушы тақтаға шығару)
٨ дұрыс емес жауаптың шартты белгісі.
Шығу жолына қарай киімдер 2 топқа бөлінеді.
Белден төмен қарай киілетін киімдерді белдік бұйымдарға жатқызады.
Түнгі көйлек белдік киімге жатады.
Ылғал өткізгіштік, шаң өткізгіштік матаның гигиеналық қасиетіне жатады.
Бұйым бөлшектерін біріктіру үшін шет тігісі қолданылады.
Түнгі көйлек жатар алдында киілетін жеңіл киім түрі.
Капрон жоғары температураға төзімді.
Жуан, беріктігі жоғары жіптер тоқымалық жептер.
Сабақтың өту жоспары:
Өлшем алу ережесі, өлшем бірліктері.
Түнгі көйлек өлшемдері, атауы, өлшену жолы.
Дәптермен жұмыс. (қажетті жерлерін жаздырту)
Адамның тұлғасына, денесіне киім қонымды болу үшін ең бірінші өлшем алу керек. Өлшем құралы - өлшеуіш таспа деп аталады. Өлшем алу үшін өлшем беретін адам тік, түзу, еркін тұруы керек. Ал өлшем алатын адам өлшем беретін адамның оң жағында тұрып алады. Өлшеуіш таспаны өте қысыпта өте боста ұстауға болмайды. Бір саусақ енетіндей болуы керек. Өлшем беретін адам жеңіл киіммен тұру керек. Өлшем алу үшін өлшем бірліктері қолданылады.
Өлшем бірліктері:
Ұ – ұзындық (толық алынады)
Е – ені (толық алынады)
Б – биіктігі (толық алынады)
Т.О – толық орам
Ж.О – жарты орам
Түнгі көйлек өлшемі:
| № | өлшемнің белгіленуі | өлшем аттары | өз өлшемі |
| 1 | Ж.Ом | Мойынның жарты орамы | |
| 2 | Ж.Ок І | Кеуденің бірінші жарты орамы | |
| 3 | Ж.Ок ІІ | Кеуденің екінші орамы | |
| 4 | Ж.О бел | Белдің жарты орамы | |
| 5 | Ж.О бөк | Бөксенің жарты орамы | |
| 6 | Ұк | Кеуде ұзындығы | |
| 7 | Ек | Кеуде ені (алдыңғы) | |
| 8 | Е арқ | Арқа жалпақтығы (ені) | |
| 9 | Еи | Иық ені | |
| 10 | Бк | Кеуде биіктігі | |
| 11 | Ұб | Бұйым ұзындығы | |
| 12 | Ұж | Жең ұзындығы | |
| 13 | Бқ о | Қолтық ойындысының биіктігі | |
| 14 | Қк | Кеуде қосымшасы = 6- 8см | |
Киімнің денеге қонымды және еркін қимылдау үшін қосымша өлшем алынады.
Қ – қосымша өлшем.
Бұл өлшемнің тігіске ешқандай қатысы жоқ. Қосымша өлшем мөлшері тұрақты болады.
ІV. Сарамандық жұмыс:
Бір оқушының өлшемін алып көрсету.
V. Қорытынды бөлім.
- Өлшем не үшін қажет?
- Өлшем құралын ата?
- Өлшемді қалай алады?
-Қосымша өлшем қалай белгіленеді, не үшін алынады?
-Ж.О бел не дегенді білдіреді?
- Бұйымның ұзындығы қалай белгіленеді?
- Еи – иық ені қалай аталады?
VІ. Үйге тапсырма беру.
Оқу, өлшеуіш таспа әкелу, өлшем алуға.