СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Әлеуметтік орта" Өзін-Өзі тану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әлеуметтік орта Өзін-өзі тану технологиялық карта

Просмотр содержимого документа
«"Әлеуметтік орта" Өзін-Өзі тану»

Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану әлеміне» саяхат.

Мақсаты:

«Өзін-өзі тану» пәні туралы алғашқы түсінік беру.

Міндеттері:

-өзін-өзі тану пәні туралы түсінік беру;

-өзін-өзі тануға қызығушылықтарын арттыру;

-өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, бөліктерге бөлінген қиынды жүрек пішіні, ойыншық жүрекше.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, бір-біріне күлкі сыйлайды:

Кел балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмірсүрейік!

Балалар үлкен шеңбер құрады.


Өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу:

-Балалар мен сендерді біздің адал достарымызбен таныстырғым келеді. Олар «Өзін-өзі тану кітабы мен дәптері.


Балаларды отырғызып, дәптердегі «Өзін-өзі тану» әлемінің картасына назар аудартады.

Балаларға сұрақтар қояды.


Ойын. «Сиқырлы қоржын»

Сиқырлы қоржында жүрек пішіні бірнеше бөлікке қиып бөлінген. Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы қоржыннан осы бөліктерді алып, үлкен бір бүтін жүрек пішінін құрастырады.

-Қандай тамаша! Біздің құрастырған үлкен жүрегіміз – сүйіспеншілік мекені. Біз осы жүрегіміз арқылы айналамызға мейірім мен сүйіспеншілігімізді сыйлаймыз.


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі жұмыстысты түсіндіреді.


Дәйексөз:

«Адамның жүрегі – сүйіспеншіліктің алтын ұясы.»


Сергіту сәті:

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.


Ғажайып сөздер: сүйіспеншілік, мейірім, қуаныш, жылулық.

Балалар дәптер мен хрестоматия мен танысады.




Сұрақтарға жауап береді.





Балалар жүрекшелерден үлкен жүрек құрастырады.


Ойнды қызыға ойнайды.





Дәпетрге қарап, сұраққа толық жауап береді.


Дәйек сөздерді бірге қайталайды.



Сергіту сәтін қимылдармен көрсетеді.






Сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.

Жүректен жүрекке:

Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші күлімдеген ойыншық жүрекше бейнесін көрсетіп, оның сүйіспеншілік жүрегі екенін айтады. Балалар оны кезекпен бір-біріне ұсынып, бір-бірін жақсы көретіндіктерін айтады.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Жүректі бір-біріне ұснып:

-Айнұр мен сені жақсы көремін.

-Рақмет.

-Әсет мен де сені жақсы көремін.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Өзін-өзі тану» пән туралы түсінікті.

Игереді: бір-бірін режітпеуді.

Меңгереді: бір-біріне жылы лебіздер айтып, күлімсіреп қарауды.














Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Адам болам десеңіз...»

Мақсаты:

«адамгершілік», «жақсы адам» ұғымдарының мағынасын түсіндіру.

Міндеттері:

-адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту;

-бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

-жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «үнтаспа, дәптер, суреттер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

-Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп, тұрғаныма қуаныштымын.

Балалар бір-біріне жылы сөздерді айтады.

-Ғазиз, сен тамаша адамсың!

-Амина сен әдемі қызсың!

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу:

-Қандай адамды «жақсы адам» деп атаймыз?

-«Жақсы адам болу үшін не істеу керек?


Әңгімелеу:

В. Осееваның «Үш ұл» әңгімесін оқып беру.


Сұрақ-жауап:

-Сендерге осы балалардың қайсысы ұнады? Неліктен?

-Өздерің аналарыңды қалай сыйлайсыңдар|?


Дәйек сөз: «Жақсы бала – қуаныш» мағынасын түсіндіру.


Тыныштық сәті:

Балалар денелерін түзу ұстап тыныштық сақатап отырады.

Ойын: «Белсенділік жаттығуы»

Ойынды қимылмен, ыммен көрсетеді.

-Үлпілдек мақта.

-Ақша қар.

-Піскен, ыстық картоп.

Домалақ жіп.


Дәптермен жұмыс:

-Сурет бойынша әңгімелеп беріңдер.


Ғажайып сөздер:

Жақсылық отбасынан басталады.

Жақсы бала – отбасының; Отаның қуанышы.

-сыйласу керек.

-құрметтеу керек.

-көмектесу керек.

Барлығын жақсы көру керек.



Әңгімені мұқият тыңдайды.



Балалар сұрақтарға толық жауап береді.




Сөздерді қайталап, мағынасын түсінеді.


Тыныштық сақтайды.



Ойынды қызыға ойнайды.



Сурет бойынша әңгімелеп береді.


Сөздердің мағынасын түсіндіріп береді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.

Жүректен жүрекке:

Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші күлімдеген ойыншық жүрекше бейнесін көрсетіп, оның сүйіспеншілік жүрегі екенін айтады. Балалар оны кезекпен бір-біріне ұсынып, бір-бірін жақсы көретіндіктерін айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Жүректі бір-біріне ұснып:

-Айнұр мен сені жақсы көремін.

-Рақмет.

-Әсет мен де сені жақсы көремін.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: адамгершілік туралы түсінікті.

Игереді: жақсылық жасай білу керектігін.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.





























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Мен қандай баламын?»

Мақсаты:Әрбір баланың жеке тұлға екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

-қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру;

-өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

-өзара жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбилеу.

Көрнекіліктер: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше, бала санына қарай айна.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

-Қайырлы күн балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қане бәріміз шаттық шеңберге жиналып, бір-бірімізге мақтау айтып, қуаныш сыйлап көрейікші!

Ол үшін біз бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып, шын жүректен бір-бірімізге мақтау сөз айтайық.


Балалар шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-біріне мақтаулар айтады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу:

-«Өзін-өзі тану әлемінің» картасындағы бірінші аялдамаға назар аударайық. Бұл аялдамадан біз қандай баламыз? Деген сұраққа жауап беріп қандай бала болу керектігін үйренеміз.

Суретке қарап, әңгіме құрастырады.


Әңгімелеу. «Айна» ертегісін оқып беру.

Сұрақ жауап:

-Кірпі, қоян, керік орманнан не тауып алды?

-Олар неге айнадан әртүрлі суреттерді көрді деп ойлайсыңдар?

-Айнаға қарап, не көріп тұрғандарыңды айтыңдаршы.

-Енді бір-біріңе қарап ұқсастықтарың мен айырмашылықтарыңды айтыңдаршы.


Ойын: «Мен қандаймын?»

Мақсаты: өз бойныдағы ерекшеліктерді тани білуге үйрету.

Шарты: тапсырма бойынша ұлдар мен қыздар бөлек, бойларына қарай бөлек, шаштарының түстеріне қарай бөлек тұрулары керек.


Тыныштық сәт.


Дәйек сөз:

«Жақсы қыз жағадағы құндыз, жақсы ұл аспандағы жұлдыз» мағынасын түсіндіру. Жаттау.


Дәптермен жұмыс:

-Дәптерде ұл мен қыздың және олардың киімдерінің суреттері берілген. Бағыт арқылы ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, бояңдар.


Ғажайып сөздер:

Біз бір-бірімізді сыйлаймыз.

Біз бір-бірімізге көмектесеміз.



Балалар сұрақтарға жауап береді.








Сұрақтарға жауап береді.

Айнаға қарап айырмашылықтарын айтады.








Ойынддық қызыға ойнайды.








Дәйек сөздерді қайталап, жаттайды.




Дәптердегі тапсырманы орындайды.



Сөздерді қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.

Жүректен жүрекке:

Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші күлімдеген ойыншық жүрекше бейнесін көрсетіп, оның сүйіспеншілік жүрегі екенін айтады. Балалар оны кезекпен бір-біріне ұсынып, бір-бірін жақсы көретіндіктерін айтады.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Жүректі бір-біріне ұснып:

-Айнұр мен сені жақсы көремін.

-Рақмет.

-Әсет мен де сені жақсы көремін.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұл бала мен қыз баланың ерекшеліктерін.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.









Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Менің есімім»

Мақсаты:

Әрбір баланың қайталанбайтын жеке тұлға екендігін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Адамның есімі, оның адамға қандай міндеттер жүктейтіні туралы түсінік беру;

  • Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Өзара жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балалар үлкен шеңбер құрып, әр бала өз есімін айтады. Өз есіміне сай бас әрпіне жағымды сөз айтады.

Балалар жылулық шеңберін құрады. Өз есімдерін айтады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу.

- Балалар, сендер өз есімдерің жайлы ойланып көрдіңдер ме?

- Есімдерің өздеріңе ұнай ма?

-Сендер бұл есімді кім қойғанын білесіңдер ме?


Әңгімелеу.

Балаларға адам есіңмдерінің сырын ұғындыру мақсатында мәиінді оқып береді: «Әйбәт есімдер», «Қыздардың есімі», «Ұлдардың есімі». Мәтін бойынша сұрақтар қою.


Тыныштық сәті.

-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздерінің тыныс алуларыңды байқап, бақыт пен тыныштықты сезініңдер.


Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.


Дәптермен жұмыс.

-Суреттегі жұлдызшаларға үлкендердің көмегімен өз есімдеріңді жазыңдар.


Жүректен жүрекке

Балаларды шеңберге жинап, балалар бір-біріне есімдерін айтып, жақсы тілектерін білдіреді.

-Ардақ, саған бақыт тілеймін!

-Ақтолқын, саған денсаулық тілеймін!

-Қарлығаш, саған ұзақ өмір тілеймін!

-




Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.




Мәтіндерді мұқият тыңдап отырады.





Көздерін жұмып, тыныштықты сақтайды.






Қимылдармен көрсетеді.







Үлкендердің көмегімен өз аттарын жазады.





Балалар, бір-бірінің есімдерін атап, жақсы тілектерін айтады.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.


Балалар сұрақтарға жауап береді.







Күтілетін нәтиже:

Біледі: әр балада өз есімі болады.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.





















Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Менің туған күнім»

Мақсаты:

Міндеттері:

  • Туған күн қуанышы туралы түсінік беру;

  • Өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

  • Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  • Көрнекіліктер: дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Балалар шеіңберге тұрып өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу.

-Сен үшін отбасыңда қай күн қуанышты?


«Туған күн» әңгімесін оқып балаларға сұрақтар қою.

-Атасы Нұрланды қалай қуантты?

-Туған күніне отбасы мүшелері бір-біріне қандай сезімдерін білдіреді?

-Отбасы мүшелерінің туған күніне қалай дайындаласыңдар?


Тыныштық сәті.

- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздерінің тыныс алуларыңды байқап, бақыт пен тыныштықты сезініңдер.


Дәптермен жұмыс.

-Достраыңның туған күндеріне қандай сыйлық сыйлағыларың келетіндігін айтып беріңдер.



Ойын. «Қуаныш сыйлау»

Балалар шеңберге тұрып, ашықхатты бір-біріне музыка әуенімен береді, музыка тоқтап қалған кезде, кімнің қолында ашықхат қалса, сол бала ортаға шығып ән айтады немесе тақпақ айтып береді.


Ғажайып сөздер.

Жақсы тілек қуаныш сыйлайды,

Туған күнің құтты болсын!






Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.


Жүректен жүрекке.

Қандай жақсы туған күннің болғаны,

Әр жыл сайын бір жасқа адам толғаны!

Көк төсінде жұлдызымыз жайнайды,

Көңіліміз көтеріңкі, жайдары!


Балалар сұрақтарға жауап береді.



Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: туған күн туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Менің сезімдерім»

Мақсаты: адамның сезімдері, оның адамға тигізетін әсері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Адамның сезімдері туралы түсінік беру.

  • Бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту.

  • Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, үнтаспа, ойыншық жүрекше..


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік


Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу.

-Бүгін көңіл күлерің қандай?

-Адамның неліктен көңіл күйі өзгереді?


Ойын. «Көкпар»

Балалардың тең екі топқа бөліп, ағаштан жасалған аттарға мінгізіп, бірбірінң артына бірі тұрып, екі қатарға тұрғызады. Топ ортасында көкпар тарту үшін орамал әкеліп тастайды.екі топ орамалды музыка әуені тоқтаған кезде тез тартып алуы тиіс.


Сахналау.

«Жақсы көңіл-күй сыйлайық»

Балалар ортаға екі баладын тұрып,бір-біріне жақсы тілектерін айтып, жақсы көңіл күй сыйлайды.


Ғажайып сөздер.

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

-Көңіл күйіңді басқара біл!

-Сезімтал бол!

-Жақсы көңіл күй жанды жадыратады

Балалардың жауаптары.





Балалар екі топқа бөлініп, ойын ойнайды.








Бір-біріне жақсы тіектер айтады.





Ғажайып сөздерді қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.


Жүректен жүрекке.

Балалар шеңбер құрып, шаттық шеңберінде айтқан өлеңді қайталайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.



Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: сезім туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.





































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Мен қамқор баламын»

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашы.

Міндеттері:

  • Қамқорлық ұғымы туралы түсінік беру.

  • Қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту.

  • Қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалаш шеңбер құрып тұрады. Әр түрлі суреттері бар карточкалар (су, күн, ағаш т.б.) үлестіріліп беріліп, әркім өз суретіне сәйкес көршісіне жылы тілектер айтады.

-Зарина, күндей күліп жүр!

-Амина, гүлдей әдемі бол!


Шеңбер құрып , суреттер арқылы бір-біріне жылы сөздер айтады..

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу.

-«Қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Бізге үйде, балабақшада кімдер қамқорлық көрсетеді?

-Сендер кімдерге қамқорлық жасай аласыңдар?



«Жай ғана әжей» әңгімесін оқып сұрақтар қою:

-Әңгімедегі балалар туралы не айтар едіңдер?

-Ұл баланы әдепті, тәрбиелі деп айта аламыз ба?

-Осынай жағдайда өздерің болсаңдар не істер едіңдер?



Дәйек сөз.

«Кішіні қолдап, жол бер,

Үлкенді сыйлап, қол бер.»


Сергіту сәті.

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

«Ассаламағалейкүм!» - деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста,

«Есенсіз бе, әжей» - деп.

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін,

«Аға, тәте, көкеге,

Сәлеметсіз бе?» - деймін.


Дәптермен жұмыс.

-Суретте кімге қандай қамқорлық көрсетіліп жатқанын сызықпен бағыттап көрсетіп, әңгімелеп беріңдер.


Ғажайып сөздер.

Жақсылық жасау – әдептілік.

Үлкен-кішіге қамқорлық көрсету – жақсылық.




-кішіге қамқор болу.


-үлкендер.


-кішілерге.





Балалар сұрақтарға жауап береді.







Дәйек сөзді қайталайды.





Қимылдармен көрсетеді.











Тапсырманы орындайды.




Сөздерді қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.


Жүректен жүрекке.

Балалар шеңбер құрып, шаттық шеңберінде айтқан өлеңді қайталайды.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату тәтті ойнаймыз.

Айналаға, бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз.


Балалар сұрақтарға жауап береді.



Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: қамқорлық туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.





Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Мен осындай баламын»

Мақсаты: жақсы қасиеттер туралы қарапайым түсінік беру.

Міндеттері:

  • Адамның жақсы қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

  • Бойларындағы жақсы қасиеттерін дамыту.

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, үнтаспа, ойыншық жүрекше.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік


Өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесі.

-Балалар үйде, балабақшада қандай ізгі сөздер айтасыңдар?

-«Ізгі сөз» дегеніміз қандай сөз?

-Қандай ізгі сөздерді білесіңдер?


Жағдаяттар:

  1. Бір-біріңді итеріп кетсеңдер не деу керек?

  2. Үйге кетерде қандай сөз айту керек?


Дәйек сөз.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.»


Сергіту сәті

Бас, иық, тізе, саусақ

Бас, иық, тізе, саусақ.

Саусақ, саусақ, саусақ.

Бас, иық, тізе, саусақ,

Бас, иық, тізе, саусақ,

Көз, мұрын, көз, мұрын,

Құлақ, ерін, құлақ ерін.



Ғажайып сөздер.

«Қайырлы күн!», «Қайырлы таң!», «Сау болыңыз!», «Кешіріңіз!», «Өтінемін!»


Дәптермен жұмыс

-Суреттегі ұл бала мен қыз баланың игі істері туралы әңгімелеп беріңдер.



Сұрақтарға жауап береді.





-Кешір.


-Сау болыңдар.




Қайталайды.



Қимылмен көрсетеді.









Қайталайды.






Тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

-Жақсы бала болу үшін қандай қасиеттер қажет?


-Өтірік айтпау, қамқор болу.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: жақсы қасиеттер туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.





























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Менің туыстарым»

Мақсаты: «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Туыс, туысқан ұғымы туралы түсінік беру.

  • Туыстарға деген сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, үнтаспа, суреттер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балалар шеңбер құрып бір-біріне жылы сөздер айтады.

-Сен әдептісің.

-Сен мейірімдісің.

-Сен қамқорсың.

-Сен ақкөңілсің.



Балалар шеңбер құрып бір-біріне жылы сөздер айтады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Өзіммен-өзім

Балалар көздерін жұмады.

-Сендердің отбасыларыңда тамаша мереке өтіп жатыр. Отбасыларыңның бәру қуанышты. Айнала толған гүл, бәрі ән салып билеп жүр. Көздерін ашып не елестеткендерін сұрайды.


Әңгімелесу.

-Туыс деп кімдерді айтамыз?

-Барлық адамдардың өздерін жақсы көретін, жанашыр жақындары бар. Олар біздің туыстарымыз. Туыстар әрқашанда бір-біріне көмектеседі.

-Өз туыстарың туралы әңгімелеп беріңдер.


Дәйек сөз

«Отбасындағы сыйластық туыстарға деген сүйіспеншіліктен туындайды».


Ойын. «Дүкен»

Стол үстіне түрлі сыйлықтар, суреттер қойылады. Балалар бір-бірден келіп бір зат сатып алады. Оны өай туысына, және неге сатып алғанын әңгімелеп беру керек.


Дәптермен жұмыс.

-Дәптердегі туыстық ағашында берілген торкөздерге өз туыстарының суреттерін салыңдар.


Ғажайып сөздер

«Туыстарымызды сыйлаймыз.

Туыстармызбен татумыз.»



Балалар не сезінгендерін айтады.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

--Туыстар бір түбірден өскен алып ағаштың бұтақтары тәрізді екен. Барлығымыздың да туған-туысымыз бар. Бүгін сабақта туыстармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйрендік.


Балалар сұрақтарға жауап береді.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: туыстық қатынас туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.






















Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Отбасылық мерекелер»

Мақсаты: «Отбасы» құндылығытуралы түсініктерді кеңейту.

Міндеттері:

  • Отбасылық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.

  • Қуанышты көңіл күй сыйлау дағдыларын қалыптастыру.

  • Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, ватман, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, шарлар.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды шеңберге жинап, бір-біріне шар ұсынып, жылы сөздер айтады.

-Сәлеметсің бе Қарлығаш! Саған қуаныш тілеймін!

-Сәлеметсің бе, Айман! Саған бақыт тілеймін!

Балалар бір-біріне шар ұсынып, жылы сөздер айтады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу.

-Қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер?

-Сол мерекелрді қалай тойлайсыңдар?


Өзіммен-өзім

Үнтаспадан әдемі әуен естіледі. Балалар жайғасып отырып, көздерін жұмады. Не армандап отырғандарын айтады.


Дәйек сөз

«Көңілді үйде мейрам»


Ойын. «Шыршаны безендірейік».

Балалар Жаңа Жылға тілегін айтып, шыршаға ойыншықтарын іледі.


Дәптермен жұмыс

-Суретті бояп, отбасындағы Жаңа Жыл мерекесі туралы әңгімелеп беріңдер.




-Жаңа жыл. Туған күн.




Балалар неармандағанын айтады.



Қайталайды.




Ойын ойнайды.




Дәптердегі тапсырманы орындайды.


Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

--Туыстар бір түбірден өскен алып ағаштың бұтақтары тәрізді екен. Барлығымыздың да туған-туысымыз бар. Бүгін сабақта туыстармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйрендік.


Балалар сұрақтарға жауап береді.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: туыстық қатынас туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.




































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Отбасындағы қуаныш»

Мақсаты: «Бақыт», «қуаныш» құндылықтарының мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Отбасында үйлесімді қарым-қатынас дасауға үйрену;

  • Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамыту;

  • Отбасында өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, суреттер.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері. «Біздің шаңырақ»

Атамнан басталар,

Әдемнен қосталар.

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар,

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін!

Балалар өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Өзіммен-өзім

Балалар жайланып отырып, көздерін жұмады. Үйлерін елестеді. Үйдегі жағымды қарым-қатынастарын елестетіп отырып, не сезінгендерін айтады.


Әңгімелесу.

«Арұлан» әңгімесін оқып, сұрақтарды қою:

-Аружан інісінің қай ісіне сүйсініп, қалай еркелетеді екен?

-Арұланды неге пысық, тілаоғыш бала деп атайды?

-Арұланды ата-анасы қалай еркелетеді екен?

-Отбасында бір-біріңді қалай еркелетіп атайсыңдар?

-Арұлан отбасында жақындарын қандай істермен қуантады?

-Ал олар сендерді қалай еркелетеді?

Дәйек сөз

«Балалы үй базар»


Дәптермен жұмыс.

Дәптерде бейнеленген суреттерді бояу керек.


Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп алайық.


Ғажайып сөздер

Менің отбасым бақытты.

Отбасындағы әрбір сәтім қуаныш сыйлайды.

Менің отбасым тату.




Балалар көздерін жұмып, не сезінгендерін айтады.






Балалар сұрақтарға жауап береді.










Қайталайды.




Тапсырманы орындайды.




Қимылмен көрсетеді.




Сөздерді бірге қайталап, мағынасын түсінеді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

--Балалар бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауғ, құрметтеуге, оларға көмектесуге үйрендік.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Не үйренгендерін айтады. Сезімдерімен бөліседі.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: отбасындағы болатын қуаныштар туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.

















Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Достық неден басталады?»

Мақсаты: «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру.

  • Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету.

  • Достаса білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

-Амансың ба, достарым!

-Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бір-біріне қолдарыңды созып, шын жүректен мынадаы сөздермен сәлемдесейік: Сәлеметсің бе, Сәуле? Мен сенің досыңмын. Сәлеметсің бе, Амир? Мен сенімен достасқым келеді.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен жылы сөздер айтып амандасады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу.

-Сендер достық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-сендердің жостарың көп па?

«Үш жолдас» әңгімесін оқып сұрақтар қою:

-Қалай ойлайсыңдар, асыл жоғалтқан баланың достарының қайсысы шын, нағыз дос деп айта аламыз?

-Сендер олардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Дәйек сөз

«Достық асыл қасиет»


Дәптермен жұмыс.

-Балалар, барлығымыздың да достарымыз бар. Олар сүйкімді, әдемі, мейірімді, қайырымды. Өз достарыңды естеріңе түсіріп, суретін салып кріңдер. Содан кейін суретке қарап, достарың туралыәңгімелеп беріңдер.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз мейірімді баламыз!

Біздер тату боламыз.

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.


Ғажайып сөздер.

«Достар тату, мейірімді болады.»

«Достар бір-біріне көмектеседі.»


Балалар сұрақтарға жауап береді.




Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.



Қайталайды.




Ддәпетрдегі тапсырманы орындайды.





Қимылдармен көрсетеді.










Сөздерді бірге қайталап, мағынасын түсінеді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

-Біз бүгін достар туралы әңгімелестік. Енді достарымызды сыйлаймыз. Сонда ғана достығымыз берік болады.

Жүректен жүрекке

Менің досым батыр болса деймін.

Менің досым әдемі болса деймін.

Менің досым өтірік айтпаса екен деймін.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Не үйренгендерін айтады. Сезімдерімен бөліседі.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: достық туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.




















Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Адал дос»

Мақсаты: «Адалдық», «Адал дос» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Адал дос туралы түсінік беру.

  • Адалдық қасиеттерін дамыту.

  • Адал дос болуға тәрбиелеу.

  • Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе! Міне мен!

Доспын енді сенімен.


Шеңбер бойымен жүреді. Тоқтайды.

Қолдарын екі жаққа сермеп, қол алысады.

Ұйымдастыру-ізденістік

«Адал дос» әңгімесін оқып, сұрақтар қою:

-Екі баланың достығы неге адал, шынай деп атайды?

-Сен Абланның орнында болсаң, не істер едің?

-Сен досыңа достық көмегіңді қалай көрсетесің?


Дәйек сөз

«Адал дос алтыннан да қымбат»


Ойын. «Нағыз дос болайық!»

Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолдарнда жақсы қасиеттер аталғанда, алғабір қадам жасайды. Қуанышын білдіріп, қол соғады. Достықтың жараспайтын сөздерді айтқанда, балалар керісінше артқа бір қадам жасайды. «Бізде ондай бала жоқ» деп айтады.


Дәптермен жұмыс

-Мыссықтың ақ тиінге қалай көмектескені туралы айтып беріңдер. Суреттерді бояңдар.


Ғажайып сөздер.

«Достық жақсы қасиет»

«Мен адал, сенімді, мейірбан, жақсы доспын.»

Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.







Қайталайды.




Ойын ойнайды.









Тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

-Біз бүгін достар туралы әңгімелестік. Енді достарымызды сыйлаймыз. Сонда ғана достығымыз берік болады.

Жүректен жүрекке

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.қашан да, қайда да,

Достар бір-біріне,

Сенімді болмыз!

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Не үйренгендерін айтады. Сезімдерімен бөліседі.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: адал достық туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Достық бірлікте»

Мақсаты: «Достық», «бірлік» құндылықтарының мәнін түсінуге ықпал ету.

Міндеттері:

  • Қамқорлық, бірлік туралы түсініктерін кеңейту.

  • Достық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  • Айнала қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

  • Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балалармен шеңбер бойына жиналып, шаттық шеңберін бірге жасайды.

Шеңбер бойымен жүреді. Тоқтайды.

Шаттық шеңберін жасайды..

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. «Бірлік» әңгімесі.

Мәтінге қатысты сұрақтар қою.


Дәйек сөз.

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген мақалдың мағынасын түсіндіру.


Тыныштық сәті:

Балаларды орындықта отырып, денелерін бос ұстап, музыка әуенімен тыныштық сәтін сезінуге ұсыну.


Ойын. «Көпір».

Балалар лентаның(көпір) бойымен бір-біріне көмектесіп, көпірден өтулері тиіс.


Дәптермен жұмыс: суреттерді бояу.


Ғажайып сөздер:

Достық бірлікте.

Бірлік түбі – береке.



Мәтінді зейін қойып тыңдайды. Сұрақтарға жауа береді.

Не түсінгендерін айтады.


Тыныштық сәтін сезінеді.




Ойынды қызыға ойнайды.




Суреттерді бояйды.


Бірге қайталайды.



Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақта өткен бірлік туралы мағынасын сұрау.

Жүректен жүрекке

Балдырған баламыз,

Қашан да, қайда да,

Бір-бірімізбен,

Бірлікте боламыз!

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Не үйренгендерін айтады. Сезімдерімен бөліседі.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: бірлік,достық туралы түсінікті.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.







































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Менің үйдегі достарым»

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы түсінік беру.

  • Үй жануарларымен жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  • Жануарларға қамқорлықпен қарауағ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Әжесі мен Бағлан» әңгімесін оқып беру. Әжесі немересін қалай еркелетінін сұрау. Өздерін әжелері қалай еркелететіні туралы әңгімелесу.

Балаларға әдемі ойыншық мысықты беріп, балалар кезекпен мысықтың әдемілігін сипаттап, сипап, жылы сөздер айтады.

Балалар әңгімеге араласады. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.


Мысыққа жылы сөздер айтады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. «Ит пен мысық адамға қалай дос болды?» ертегісін оқып беру.

Әңгімеге қатысты сұрақтар қою.


Дәйек сөз:«Өмірдегі еңмаңызды нәрсе - достасу»


Тыныштық сәті

Балалар көздерін жұмып, таза ауаны терең дем алады, өздерінің тыныштықта дем алған әсерлерін бақытқа теңейді.


Ойын. «Аңдар әні».


Дәптермен жұмыс: «Менің кішкентай достарым» дәптерде берілген суретте бояу, әңгіме құрастыру.


Ғажайып сөздер:

Қамқорлық жақсы қасиет.

Жануарларға қамқормын.

Әңгімені мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.



Сөздерді бірге қайталайды.


Терең дем алады. Тыныштық сақтайды.





Ойынды қызыға ойнайды. Суреттерді бояйды, әңгіме құрастырады.




Ғажайып сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақта өткен жануарларға қамқор болу туралы үйрендік.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, ойыншық күшікте қолдарына алып, өз қамқорлықтарын айтады.


Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күшікке қамқор болатынын, оны тамақтандыратыны туралы айтады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: жануарларға қамқор болуды .

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.



































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Достық әлемі»

Мақсаты: «Достық» ұғымын, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Достық, татулық, бірлік ұғымдарын түсіндіру.

  • Өзара татулық сезімдерін дамыту.

  • Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.


Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарн бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. «Атасының ақылы» әңгімесін оқып беру.

Әңгімеге қатысты сұрақтар қою.


Дәйек сөз: «Адам достығымен күшті»


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.


Ойын. «Достық неден басталады, достыққа не жарасады?»

Шарты: допты ұстап алған бала достық туралы білгенін айтады.


Дәптермен жұмыс: достарына арналған ашықхат салу. Оны қиып алып, достық ағашына жапсыру.


Тыныштық сәті:

Балалар көздерін жұмып, таза ауаны терең дем алады, өздерінің тыныштықта дем алған әсерлерін бақытқа теңейді.


Шығармашылық ұжымдық жұмыс: «Достық шеңбері»

Алақандарын бояуға салып, үлкен ватманға қолдарының іздерін қалдыру.


Ғажайып сөздер:

Шынай достық қуаныш әкеледі.

Достарым көп болсын десең, өзің жақсы бол.

Әңгімені мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.


Сөздерді бірге қайталайды.


Қимылмен көрсетеді.





Ойныды қызыға ойнайды.




Достарына ашықхаттар сыйлайды.



Тыныштық сәтін сезінеді.




Түрлі түсті бояуға қолдарын бояп, іздерін қалдырады.




Ғажайып сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.


Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір-біріне жақсы лебіздер білдіреді.


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.



Шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы сөздер айтады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: досына қамқор болуды.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Сәлемдесе білемін»

Мақсаты: балаларға сәлемдесу, амандасу туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Балаларды сәлемдесе білуге үйрету.

  • Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

  • Әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеібері:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу.

Балалармен сәлемдесу, амандасу туралы әңгімелесу. Адамдар неліктен бір-бірімен амандасатынын сұрау. Балалар өздері үлкендермен қалай амандасатындары туралы сұрау.


«Сәлем берем үлкенге» өлеңін оқып беру. Өлеңде не туралы айтылғанын сұрау.


Дәйек сөз: «Сәлес сөздің – анасы»


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Ойын: «Қалай амандасу керек?»

Мақсаты: әдептілік ережелеріне баулу.


Дәптермен жұмыс:

Суретті бояп, суретке қарап әңгіме құрастыру.


Ғажайып сөздер:

«Сәлеметсіз бе?», «Амансыз ба?», «Ассаламағалеукүм!», «Уағалаейкүмассалам!», «Қош бол!», «Сау бол!», «Қош келдіңіздер!», «Төрге шығыңыз!»

Балалар сұрақтарға жауап береді.





Өлеңді тыңдайды. Не туралы айтып береді.


Мақалды қайталайды.





Балалар түрлі кейіпкерлермен амандасады.

Суренттерді бояп, әңгіме құрастырады.


Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.


Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне күлімсірей қарап, ойыншық жүрекшені ұсынып, «Кездескенше сау бол!» деп қоштасады.


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.



Шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы сөздер айтады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: кіммен қалай амандасатынын біледі.

Игереді: әдепті болуды.

Меңгереді: қонақтарды қарсы алуды.




























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Жақсылыққа – жақсылық»

Мақсаты: «Өзара достық», «жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Достық қарым қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

  • Үлкендермен, сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

  • Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар шңбер құрып, қол ұстасып тұрады. Өлеңді бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу:

«Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін оқып, әңгімеге қатысты сұрақтар қою.


Дәйек сөз: «Жақсылыққа – жақсылық адамдықтың белгісі». Мақалдың мағынасын балаларға түсіндіру.


Сергіту сәті: «Санайық жаңаша»

Санайық жаңаша,

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.


Ойын: «Жақсылық жасау үшін не керек?»

Балаларға адамның, құстардың, жануарлардың, өсімдіктердің суреттерін таратып, сол суретке қарап, олармен дос болу үшін не істейтіні туралы әңгімелеп беруді ұсыну.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.

Дәптермен жұмыс: достарының суретін салуды ұсыну.


Ғажайып сөздер:

Жақсылық ұмытылмайды.

Жақсылық жасау – жақсы адамның ісі.

Балалар тыңдайды. Балалардың жауаптары тыңдалады.


Бірге қайталайды. Мағынасын түсінеді.



(санайды)

(қолдарын шайқайды)

(саусақтарын біріктіріп, айқастырады).



Мысалы: мен құстарға жақсылық жасау үшін, оған үй жасап, жем шашып, қамқорлық көрсетемін.



Денелерін бос ұстап, тыныштықты сезінеді.


Сурет салады.




Сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.


Жүректен жүрекке

Әдеп сақтап, әманда,

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық,

Қайтарады саған да.


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.




Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: достықты қадірлей білуді.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.



























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Түсінісу мен кешіруді үйренеміз»

Мақсаты: «Кешірім», «өзара түсіністік» адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Кешірім, түсінісу сөздерінің мағынасын түсіндіру.

  • Балалардың жақсы қасиеттерін дамыту.

  • Өзара сенім мен түсіністікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын» деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«Мен қандаймы?» деп ойла.

Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу: «Неліктен ойнамайды?» әңгімесін оқып, балаларға оқылған әңгімеге қатысты сұрақтар қою.


Дәйек сөз:

Қандай рақат, жүрейік достар, күнде өстіп,

Ренжу деген, ренжу деген білместік!


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Ойын жаттығу: «Досыңды кешір!»

Балалар шеңберге тұрып, қалпақ киген бала көршісінен кешірім сұрайды. Көршісі кешіреді. Осылай қалпақ киген бала ауысып, барлығы бір-бірінен кешірім сұрайды.


Дәптермен жұмыс: «Достық ағашын» бояуды ұсыну.


Ғажайып сөздер:

Кешірім сұрау әдептілік.

Түсінісу – жақсы қасиет.


Балалар әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.



Сөздерді бірге қайталайды, мағынасын түсінеді.


Тыныштық сәтін сезінеді.



Балалар бір-біріне бұрылып, бір-бірінен кешірім сұрап, қол алысады.




Суретті бояйды.




Қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.


Жүректен жүрекке

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.



Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: бір-бірілерін түсініп, кешіреді.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.





























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Бәрі де татулықтан басталады»

Мақсаты: отбасы, сүйіспеншілік, татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Отбасындағы татулық туралы түсінік беру.

  • Отбсындағы өзара сыйластық, өзара түсіністіктерінің қалыптасуына ықпао ету.

  • Туған, өскен үйде тату болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, ойынға қажетті құралдар, үнтаспа.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Анам маған – үлкенді сыйла деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Балалар шеңбер құрып, өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. «Мейірім» әңгімесін оқып, тиісті сұрақтар қою.


Дәйек сөз:«Ата-анаңа құрметпен қара, әдеппен сөйле». Сөздің мағынасын балаларға түсіндіру.


Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың алдын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.


Ойын: «Ғажайып сандықша».

Әдемі сандықшаның ішіне отбасныың суреттері жасырынады. Көзі жұмылған бала бір суретті алып, сол отбасы мүшесін қалай құрметтейтінін, сыйлайтынын айтады.



Дәптермен жұмыс: дәптерге өз үйлерінің суреттерін салуға ұсынылады.


Ғажайып сөздер:

Үлкендерді құрметте.

Ата-анаңды сыйла, ренжітпе.


Сұрақтарға жауап береді.


Сөздерді қайталайды. Мағынасын түсінеді.



Қимылмен көрсетеді.

(күрек ұстаған...)

(қарды күреу...)

(құдықтан су алады.)

(шелекті көтеру...)

(еденді жуу...)

(шаңды сүрту...)


Ойынды қызыға ойнайды.

Отбасындағы сыйластық туралы айтады.



Тыныштықты сезінеді.



Өз үйлерінің суретін салады.



Сөздерді қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.


Жүректен жүрекке

Әкем, шешем және мен,

Тату-тәтті тұрамыз.

Сыйластықпен, махабатпен,

Сауық-сайран құрамыз!


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.



Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: отбасындағы сыйластық туралы біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.



























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Қонақ келсе – қуаныш»

Мақсаты: «Қонақжайлылық» ұғымы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Қонақ, қонақжайлылық туралы түсінік беру.

  • Жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  • Әдептілікке тәрбиелеу.

  • Көрнекіліктер: дәптер, үнтаспа, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірлерімен қолалмасып, амандасады, қайырымды сөздер айтады.

Балалар шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу.«Түлкі мен тырна» ертегісін балаларға оқып, тиіті сұрақтар қою.


Дәйек сөз:

«Қонақ келсе, құт келер».



Рөлдік ойын: «Қонақ күтеміз».

Балаларды екі топқа бөліп, бір топ қонақтар, екінші топ – үй иелері болып, рөлдерні ойнайды.

-қонақпен амандасады.

-Үйге кіргізеді.

-төрге шақырады.

-дастархан жайып қонақтарын күтеді.


Дәптермен жұмыс: қонақтарды қалай қарсы алатынын айтып, суретті бояйды.

Балаларға ертегінің мазмұнын айтып, сұрақтарға жауап береді.

Қайталайды.



Тыныштықты сезінеді.



Рөлдерге бөлініп ойнайды.



Қонақтарды қалай дұрыс қарсы алу дағдыларын үйренеді.


Суреттерді бояйды.


Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.


Жүректен жүрекке

Әкем, шешем және мен,

Тату-тәтті тұрамыз.

Сыйластықпен, махабатпен,

Сауық-сайран құрамыз!


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.



Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: қонақтарды күту туралы біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.





































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Мен көмекшімін»

Мақсаты: «Көмек, көмектесу» адамгершілік ұғымдарының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Көмек, көмектесу туралы түсінік беру.

  • Бір-біріне көмектесе білу дағдыларын қалыптастыру.

  • Бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен, ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!» деймін мен.

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. «Қолғанат»

Әңгімені оқып, тиісті сұрақтар қою.


Дәйек сөз:

«Бала ата-ананың қолғанаты». Сөздің мәнін түсіндіру.


Ойын-жаттығу. «Топтасып көрейік...»

Шеңбер бойындағы балалар бір-бірімен төмендегі белгілері бойынша топтасады:

-кімнің мысығы бар...

-ақ көйлектілер...

-тәттіні жақсы көретіндер...

Балалар топтасқан соң үнсіз қимылмен тапсырманы көрсетеді.

-ағаш аралау.

-алма жинау.

-суға түсу.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Дәптермен жұмыс: сурет бойынша әңгіме құрастыруды тапсыру.



Ғажайып сөздер:

Көмектің үлкен-кішісі жоқ.

Көмек көрсету – жақсы қасиет.


Ертегіні тыңдап, сұрақтарға жауап береді.


Қайталайды.



Топтарға бөлініп, берілген тапсырманы қимылмен үнсіз көрсетеді.




Қызығып ойнайды.






Тыныштықты сезінеді.



Әңгімені құрастырады.


Сөздерді қайталайды.


Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.


Жүректен жүрекке

Әкем, шешем және мен,

Тату-тәтті тұрамыз.

Сыйластықпен, махабатпен,

Сауық-сайран құрамыз!


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.



Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: қонақтарды күту туралы біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.



























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

Ересек тобы «____»_______________2015жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Мен шыншыл баламын»

Мақсаты: «Шыншылдық» ұғымдарының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Адалдық, шыншылдық қасиеттері туралы түсінік беру.

  • Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

  • Шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, ойыншық жүрекше.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет,

Адамдыққа сенемін!

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. «Төгілген қаймақ»

Әңгімені оқып, тиісті сұрақтар қою.


Дәйек сөз:

«Шыншыл бала – батыл бала». Сөздің мәнін түсіндіру.


Ойын «Айна»

Балалар ек топқабөлініп, бір-біріне қарама қарсы тұрады. Бір-бірінің қимылдарын қайталайды.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Дәптермен жұмыс: әңгіме мазмұны бойынша сурет салу.


Ғажайып сөздер:

Шыншыл бала – батыл бала.

Өтірік өрге баспайды.


Ертегіні тыңдап, сұрақтарға жауап береді.


Қайталайды.



Топтарға бөлініп, берілген тапсырманы қимылмен үнсіз көрсетеді.


Тыныштықты сезінеді.



Әңгімеге қатысты сурет салады.



Сөздерді қайталайды.


Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.


Жүректен жүрекке

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ажары,

Күліп өмір сүрейік.


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.



Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: адал, шыншыл болу туралы біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.





































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Мен елімнің кішкентай азаматымын!»

Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Отан, туған ел туралы түсініктерін кеңейту.

  • Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

  • Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет,

Адамдыққа сенемін!

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. «Менің Отаным»

Әңгімені оқып, тиісті сұрақтар қою.


Дәйек сөз:

«Отан деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл!». Сөздің мәнін түсіндіру.


Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп тоалмыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Дәптермен жұмыс: суретке қарап әңгіме құарстыру, суретті бояу.


Ғажайып сөздер:

Менің Отаным – Қазақстан.

Мен елімнің азаматымын.


Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.


Қайталайды.





Қимылмен көрсетеді.





Тыныштықты сезінеді.



Әңгімеге құрастырады, суретті бояйды.



Сөздерді қайталайды.


Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.


Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын айтады.


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.



Әнұран айтады..






Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отанын сүю туралы түсініктерін біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Менің отбасым»

Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

  • Отбасы туралы түсініктерін бекіту.

  • Отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту.

  • Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия, «Өзін өзі тану» әлемінің картасы, ойыншық жүрекше.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен, ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!» деймін мен.

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. «Менің отбасым»

Отбасы құндылықтары туралы әңгімелесіп,, тиісті сұрақтар қою.


Өзіммен-өзім.

Балаларға көздерін жұмып, әр балаға өз үйін, отбасын елестуін өтіну. Қандай сезімде болғандарын сұрау.


Дәйек сөз:

- Адамға ең қымбат – отбасы.

- Отбасы – сенің ең жақын адамдарың.

Сөздің мәнін түсіндіру.


Сергіту сәті. «Тату-тәтті отбасы»

Тату-тәтті отбасында 3 адам, 4 адам, 5 адам т.с.с. тұғанын айтып, балалар нұсқау бойынша тез топтасып тұрып, бір-бірлерімен құшақтасады.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Әңгімелесу. «Жанұя» өлеңін оқып, өлеңде не туралы айтылғанын сұрау.


Дәптермен жұмыс: дәптерде берілген үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салу.


Ғажайып сөздер:

«Адамға ең қымбат отбасы.»


Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.



Сезімдерін айтып береді.





Сөздерді бірге қайталайды..





Тыныштықты сезінеді.



Әңгімеге құрастырады, суретті бояйды.

Сұрақтарға жауап береді.


Отбасы мүшелерінің суреттерін салады.



Сөздерді қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.



Жүректен жүрекке

  • Менің отбасым ең тату отбасы.

  • Менің әкем ең мейірімді адам.


Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.



Балалар ойыншық жүрекшені бір біріне беріп, отбасы мүшелеріне сүйіспеншіліктерін білдіреді.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: отбасын сүю, қадірлеу туралы түсініктерін біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Менің сүйікті балабақшам»

Мақсаты: құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

  • Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға юарамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да, қаламыз.

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. Балабақша туралы әңгімелесіп, «Балабаша» деген атау не үшін берілгенін сұрау.

«Балабақшада» өлеңін оқып беру.

Балабашада не үйренетіндерін, балабақша несімен ұнайтынын сұрау.


Дәйек сөз:

«Сәбиіңімін сенің, балабақшам менің»

Сөздің мәнін түсіндіру.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Ойын. «Балабақша білді неге үйретеді?»

Балалар шеңбер бойымен тұрып, бастаушы допты бір балаға лақтырып, «Балабақша бізді неге үйретеді?» деп сұрақ қояды. Допты ұстаған бала жауап айтады.


Дәптермен жұмыс: балаларға өз балабақшаның суретін салып, сол туралы әңгімелеп беруге тапсрыма беріледі.


Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп, өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.


Ғажайып сөздер:

«Мен балабақшамды, өз тобымды, апайымды жақсы көремін»

Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.





Сөздерді бірге қайталайды..




Тыныштықты сезінеді.



Балалар : татулыққа, достыққа, мейірімділікке, бірлікке, ұйымщылдыққа, жақсылыққа деген жауап қайтарады.


Балабақшаның суретін салады, әңгімелеп береді.


Сөздерді қайталайды.

Өлеңге сай қимылдар жасайды.








Сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.



Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.




Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: балабақшада қызықты, көп нәрсе үйренуге болатыны туралы түсініктерін біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.













Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Табиғат – ана»

Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру.

  • Табиғатқа деген танымдық қызығушылықиарын дамыту.

  • Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия, «өзін-өзі» тану әлемінің картасы.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Біз сүйкімді баламыз!

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. Табиғат туралы әңгімелесіп, табиғат тақырыбына қатысты сұрақтар қою.

Табиғатты қорғау, аялау керектгі туралы айту.


«Табиғат – ана» әңгімесін оқып беру. Әңгімеге қатысты сұрақтар қою.


Дәйек сөз:

«Табиғат қорғау – Отанды қорғау»

Сөздің мәнін түсіндіру.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Ойын. «Табиғатпен сырласу»

Балалар арасынан «жолбасшы» тағайындалады. Балалар шеңберге бірінің артынан бірі тұрып, жолбасшының қимылын қайталайды.

Өзеннен өту.

Шалшық сулардан өту.

Ормандағы қалың ағаштардың арасынан өту.

Ашық алаңға жетіп, қуанып, демалады.


Дәптермен жұмыс: «Табиғат – ана» ертегісінң мазмұны бойынша сурет салып, әңгімелеп беруді тапсыру.


Ғажайып сөздер:

«Табиғат – ана».

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз».

Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.




Әңгімені тыңдайды.



Сөздерді қайталайды.




Тыныштықты сезінеді.




Ойынды қызығушылықпен ойнайды.








Берілген тапсырманы орындайды.




Сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.



Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.




Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғатқа қамқор болу туралы түсініктерін біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.



















Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Табиғат – денсаулық мекені»

Мақсаты: «Табиғат», «денсаулық» құндылықтары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Табиғат пен денсаулықтың өзара үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту.

  • Денсаулықты сақтау дағдыларын дамыту.

  • Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Армысың шапағатты Күн-Ана!

Армысың қайырымды Аспан-Ана!

Армсың мейірімді Жер-Ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!


Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. Үнтаспадан құстардың, сылдырап аққан судың, ағаштардың сыбдыры дыбысын балаларға естірту.


Күн, ауа, су не үшін қажет туралы әңгімелесу.


Ойын: «Не болар еді?»

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді, сөйлемді аяқтайды.

-Күн жоқ болса не болар еді...

-Ауа жоқ болса, н болар еді...

-Су жоқ болса, не болар еді...


Дәйек сөз:

«Тәні саудың – жаны сау»

Сөздің мәнін түсіндіру.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Дәптермен жұмыс: суретті бояп, әңгімелеп беру.


Ғажайып сөздер:

«Күн, су, ауа – біздің достарымыз».

«Күн, су, ауа – табиғаттың бізге берген сыйы».

Балалар көздерін жұмып тыңдайды, сезімдерін айтады.


Сұрақтарға жауап береді.


Сұрақтарға жауап береді. Сөйлемдерді аяқтайды.






Сөздерді қайталайды.




Тыныштықты сезінеді.



Берілген тапсырманы орындайды.


Сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.



Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.

Барлығымыз табиғатты сүйеміз!

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.




Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: денсаулықты сақтау туралы түсініктерін біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.



























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Табиғат және адам»

Мақсаты: табиғат пен адамның үйлесімдігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • табиғат пен адамның үйлесімдігі туралы түсінік беру.

  • Табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдысын дамыту.

  • Тазалыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы!


Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. Табиғатқа қандай жақсылық жасай алатындықтары туралы әңгімелесу.



Ойын: «Табиғатқа қалай көмектесе аламын»

Екі шеңбер сызылады. Балалар белгі бойынша бір шеңберден екінші шеңберге кіріп кетулері тиіс. Ұсталып қалған бала сұрақтарға жауап береді.


Дәйек сөз:

«Біз табиғатқа жауаптымыз»

Сөздің мәнін түсіндіру.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Дәптермен жұмыс: суретті бояп, әңгімелеп беру.


Ғажайып сөздер:

«Табиғат – айнала қоршаған әлем».

«Адаидар – табиғат бөлшегі».

Балалар көздерін жұмып тыңдайды, сезімдерін айтады.




Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Ұсталған бала сұрақтарға жауап береді.


Сөздерді қайталайды.




Тыныштықты сезінеді.



Берілген тапсырманы орындайды.



Сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.



Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.

Таза ауа саған рақмет!

Жер саған рақмет!

Су саған рақмет!

Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.




Балалар шеңберге тұрып, сөздерді қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғатты қорғау туралы түсініктерін біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл



Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Наурыз – жақсылықтың бастауы»

Мақсаты: «Жақсылық», «Үйлесімділік» құндылықтарының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Наурыз мерекесінің ерекшелігін түсіндіру.

  • Жақсы қарым-қатынастарын дамыту.

  • Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Наурыз келді балалар,

Көктеді қыр жағалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жылда ағалар.


Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. Наурыз мерекесінің басқа мерекеден ерекшелігін, отбасында қалай тойлайтындарын сұрау.


Дәйек сөз:

«Наурыз – Жыл басы, береке бірліктің, ізгілік пен татулықтың, қайырымдылықпен кешіріліміділіктің, бауырмалдықтың мерекесі»

Сөздің мәнін түсіндіру.


Әңгімелесу. «Талшыбық» әңгімені оқып, тиісті сұрақтар қою.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Дәптермен жұмыс: сурет бойынша әңгіме құрастыру. Бояу.


Ғажайып сөздер:

«Наурыз – жақсылық, тазалық, қауныш мерекесі».

Балалардың жауаптары тыңдадып, қорытындыланады.


Сөздерді қайталайды.







Әңгімені тыңдайды.



Тыныштықты сезінеді.



Берілген тапсырманы орындайды.



Сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.



Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.

Ақ көп болсын!

Жақсылық мол бослын!

Береке-бірлік болсын!

Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.




Балалар шеңберге тұрып, сөздерді қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: наурыз мерекесі туралы біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.































Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Мен Отанымды сүйемін»

Мақсаты: «Отан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Отан туралы түсініктерін кеңейту.

  • Патриоттық сезімдерін дамыту.

  • Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия, «өзін-өзі тану» әлемінің картасы.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен,

Қазақстан – туған ел!


Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. Дәптерлерін ашып, Отан туралы суреттерге қарап, әңгіме құрастыру. Отан сөзін қалай түсінетіндерін сұрау.

«Сенің Отаның» өлеңін оқып беру.

«Отан деген...» әңгімесін оқып, тиісті сұрақ қою.


Дәйек сөз:

«Отаншыл болу отбасынан басталады.»

Сөздің мәнін түсіндіру.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Ойын: «Жылы сөздер»

Балалар шеңберге тұрып, Отан туралы жақсы, жағымды сөздер айтады.


Дәптермен жұмыс: Отан туралы сурет салып, әңгімелеп береді.


Ғажайып сөздер:

«Мен Отанымды сүйемін.

Отаным – мақтанышым.і».

Балалардың жауаптары тыңдадып, қорытындыланады.






Сөздерді қайталайды.




Тыныштықты сезінеді.



Жылы сөздер айтады.




Берілген тапсырманы орындайды.



Сөздерді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.



Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.

Отанды бәрі анасындай,

Қастерлейді бағалап,

Өйткені Отан баласындай,

Бізді өсірер аялап.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.






Балалар шеңберге тұрып, сөздерді қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отан туралы түсініктерді біледі.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.





























Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы:«Ризамын, саған, «өзін-өзі тану» әлемі»

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» сабақтарынан алған білімдерін бекіту.

Міндеттері:

  • «Өзін-өзі тану» сабақтарында алған білімдерін, іскерліктерін қорытындылау.

  • Балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету.

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия, «өзін-өзі тану» әлемінің картасы.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Ризамын саған,

«Өзін-өзі тану әлемі».

Ризамын саған,

Дәптерім менің әдемі.

Ризамын саған,

Өзін-өзі тану әлемі.

Сүйеміз біз,

Қоршаған бар әлемді.


Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Әңгімелесу. Өткен сабақтарды еске түсіріп, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасына назар аударып, аялдамаларды атап шығады. Тәрбиеші көмегімен әр аялдамада не үйренгендерін сұрайды.

«Өзіңді тану» өлеңін оқып беру. Жақсы мен жаманның айырмашылықтарын сұрау. Талдау жасау.


Ойын: «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?»

Балаларға адамдардың, құстардың, сіу сыбдырының дыбыстарын балаларға естірту. Табтғатпен дос болу үшінне істеу керектігін сұрау.


Дәйек сөз:

Ақылы бар баланың,

Айтқан тілід аласың.

Намысты болып өссең сен,

Нағыз адам боласың!

Сөздің мәнін түсіндіру.


Тыныштық сәті: балалар орындаққа жайғасып отырып, көздерін жұмып, тыныштықты сезінеді.


Дәптермен жұмыс: Отан туралы сурет салып, әңгімелеп береді.


Ғажайып сөздер:

«Мен жақсы баламын,

Мен өз Отанымды жақсы көремін.

Достарымды сыйлаймын.

Табиғатты қорғаймын.

Менің отаным – Қазақстан.».

Өткен сабақтарды естеріне түсіреді.


Өлеңді тыңдап, не туралы айтып береді.








Қызығып ойнайды.






Сөздерді қайталайды.







Тыныштықты сезінеді.



Берілген тапсырманы орындайды.



Өлеңді бірге қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақ барысында қандай жаңа сөздер үйренгендерін сұрау. Не сезінгендерін сұрау.



Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге!

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге! (2 рет)

Ризамын, ризамын, риазымн бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Балалар сұрақтарға жауап береді. Сезімдерімен бөліседі.






Балалар шеңберге тұрып, сөздерді қайталайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: өткен сабақтарды естеріне түсіреді, сұрақтарға жауап береді.

Игереді: жағымды қарым-қатынас жасай білуді.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді.









Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Мен ерекше баламын»

Мақсаты: Балалардың өзіндік «Менің» дегенді ұғындыру. Өздерін тануға, өз ерекшеліктерін нені білу керекке үйрету.

Көрнекіліктер: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, бір-біріне күлкі сыйлайды.


Балалар үлкен шеңбер құрады.


Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Әңгімелесу:

Балаларды отырғызып, дәптердегі «Өзін-өзі тану» әлемінің картасына назар аудартады.

Балаларға сұрақтар қояды. «Менің», әр балада өзіндік ерекшелігі болатынын түсіндіру.

Ойын. «Сиқырлы қоржын»

Қоржынның ішінен бала өзі ойыншығын таңдап алады. Алған ойышықтың ерекшелігін айтады.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі жұмыстысты түсіндіреді.

Сергіту сәті.

Ғажайып сөздер: сүйіспеншілік, мейірім, қуаныш, жылулық.

Балалар дәптер мен хрестоматия мен танысады.


Сұрақтарға жауап береді.


Ойынды қызыға ойнайды.


Дәпетрге қарап, сұраққа толық жауап береді.

Қимылмен көрсетеді.

Қайталайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.

Жүректен жүрекке:

Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші күлімдеген ойыншық жүрекше бейнесін көрсетіп, оның сүйіспеншілік жүрегі екенін айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Жүректі бір-біріне ұснып:

-Айнұр мен сені жақсы көремін.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: бала өзін ерекше екенін біледі.

Игереді: бір-бірін ренжітпеуді.

Меңгереді: бір-біріне жылы лебіздер айтып, күлімсіреп қарауды.

Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Отбасым – бақыт мекені»

Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсінікерін кеңейту, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия, отбасылық суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып, бір-біріне қуаныш сыйлайды.

Балалар үлкен шеңбер құрады.


Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Әңгімелесу:

Балаларға отбасылық суреттерді көрсету, өз отбасы туралы әңгімелесу.

Отбасы туралы тақпақтарды естеріне түсіру.


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі жұмыстысты түсіндіреді.

Ғажайып сөздер:

- Адамға ен қымбат – отбасы.

- Отбасы – сенің ең жақын адамдарың.

Сергіту сәті. «Тату-тәтті отбасы»


Өз отбасылары туралы әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап береді.

Тақпақтарды қайталайды.

Берілген тапсырманы орындайды.

Қайталайды.

Қимылмен көрсетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.

Жүректен жүрекке:

Балалар шеңберге тұрады.

- Менің отбасым – ең тату отбасы.

- Менің атам мен әжемді жақсы көремін.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Бірбіріне өз отбасын қалай жақсы көретіндерін айтады.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: бала отбасының мүшелерін біледі.

Игереді: бір-бірін сыйлауды, қадірлеуді игереді.

Меңгереді: бір-біріне жылы лебіздер айтады.









Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Балдырған» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Менің тәрбиешім»

Мақсаты: балалардың тәрбиеші апайларын деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Балабақшадағы тәрбиешіге деген құрмет сезімдерін дамыту, өзара сыйластыққа , қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия, балабақшаның суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып, тәрбиеші туралы тақпақ жаттайды.

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Әңгімелесу:

Балаларға сүйікті балабақшасы туралы әңгімелесу, тәрбиеші балаларға не үйрететіндері туралы сұрау.


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі жұмыстысты түсіндіреді.

Ғажайып сөздер:

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көпке қолды созамыз.

Өз балабақшасы туралы әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап береді.


Берілген тапсырманы орындайды.


Қайталайды.


Қимылмен көрсетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.

Жүректен жүрекке:

Балалар шеңберге тұрады.

- Мен балабақшамды, өз апаймды жақсы көремін.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Бірбіріне өз апайларын қалай жақсы көретіндерін айтады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: татулыққа, достыққа, бірлікке балаларға үйрететін тәрбиеші екенін біеді.

Игереді: бір-бірін сыйлауды, құрметтеуді игереді.

Меңгереді: балалар балабақшаны, өз тобын, тәрбиешісін сыйлау керектігін меңгереді.





Ұйымдастыру кезеңінің іс-әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «____»_______________20__жыл


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Жүрегімде жақсылық»

Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгешілік құндылық ретінде мәнін ашу. Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. Өзін және айналасын сүюге, жақсы қөруге деген ниеттерін ояту. Қоршаған ортаға жақсылық жасай білу керегіне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дәптер, хрестоматия.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Әңгімелесу:

Балалар бір-біріне жақсылық жасау керектігін, қол ұшын беріп, көмектесу керектігі, біреуге жақсылық жасасаң, өзіне мол бақыт пен қуаныш сезімдерін әкелетінін түсіндіріп, әңгіме құрастыру.


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі жұмыстысты түсіндіреді.

Ғажайып сөздер:

«Жақсылыққа – жақсылық адамдықтың белгісі»


Ойын: «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?»

Тәрбиеші балаларға мысал ретінде құстарға жақсылық жасау үшін оған ұя жасап, жем шашып, қамқорлық көрсету керек екенін айтып өтеді. Балалар әр түрлі жағдайға байланысты өз ойларын айтады.

Сергіту сәті.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.


Өз балабақшасы туралы әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап береді.





Берілген тапсырманы орындайды.


Қайталайды, мағынасын түсінеді.



Ойынды ойнайды.

Өз ойларымен бөліседі.






Қимылмен көрсетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлерін сұрау.

Жүректен жүрекке:

Балалар шеңберге тұрады. Бір-біріне жымия қарап, әдемі күлкілерін сыйлап, өлең жолдарын қайталайды.

Әдеп сақтам әмамда,

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық,

Қайтарады саған да.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Бірбіріне өз апайларын қалай жақсы көретіндерін айтады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: жақсылық жасау жақсы адамның ісі екенін біледі.

Игереді: балалар адамға, құстарға, олармен дос болуды игереді.

Меңгереді: бір-бірін сыйлауға, әдеп сақтауға, жақсылық жасауды меңгереді.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!