Басы | 1Ұйымдастыру. «Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері.Балалар бір-біріне жмиып күлу арқылы ,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды. Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Жедел жауап» әдісі | Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару. Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды. | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Психологиялық ахуал. Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары. |
Ортасы | Сызық пен штрих жайында видеоролик қарау Жаңа сабақ. Натюрморт жанрын жеке - жеке түсіндіре кетсек, "жанр" - француз сөзі"түр" немесе "тек" деген мағынаны білдіреді. "Натюрмот" - француз сөзі "өлі табиғат" деген ұғымды білдіреді. Нотюрморт алғаш XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде XVII ғасырда Батыс елдерінде қолдау тауып, кеңінен дами бастады. Қазақстан суретшілерінің көркем шығармашылығынан да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Айтар болсақ, А.Ғалымбаева, Г.Исмайылов, Н.Нұрлыбаев т.б. еңбектері. Натюрморт жанры бізді қоршаған ортада кездесетін заттарды, жемістерді, гүлдерді т.б. бейнелейді. Суретшілердің салған натюрморттарынан онда бейнеленген заттардың ерекшелігін, әсемдігін көре аламыз. Адамдар көбінесе айналасындағы заттардың әсемдігін байқамайды. Ал суретші олардың сұлулығын өзі ғана байқап қоймай, басқалардың да оған назарын аударып, сұлулығына тамсануына мүмкіндік береді. Суретші қозғалмайтын, жансыз денелерді бейнелеп натюрморт құрастырады. Натюрморт бірнеше заттар мен әр түрлі нәрселердің жиынтығынан тұрады. Әрқашан натюрморт орындауда жалпыдан жекеге көшу принципін және тепе- теңдік принципін ұстау керек. Заттар жинақы әрі үйлесімді болуы керек. Натюрмортты сауатты салуға үйрету ең басты мәселе болып табылады. Натюрморт салғанда ең алдымен берілген натюрморттың нобайын қағаз бетіне қарындашпен белгілейміз. Қағаздың жан- жағынан орынның көп қалмауын ойластырған жөн. Пішінін шамамен белгілеп алып, содан кейін ұсақ бөліктерін көрсетуге көшу қажет. Суретте жарық пен көлеңкені бейнелеуге кірісерде заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын, қай жерлері көлеңке екені анықтап алудың маңызы зор. Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі.Заттың сыртқа бетінің түсі оның өңі деп аталады. 1) Заттың сәуле түскен жағы жарық деп, 2) ал қарама-қарсы жағы көлеңке деп, 3) Бір заттың екінші заттың бетіне түсетін көлеңке түспе көлеңке деп аталады. 4) Жарықтан көлеңке ауысар жағын жартылай көлеңке деп, 5) Заттың ең жарық жері жылт деп аталады. Практикалық жұмыс. Оқушылар тақтадағы натюрмортқа қарап суреттін салады. Оқушылар натюрмортты альбомды тігінен қойып, қарындашпен жеңіл, қатты баспай рет- ретімен суретін салады. Оқушылардың жұмысына бақылау жасап, қателері болса түзету жолын үйретіп отырамын. Сабақты бекіту -Қозғалмайтын әр түрлі заттар, жемістер. т.б. бейнеленетін жанр. - Натюрморт салу кезде қанша кезеңнен тұрады? - Құмыра мен кесе неден жасалады? - Құмыра мен кесені салуда нені ескеру керек? Сабақты қорытындылау. Натюрмортты орындау оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытады. Шығармашылық ізденісін, байқағыштығын, білімділігін арттыра-ды. Оқушылардың әсемдікті сүйе білуге, әдемілікті бағалауға үйретеді. Балалардың жұмысын тексеріп, бағалаймыз. (галереяға саяхат, суреттер ілініп бағаланады) Дескрипторы: Тапсырманы дұрыс ережеге сай орындайды.. Кері байланыс. Не сіздерге түсініксіз болды? Үйге тапсырма.Суретті аяқтап келу. | Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды. Белсенді оқу тапсырмалары(ұжымда) Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Оқылым, жазылым тапсырмалары. |