Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбайұлы»
Абай-САЗГЕР
“ Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй. ”
АБАЙ
880
АБАЙДЫҢ ӘНДЕРІ
- «Көзімнің қарасы»
- «Айттым сәлем, қаламқас»
- «Желсіз түнде жарық ай»
- «Қараңғы түнде тау қалғып» (Гётеден)
- «Татьянаның әні» (Пушкиннен)
Көзімнің қарасы
Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы. Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
«Бар» демес сендей бір, Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде, Қалқама сөз дайын. Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.
Айттым сәлем, қаламқас
Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғанда сені ойлап, Келер көзге ыстық жас. Сенен артық жан тумас, Туса туар артылмас.
Бір өзіңнен басқаға, Ынтықтығым айтылмас. Асыл адам айнымас,
Бір бетінен қайырылмас. Көрмесем де, көрсем де, Көңілім сенен айрылмас.
«Желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаны – терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп. Қалың ағаш жапырағы, Сыбырласып өзді-өзі. Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.
Қараңғы түнде тау қалғып (Гётеден)
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,
Түн басады салбырап. Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
Татьянаның әні (Пушкиннен)
Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең.
Талақ етіп бұл ғаламды, Болды мәлім кеткенің. Кінәсы жоқ жас адамды, Қатты соққан не еткенің?
Елжіреген жас емес пе ем, Еппен айтсаң жұбатып. Мен ғашыққа мас емес пе ем, Кетсең еді ұзатып.
Сен жаралы жолбарыс ең, Мен киіктің лағы ем. Тірі қалдым, өлмей әрең, Қатты батты тырнағың.